1.Әлеуметтану: ғылымға кіріспе және басты ұғымдарды тұжырымдау «Әлеуметтану»



бет1/4
Дата15.09.2023
өлшемі20,38 Kb.
#181197
  1   2   3   4
Байланысты:
stud.kz-111692
практика 4, Ет консервілердің жіктелуі және ассортименті, AUES Ungarov, Жанбараков Ж..... 7 СРС, Физика. Тәжірибелік сабақ. №1, aidos ezh zhogary matematika1 2, консерв окулык, 4 наука, Кәсіпкерлік 5, Ақпарат түсінігі ЦТ срсп, физиология, 1топ Осн биотех 9практ, 9 БӨЖ, Виртуальный лабораторный практикум по дисциплине База данных, семестрлик жумыс Толегенова Асем

№1 аралық бқылау сұрақтары
Нурғанатқызы Томирис 126 топ
1.Әлеуметтану: ғылымға кіріспе және басты ұғымдарды тұжырымдау
«Әлеуметтану» ұғымы латын тілінің «Societas» қоғам және гректің logos – ілім, ұғым деген сөзінен шығады.
Әлеуметтану ғылыми білімнің дара саласы ретінде біршама кеш қалыптасты. Оның негізін XIX ғасырдың екінші жартысында Огюст Конт пен Герберт Спенсер қалады. «Әлеуметтану» түсінігі алғаш рет француз философы әрі социологы О.Контпен қолданылды. Қоғам мен әлеуметтік өмір жөнінде ғылым ретінде түсіндірілді. Әлеуметтану пәнінің қалыптасауы мен дамуы әлеуметтік қатынастардың өз аспектісінде қарастыратын, көптеген жаңа әлеуметтік концепциялардың пайда болуы арқылы жүзеге асты. Жалпы бұл теориялар өзінің теоретикалық-әдістемелік мағынасы бойынша бір-біріне қайшы келді, бірақ әлеуметтанудың ғылым ретінде тарихи қалыптасуына әр теориялардың ролі айрықша келеді. Яғни, әлеуметтану қоғамның пайда болуының, ондағы әлеуметтік байланыс, қатынастардың, алуан түрлі әлеуметтік адам бірліктерінің, ұйым, мекемелерінің, институттардың, құбылыстардың, процестердің дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Әлеуметтану пәнінің басты міндеті - әлеуметтік жүйелерді типологизациялау яғни, ортақ белгілеріне қарай жіктеу, топтау, әрбір әлеуметтік объектінің байланысы мен қатынастарын заңдар деңгейінде зерттеу – бұл заңдылықтардың әрбір әлеуметтік жүйесін басқару, оның тәртібін реттеу, оның іс-әрекет, қызмет ету тетіктерін анықтау болып табылады. Сонымен, әлеуметтік - әлеуметтік байланыс пен қатынастарды ұйымдастырудың негізгі бастамасы ретінде болса, ал, әлеуметтік заңдылықтар бұлардың мәні мен мазмұнын түсінудің негізі болып есептеледі.
«Әлеуметтік» деген ұғымға ғылыми терең анықтама, түсінік берген К.Маркс пен Ф. Энгельс болды. Олар қоғамды, ондағы үдірістер мен қатынастарды зерттегенде екі ұғымды қолданды. Бірі – «қоғамдық» , екіншісі – «әлеуметтік», Маркс пен Энгельс қоғамның әр салаларының байланысы туралы әңгіме еткенде «қоғамдық», «қоғадық қатынастар» ұғымдарын, ал, адамдардың бір-бірімен қатынастарының табиғатын, мазмұны мен мәнін, олардың қоғамдағы жағдайын, ондағы оның алатын орнын, рөлін меңзегенде «әлеуметтік» ұғымын кең қолданып, осыған, сәйкес «Әлеуметтік қатынастар» ұғымы туралы айтқан.
Маркс пен Энгельс еңбектерінде кейде «әлеуметтік» ұғымы «азаматтық» ұғымымен алмастырылған. «Азаматтық » деген ұғымды олар қоғамдағы адамдардың белгілі бір байланыс пен қатынастарын зерттеуде қолданып отырған. Ал, батыс елдерінде Маркс пен Энгельстің жолын ұстаушылар «қоғамдық», «әлеуметтік», «азаматтық» ұғымдарын одан әрі шатыстырды. Бұл жерде біз «әлеуметтік» ұғымының мазмұнын терең түсінуіміз керек.
«Әлеуметтік» дегеніміз, нақтылы қоғамдағы қоғамның жиынтығы. Бұл қатынастардың жиынтығы жеке тұлғалар мен олардың белгілі бір тобының белгілі бір кеңістікте, уақытта іс - әрекеттерінде атқарған қызметтерінде байқалады. Қандай да бір қоғамдық қатынастардың жүйесі (мысалы, экономикалық, саяси, т.б.) әр уақытта адамдардың өзара қарым – қатынасынан және қоғамға қатынасынан көрінеді. Сондықтан әрбір қоғамдық жүйенің әлеуметтік жағы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет