2 АҒымдық бақылау тапсырмалары: Тапсырмалар



бет1/2
Дата08.10.2023
өлшемі335,04 Kb.
#184105
  1   2
Байланысты:
2ағымдық (1)
КАРТОГРАФИЯ АССЕЛЬ11, Снимок экрана 2023—11—03 в 13.01.20

2 АҒЫМДЫҚ БАҚЫЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ: Тапсырмалар:

  1. «Мұғалімнің зерттеушілік мәдениеті – кәсіби педагогикалық мәдениеттің бөлігі» тақырыбына ЭССЕ

  2. Қоғамдық өмірде көрініс тапқан сан-салалы сапалық өзгерістер, жаңарулар, жаңалыққа бетбұрыстар педагогтерді өз істеріне сын көзбен қарауға итермелеуде. Өйткені, оқушыларға берілетін білім де, тәрбие де, дүниеге көзқарас та мұғалімнің іс-әрекеті, беретін білімі мен үлгі-өнегесі арқылы қалыптасады. Осындай жүгі ауыр, жауапкершілігі мол мәселелерді шешу педагог мамандардың алдына зор міндеттер жүктейді.

  3. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасында: «Педагог кадрларды қазіргі заман талаптарына сай дайындау, әрі мамандығын үздіксіз жетілдіру – мұғалімнің шеберлігінің басты белгісі – оның психологиялық жоғары әзірлігі болып табылады»-деп атап көрсетілген. Мұғалім әрбір баланың өзіне ғана тән дара ерекшелігін білгенде ғана, жоғары нәтижеге қол жеткізуі мүмкін. Жоғары жетістікке жету үшін педагогикалық талант болуы қажет пе? Бірақ, әр мұғалім өз ісінің шебері бола алады, болуы тиіс те. 

  4. Педагогикалық мамандықтың пайда болуының объективті негіздері бар. Жас ұрпақ аға ұрпақтың сан ғасырлар бойы жинақтаған әлеуметтік тәжірибесін шығармашылықпен игеріп, оны пайдаланбаса, қоғам одан әрі дамымас еді. 

  5. Педагогикалық іс-әрекетте еңбек субъектісі мұғалім болады. Мұғалімнің еңбек құралдарының өзіндік сипаттары – ол оның білімі, білігі, тұлғалық қасиеттері. Осыған байланысты, білім «сананың біртұтастық объектісі» болып есептелуі керек. (Н.И.Непомняшая), мұғалімнің іс-әрекеті, оның білімі және тәжірибесі кәсіби шеберліктің деңгейіне тікелей қатысты екендігі анық.

  6. Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маман-уақыт талабы. Кеше ғана көк туын желбіретіп шаңырақ көтерген егемен елімізді өркениетке жетелейтін білім бастауында мектеп, ал сол мектепте жас ұрпақ бойына білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы- ұстаз тұрады. «Мұғалімдер-қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады», - деп Елбасы Н.Ә. Назарбаев бекер айтпаса керек. Сондықтан да, бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің шебері, этикасы жоғары мұғалім қажет. Ал педагогикалық этиканың негізі неде? Педагогикалық этика этикалық ғылымның өзіндік бөлімі болып табылады және педагогикалық мораль ерекшеліктерін зерделейді, Педагогикалық еңбек саласындағы адамгершіліктің жалпы принциптерін іске асырады. Педагогикалық этика педагогтің адамгершілік қызметінің сипатын және кәсіби ортадағы адамгершілік қарым-қатынасын зерделейді. Баланы тәрбиелеу және оқытумен кәсіби тұрғыда айналысатын адамдардың ортасында қалыптасқан қарым-қатынасының спецификалық ережесі, мінез-құлық мәнері және т.с.с. жиынтығын білдіретін педагогикалық этикет негіздері жасалады. Мұғалімнің практикалық қызметі кәсіби этика қағидаларына әрдайым сай келе бермейді, себебі педагогикалық практикада күрделі мәселелер мен қайшылықтар кездесіп жатады. Сондықтан педагогикалық этиканың негізгі мақсаты мұғалімнің ақыл-ойының күйін анықтау болып табылады. Ол үшін нақты ғылыми негізделген әдістер қолдану қажет. 

  7. Педагогикалық этика саласындағы кең тараған әрі әмбебап әдістердің бірі—педагогтің жеке басының құндылықтары мен өмірлік бағыт-бағдары туралы қоғамдық пікірді білу болып табылады. Педагогикалық қателіктер, педагогикалық әсерлер салдары балаға (тіпті бірнеше жылдан соң ол ержеткен кезде де) және оның жақындарына да ықпалын тигізеді. Екінші жағынан бала дамуы өте күрделі және оған көптеген түрлі факторлар әсер етеді. Сондықтан педагогикалық этика призмасы арқылы педагогикалық қызметті нормалауды қарастыру қажет. Педагог өзі балаға қай уақытта жақсылық, қай уақытта жамандық жасағанын түсінуге тиіс. 

Педагогикалық этиканың маңызды саласының бірі-кәсіби педагогикалық парыз. Осы негізінде қоғам тарапынан педагогтің жеке басына, кәсіби міндеттерін атқаруына қойылатын төмендегідей моральдық ұйғарымдар мен талаптар жиынтығы туындайды: баланың ой өрісін дамытуға бағытталған белгілі бір еңбек жүйесін қалыптастыру; балалармен, ата-аналармен, әріптестерімен дұрыс қарым-қатынаста болу; өз кәсібінің жауапкершілігін сезіне білу; педагогикалық ұжым мен қоғам алдындағы тәрбиеші рөлінің маңыздылығын түсіну. Кәсіби педагогиканың негізгі міндеті — өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту үдерісін қазіргі қоғамдағы нақты, әрі өзекті мәселелерді шешуге бағыттау болып табылады. Педагогтің кәсіби міндетіне білімі мен шығармашылығын үнемі дамытып отыру, өз-өзіне талап қоя білу, ата-аналар мен балаларға сыйластықпен қарап, мектептің қиыншылықтарын дұрыс шешу сияқты міндеттер кіреді. Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің мәнін түсіну үшін, мынадай ерекшеліктерін білу керек:
1.Кәсіби-педагогикалық мәдениет - әр түрлі формада көрінетін педагогикалық шындықтың сипаттамасы.
2.Кәсіби-педагогикалық мәдениет–ол құрылымдық-функционалдық компонеттері бар, өзіндік ұйымы бар, қоршаған ортамен өзара әрекет ететін жүйелі білім беру.
3.Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің талдау бірлігі шығармашылық педагогикалық әрекет.
4.Кәсіби-педагогикалық мәдениетті жүзеге асыру және қалыптастыру ерекшеліктері дара шығармашылық, психофизиологиялық және жас ерекшелік, жеке тұлғаның әлеуметтік-педагогикалық тәжірибесімен шарттасып жатады.
Көрсетілген әдіснамалық негіздерді есепке алу кәсіби-педагогикалық мәдениеттің моделін құрастыруға көмектеседі. Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің үш компоненті бар: аксиологиялық, технологиялық, жеке бастық-шығармашылық.
Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің аксиологиялық компоненті білім беру дамуының қазіргі кезеңінде біртұтас педагогикалық процеске енгізілген адамның педагогикалық құндылықтарының жиынтығы негізінде пайда болды. Педагогикалық әрекет процесінде мұғалім пікірлер мен концепцияларды игереді, білім мен іскерлік алады, ал оның өзі педагогикалық әрекеттің гуманистік технологиясын құрады. Қоғам және жеке педагогикалық жүйе үшін білім, көзқарас, концепциялар педагогикалық құндылық ретінде көрініс табады. Педагог өз ісінің шебері болады, ал педагогикалық құндылықпен педагогикалық әрекетті игеріп, дамытады. Мектеп пен педагогикалық көзқарастардың тарихы – күнделікті бағалау, қайта құру, құндылықтарды бекіту және педагогикалық технологияларды жаңа жағдайларға игерту процесі. Субъектілік тәрбиелеу және мұғалімге берілетін жалпы аламгершілік мәдени-педагогикалық атақтың құндылығы оның жеке басының байлығымен, мамандық іс-әрекетке бағыттылығымен, адамның ішкі әлемімен анықталады. Соған байланысты С.Л.Рубинштейннің құнды қарым-қатынас адамның іс-әрекетінің көріну тәсілі болып қалады деп айтылуы дұрыс. Педагогикалық құндықтарды айта келе, оның үш негізгі түрін айқын көрсетуге болады. 
1. Әлеуметтік-педагогикалық құндылық.
2. Топтық педагогикалық құндылық.
3. Жеке бастық педагогикалық құндылық.
Педагогикалық құндылықтарды мұғалім жеке бастық-шығармашылық деңгейінде меңгереді. Педагогикалық мәдениет құндылықтарын игере отырып, педагог оларды қайта құрып, интерпретациялай алады, Педагогикалық шығармашылық сипаттамасы–педагогикалық мәдениет болып табылатын адамның өмір әрекетінің түрі. Шығармашылық педагогтан қажеттілікті, қабілетті, бостандықты, өзінділікті, жауапкершілікті талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет