1.Әлеуметтанудың объектісі және пәні


Маркс Вебер (1864-1920ж.ж)



бет2/2
Дата07.02.2022
өлшемі19,56 Kb.
#85834
1   2
Байланысты:
Ысқақ Мағжан социология

Маркс Вебер (1864-1920ж.ж) – батыстың ірі әлеуметтанушысы.Қазіргі әлеуметтану ғылымы М.Вебердің ой-тұжырымдарымен көп санасады.Оның әлеуметтану теориясы позитивистік теорияға қарсы шығу кезеңінде пайда болды.Ол әлеуметтанудың өзгешелігін жақтай отырып,адам іс-әрекетін, қимылын «түсіну, ұғыну» теориясын қалыптастырады.
М.Вебердің пікірінше, әлеуметтану қоғамның әлеуметтік –тарихи құбылыстарының субьективтік жақтарын, нақтылы айтсақ, адамның іс-әрекетінде, қызметінде оның қажеттілігін, мақсатын, т.б. әр уақытта ескеріп отыру керек.Оның басты міндеті – адамдардың іс-әрекетінің, қимылының мәнін, мағынасын, мазмұнын терең түсіну, ұғыну болып табылады.
6.Әлеуметтанудағы эмпирикалық зерттеу түсінігі.
Эмпирикалық зерттеу (эмпирикалық әдістер) – зерттелетін мәселе бойынша нақты материалды жинақтау және құбылысты тіркеу, оларды тізімдеу, сыртқы байланысын айқындау, қабылданған ұғыммен белгіленген деректерді қорыту үшін қызмет ететін эмпиристік таным мен құбылыс шындығын зерделеу амалдары, рәсімдері мен операциялары, ғылыми-зерттеу міндеттерін шешу тәсілдері.
Эмпирикалық әдістер тек қана тікелей ақпаратты (жинау) қабылдауды ғана емес, сондай-ақ қордалануды, жіктеуді және зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық теория құру үшін бастапқы материалды жинақтауды да қамтамасыз етеді. Олардың жалпы сипаты- нақтылықпен тікелей байланысты болғандығында.
Эмпирикалық әдістерге мыналар жатады:
- мағлұматтарды жинақтау (бақылау, әңгімелесу, сауалнама, тестілеу, сұхбаттасу, құжаттар мен іс-әрекет нәтижелерін талдау, оқытушы жұмысы тәжірибесін талдау және т.б.) жатады;
- бақылау мен өлшеу әдістері (шкалалау, тестілеу және т.б.);
- педагогикалық үрдісті өзгертілген және нақты ескерілген жағдайда зерттеу (педагогикалық эксперимент, зерттеу нәтижелерін мектеп жағдайында тексеру).
7.Әлеуметтік мәліметтерді жинау
Материал-әлеуметтік әдістерге ыңғайластырылған әдістемелік сипаттағы әлеуметтік мәліметтерді жинауға мүмкіндігі бар (анкета, бланк интервью, әлеуметкарта, бақылау карточкасы және т.б.).
Социологияда ақпарат алудың маңызды құралы, көзі және әдісі, құжаттары болып есептеледі. Социологияда құжат деп ақпаратты сақтау және жеткізу үшін адамның арнайы жасаған затын айтады. Құжаттарда жеке адамның, ұжымның, халықтың үлкен тобының және жалпы қоғамның қызмет процестері мен оның нәтижелері жөнінде мағлұматтар жинақталады. Сондықтан олар зерттеушілер үшін аса маңызды. Құжаттарды түріне қарап бес топқа бөледі.
Бастапқы құжаттар тікелей бақылаудың немесе сұрақ-жауаптың негізінде алынған мәліметтер; екінші қатардағы құжаттар, яғни бастапқы құжаттарды сипаттаушы немесе қорытындылаушы.
Қазіргі заманда әлеуметтануда өзі кешенді қолданатын арсеналды көп түрлі бақылау әдістері бар. Негізгі әдістер: ақпарат жазба көзінің талдауы (құжаттар), бақылау, сұрау жүргізу әдістері.
Социологияда кеңінен қолданылатын әдістің бірі сухбаттасу, ол ақпаратты алу әдісі. Сұхбаттасуды қойылған сұрақтар нақты, мазмұнды, мақсатты, тұжырымды болуы шарт. Ол жұмыс, оқу т.б. қызмет орындарында жүргізіледі. Респондент болып кімдердің қатысуына қарай сұхбат топтық және жеке адамдық деп бөлінеді. Топтық сұхбат шағын топтарда жүргізіледі де топтың, жеке адамның ой-пікірі, ұстаған бағыты анықталады. Сұхбаттың бұқаралық түрі де бар. Оған телефонмен сұхбаттасуды жатқызуға болады. Телефондық сұхбаттың сұрақтары қысқа және тұжырымы барынша қарапайым болуы шарт.
Сұрау жүргізу - 2 негізгі түрде жүргізіледі: сұхбат пен анкеталық сұрау. Сұхбат стандартталған пішінде жүреді. Шынында бұл да анкета, тек қана сұхбат береді. Осылай ол сұралатын адамның реакциясына қарай өзі дәл түсіністікке ие болуы үшін сұрақты анықтайды. Осыған қоса, сұранатын адамның жауаптарының барлық нюансын ескерілуі қажет. Бұның бәрі сұхбаттың әлеуметтік ақпараттың дәлдігінің жоғары болу әдісі ретінде әсерлі болуына жағдай жасайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет