1практика Жоспар: Халық ауыз әдебиеті-балалар әдебиетінің бастауы. Халықтық бесік жырларының мазмұны



бет5/6
Дата08.02.2022
өлшемі72,11 Kb.
#118704
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1практика Халық ауыз әдебиеті
5 менеджмент, 5 менеджмент, 1практика Халық ауыз әдебиеті, 1488274886443 (2)
Басында керегенің үрген қарын,
Көтердім балуандықпен соның бәрін.
Түйеге төстеп барып қойғанымда,
Мертікті көтере алмай қара нарым.
Үрген қарынды балуандықпен ғана көтеру, оны көтере алмай қара нардың мертігуі- өмірде болмайтын құбылыс.
Өтірік өлеңнің мақсатына жетуі - оны тыңдаушы адам өмірде мұндай іс кездеседі деп айта алмайтын болуында.
Сонымен қатар нақтылы шындықтан алынған жанды- жансыз деректерді тыңдаушыға қызық, күлкілі түрде жеткізген. Бұлардың бәрін жыршы ақын өз атынан, өзін қатыстыра айта отырып, адам сенбестік күлкілі әңгімелер тудырған. Нақтылы деректерді мол шеберлікпен үдеген фантастикалық дәрежеге жеткізу , адамның ойына келмейтін «өтірік» әігімеге айналдыру қазақ ауыз әдебиетіндегі өтірік өлеңдер түрінің негізігі бір ерекшелігі болып табылады.
2 Бесік жыры» және ондағы эстетикалық идеал.
Адам баласы тарихында ауыз әдебиетінің алтын ұрығы- жыр, өлеңнің бірінші бастамасы « Бесік жыры» десек, қателеспеген болар едік. Бесік жырында қазақ қауымының балаға деген ең ізгі сүйіспеншілігі, тілегі , халықтың шешендігі мен арманы, эстетикалық идеалы бейнеленген .Оның сөз жүйесі мен ырғағы , мән – мағынасы аса ұқыпты. Ана сәбиді тербете отырып « бесік жырын» айтады. Ересектеу баласына бөбекті тербеттіреді , ал ересектеу бала анасынан үйренген өлеңді айта отырып тербетеді.
Бесік жырларында дүниеге жаңа келген жас нәрестенің балашағы ойлап , қолдан келер мүмкіндіктерін сонаң жолына бақыштауға тырысады. Халық тәрбиесі баланың жас басынан көпшіл , ынтымақшыл , сыйпаттап көрсете білетін өнегелі азамат болуын көздеген , баладан адамгершілік қасиетті талап еткен . Қолы ашық , алақаны жазық береке иесі болсын дегенді балаға жас басынан ұқтыруға тырысқан .Баланы күту , бағу , тәрбиелеу , әлпештеп ақ бесікке салу , оның мәңгілік қамқоршысы болу –ата анасының , борышы. Бала туғанда шілдехана жасау, жас нәрестенің дүниеге келуін қуаныш ету,оны өздеріне бақыт санау жалпы халықтың салтқа , әдет – ғұмырна , эстетикалық идеалға айналға .
Бармақтарың майысып ,
Түрлі ою ойысып ,
Ұста болар ма екенсің.?
Бала халыққа әр жақты өнермен , білімімен, игілікті ісімен танылса деп арман еткен қауым :
Таңдайларыңтақылдап ,
Сөйлегенде сөз бермей ,
Шешең болар ма екнсің?-
Деп бесікте жатқан жас нәрестенің болашағын ойлайды .Қай існе , қай өнерге болса да икемі бар , бір сырлы , сегіз қырлы азамат болуын көздейді.Әйтеуір қандай іс , қандай өнер болса да өзінің бейіміне, ықылас -әрекетіне қарап нәсіп ете юеруіне халық ертеден – ақ аңсаған .Сондықтан да өз сәбиін өнердің, еңбектің қандай түріне болса да баулы беруді , ынталандыра беруді мақсат еткен. «Бесік жырыны» мазмұнына тереңрек үңілсек , одан адамның бастан кешірген бар тағдыры көрінгендей болады . Бала тербете отырып , ана кейде өз басынан кешкен куанышын да , рахатында ,қоса жырлайды .Бала болашақтан куткен зор үмітке арман тілекке, біреуге тәуелді болмай ,ерікті түрде өмір сүруге жеткізетін осылар болар ма екен деп ,жас басынан баланың кұлағына құйып отырады:
Кең балағын түсіріп,
Ойға ,тауға жүрісіп,
Балуан болар ма екенсің?
Немесе:
Құрағыңды майырып.
Түнде жылқы қайырып.
Жаудан жылқы айырып,
Жігіт болар ма екенсің?
Деген ананың асыл арманы эстетикалық идеалы – жалпы халықтық тілекпен үндесіп , өзектесіп жатады.
Айыр қалпақ киісіп,
Ақырып жауға тиісіп.
Батыр болар ма екенсің?
Мұнда жеке бастың пайдасына бола даңқ, атақ алу үшін емес « атасының баласы болу» үшін емес , адамның баласы болуын тілегендіктен айтылған халықтың асыл ойлары берілген. Өз отанын қорғайтын азамат болар ма екен деген тілектер қойған. Бала жұбатудан басталатын бірнеше тілек- мақсаттар асық болашақтан күткен арманынажетудің жалғасы боладыдеп мезгеген « Бесік жырының» әсем де жеңіл айтылуы , оның сазды әуенге қосылып , сондалық баппен шырқалуы баланың көңіл күйін ашып , оны мәз- майрам күлкігешомылдырады. Бесіктің тербелуі мен ән ырғағының бірдей шығуы бала тербеткен ананың да , бесікте жатқан баланың да жүректері бірге соққандай әсер береді.
«Бесік жыры» ғасырлар бойы ұзақ өмір сүріп, ұрпақтан-ұрпаққа ұласумен қатар оған бала жұбату, тәрбиелеуде заманы қойған тілек, мақсаттарға қарай жаңа мазмұнда, жаңа түрде айтылатын шумақтар да қосыла берген.
Айналайын балдырған,
Қылығың мейір қалдырған
Күйші болар ма екенсің,
Өнердің отын жандырған, –
Деп, біздің қазіргі қойып отырған талаптарымыз да аналар сөзімен қоса жырланатыны бар. Қорыта айтқанда, «Бесік жыры» – мәңгілік қріс алып, одан әрі дами беретін балалар ауыз әдебиетіндегі халық ауыз әдебиетінің алтын ұрығы, жыр, өлеңнің бірәінші бастамасы.
Балаға үміт артарлық осындай тілек мақсаттардың қойылуының өзі де олардың ақыл-есін жетілдіріп, көңіл күйін оятып, болашаққа, алға қарай талпынтады: талпрыну талаптарға, ілгері қарай ұмтылуға, жігер қайратының шыңдалуына бастайды. Осының бәрі көркем шығармалардың күшін және әдемілігін жақсы сезіну арқылы жетілетін игі нәрсе. Екінші сөзбен айтқанда, көркемдікті, әдемілікті, жақсылықты түсіндіре берудегі эстетикалық тәрбиенің жемісі.
Бесікте жатқан баланы тәрбиелеу ісіне халық осындай зор мән берген. Өйтекні балаға жақсы тәрбие беру үшін оны ең алдымен бес жасқа келгенге дейін дұрыс тәрбиелей білу керектігі жайында А.С. Макаренко кезінде өте дұрыс айтқан . Халық бала тәрбиелеуде өздерінің асыл ойларын , мол тәжірибелерін көбіне өлеңге , әнге қосып айту арқылы баланың ой- ықыласын тез баурап алуға болатын әдіс- айлалар қолданғанын білеміз. Өйткені , әйткуір бірсебептер қатты ызаланып шырылдап жылаған бала жай сөзге еліге қоймайды , тербете отырып айтылған жақсы ән мен тәтті күй ғана оның көңілін жұбата алады . Бұл эстетикалық жылы ләззаттық зор әсері мен құдыретті күшімен туған көңіл күйін аулайтын жақсы тәрбиенің жемісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет