1билет Рефлексия


$$ билет 1) Қалыптастырушы бағалау нәтижелерінің талдауы



бет16/19
Дата15.12.2021
өлшемі181,9 Kb.
#101536
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
жанартылган 11-15
0003a94d-97a4a911 (1), Презентация география
$$$15 билет
1) Қалыптастырушы бағалау нәтижелерінің талдауы

Қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру кезіндегі маңызды кезеңдердің бірі – білім алушылар жұмыстарының нәтижелеріне талдау жасау. Мұғалімге барлық оқу үдерісінде бағалау/бақылау нәтижелеріне жүйелі талдау жүргізу ұсынылады. Мысалы, қалыптастырушы бағалау нәтижелеріне толық талдау жүргізу үшін мұғалім арнайы құрастырылған бақылау парағын қолдануына болады. Қалыптастырушы бағалау нәтижелеріне талдау жасау білім алушыларда кездесетін қиыншылықтар туралы ақпарат алуға, оның алдын алу шаралары туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Мысалы, тексерілген жұмыстардың нәтижесіне талдау жасау:

  • белгілі бір тапсырмалар қиындық тудыратын балалар тобын;

  • бөлім, тақырыптар бойынша қиындықтар туындайтын жеке білім алушыларды;

  • білім алушылар үшін аса күрделі, қиын сұрақтар, тапсырмалар, тақырыптарды айқындап береді.

Нәтижелерге талдау жасау мұғалімдердің тәжірибесіне оң әсер етуі үшін:



  • әрекет ету мен шешімді талап ететін нақты, маңызды, тәжірибелік бағыттағы мәселелерді анықтау;

  • орындалған тапсырмалар мен нақты мақсаттарға жету үшін талдау жүргізу;

  • талдауда дәйектерді, дәлелдерді негізге алу;

  • шешімнің сыни нұсқаларын қарастыру, яғни, мәселені шешудің жоспарлылығын, баламалылығын (альтернативтілігін), жетістігін, кемшілігін, жақсы және нашар жақтарын талдау;

  • мәселені шешу, кемшілікті жою үшін өз тәжірибесін нақты қалай өзгертуге болатыны туралы іс-әрекеттің толық жоспарын құрастыру;

  • талдау нәтижелерін тіркеуде қысқа, түсінікті стильді ұстану (күнделік, портфолио, мақала, таныстырылымдар және т.б.);

  • ұжымда өз әрекеті нәтижелерімен бөлісу;

  • ұжымға көмектесу, білім алушылардың қажеттілігіне бағыттай отырып, сабақтастықты сақтай отырып жүйелі талдау жүргізу ұсынылады.

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет