2 – топ. Пісірілген нан сапасын анықтау. Нанның сезіммүшелік көрсеткіштері, нанның саңылаулығы, нанның торкөзділігін анықтау


Нанның сезіммүшелік көрсеткіштері



бет2/4
Дата07.02.2022
өлшемі193,75 Kb.
#88482
1   2   3   4
Байланысты:
2 – топ нанның сапасын анықтау

Нанның сезіммүшелік көрсеткіштері

  • Нанның органолептикалық көрсеткішін МЕМСТ 5667-65 бойынша анықтайды. Өнімнің сыртқы түрін жеткілікті жарықта көзбен көру арқылы анықтайды немесе стандартты үлгімен салыстырады. Нанның жұмсағын көлденең кесіп, саусақпен басу арқылы: піскен нанның жұмсағы құрғақ, ал піспеген нанның жұмсағы дымқыл, шикі болады.
  • Иісі. Нанның иісін 2-3 рет иіскеу арқылы анықтайды. Нанның иісін стандартпен салыстырады. Нан өнімдерінде өзіне тән иісі болу керек.
  • Дәмі. Нанның дәмін анықтаған кезде 5 өнімнен қалыңдығы 6-8мм нан кесіп алады да, 3-5 секунд шайнап көреді, содан кейін стандартпен салыстырады.
  • Физика-химиялық көрсеткіштерін анықтау әдістері. Нанның физикалық-химиялық көрсеткіштерін МЕМСТ 21094-75 құрамындағы ылғалдылықтың массалық үлесін және МЕМСТ 5669-96 ұсақ тесіктілігін, МЕМСТ 5670-96 нан өнімдерінің қышқылдығын анықтау, қант және май мөлшерін стандарттары арқылы зерттейді Нан – тоқаш ылғалдылығы бидай нанының -38-45%, қара бидай нанының 46-52% мөлшеріне сай болу керек. Қышқылдығы бидай наны 2-7%, қара бидай наны 7-12% болады. Нан ақаулары сапасыз шикізаттарды пайдаланудан, өнімді дайындау технологиясын бұзудан, сақтау режимін бұзудан болады.
  • Есептеуді төмендегідей формула бойынша жүргізеді: Х=(а – б)с х100 , онда :
  • х - %-гі ізделетін ылғалдылық,
  • а – кептіргенге дейінгі аспасы бар ыдыстың салмағы,
  • б – кептіргеннен кейінгі аспасы бар ыдыстың салмағы,
  • с-нанның ылғалдылығын анықтау үшін алынған.
  • Қышқылдығын анықтау әдісі. Барлық нан өнімдерінің 70г жұмсақ үлгі алынады. Осы үлгіден 25г алып 0,5 л шыны ыдысқа салады. Температурасы 18℃-25℃ дистилденген судың 60-65г қосып үлгіні мұқият езеді. Су мөлшерін 250 мл-ге жеткізеді, тығындап жақсылап шайқап (2 мин), 10 минут бөлме температурасында ұстайды да тағыда 2 минут шайқап 8 минут ұстайды. Құрғақ стаканға сүзіп 50 см3 ертіндісін 2 колбаға (150 см сиымдылығы) құйып 2-3 тамшы фенолфталеин қосып калий натрий тотығымен титірлейді. Түсі орнықты өзгермейтін қызғылт түске дейін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет