2 апта тапсырмасы: Практикалық сабақ



бет1/7
Дата19.02.2022
өлшемі30,84 Kb.
#132495
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
2 апта Инклюзивті білім беру Майбасар Сая
320 (копия), 320 (копия), Supplemental Essays Doc, Индуизм — Уикипедия, талдау, талдау, Атаулы күндер 2023-2024

2 апта тапсырмасы: Практикалық сабақ
Тақырыбы: Қазақстан Республикасы мен шетелдердегі инклюзивті білім берудің даму тарихы. Қазақстанда инклюзивті білім берудің ерекшелігі. Инклюзивті білім берудің мазмұны, құрылымы, қайшылығы және қисыны.
Қазақстандағы инклюзивті білім беру жүйесі. Білім беру саласындағы негізгі халықаралық құжаттарға сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін білім алуға тең құқықтар қағидаты көзделген. Біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілген. Республикада 2375 бала үшін 166 балабақшада инклюзивті білім беру жүзеге асырылуда, бұл анықталған даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы санының 14%-ын құрайды. Бұдан басқа, даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 39 арнайы балабақша мен жалпы мақсаттағы балабақшаларда 315 арнайы топ жұмыс істейді. Олардың контингенті балабақшаларда 4945 баланы, арнайы топтарда 5879 баланы құрайды. Арнайы мектепке дейінгі ұйымдарға баруға мүмкіндігі жоқ мүмкіндігі шектеулі балалар үшін оңалту орталықтарында, психологиялықпедагогикалық түзету кабинеттерінде (бұдан әрі ППТК) түзетупедагогикалық қолдау көрсету көзделген. Республиканың жұмыс істеп тұрған 129 ППТК-де негізінен мектепке дейінгі жастағы балаларға қызмет көрсетіледі. Даму мүмкіндіктері шектеулі 43811 баланың 15244-і мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған. Мемлекеттік бағдарлама негізінде 2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін көтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен, арнайы парталармен, үстелдермен және басқа да арнайы компенсаторлық құралдармен жабдықтау арқылы «кедергісіз аймақтар» құруы жоспарланған. Осылайша мемлекетіміз мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау, олардың қоғамға етене араласуына қолдан келгенше жағдай жасайтын болады. Біздің елде мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру ортасына қарай бейімдеу 2002 жылдан басталды. Сол жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғаш рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медицина-педагогикалық тұрғыдан қолдау» туралы заңды қабылдады. Осы заң аясында жарымжан балаларға ерте жастан білім беру мәселесіне мән берілген. Оларды білім беру, әлеуметтік, медициналық тұрғыда қамтамасыз ету қарастырылған. Ең бастысы, аталмыш заңда инклюзивті білім берудің негізгі принциптері айқындалды. Қазақстан 2008 жылы БҰҰ-ның «Мүгедектердiң құқықтары туралы» конвенциясына қол қойып, барлық мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасауға міндеттенген. Осы мәселені талқылаған халықаралық конференциялар, түрлі семинарлар ұйымдастырылуда. Сондықтан мемлекеттік Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасына бірінші рет инклюзивті білім беруді дамыту қосылды. Бұл бағдарламада инклюзивті білім жүйесін дамытудың мына мәселері көрсетілген: 2015 жылға қарай аталған міндетті шешу үшін:
мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары;
мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді, түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады;
мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары әзірленеді;
2020 жылға қарай білім беру ұйымдарында мүгедек балалар үшін көтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен, арнайы парталармен, үстелдермен және басқа да арнайы компенсаторлық құралдармен жарақтандыру арқылы «кедергісіз аймақтар» құрылады;
мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалды (педагог-дефектологтардың, балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің, арнайы жеке техникалық және компенсаторлық құралдардың болуы);
үйде білім алатын мүгедек балалар жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріле отырып, компьютерлік техникамен және компьютерлік қамтамасыз ету жинақтарымен қамтамасыз етіледі.
Осылайша, Қазақстан Республикасында 2020 жылға қарай инклюзивті білім жүйесі енгізеледі; инклюзивті білім үшін жағдай жасайтын мектептердің үлесі мектептердің жалпы санынан 70%-ға ұлғаяды; мүгедек балалар үшін «кедергісіз қол жеткізуді» жасайтын мектептердің үлесі мектептердің жалпы санынан – 20%; инклюзивті біліммен қамтылған балалардың үлесі даму мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан 50% құрайтын болады. Бүгінгі таңда елімізде 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар саны 138,5 мыңды құрайды. Ол жалпы бала санының 2,8% құрайды. Оның ішінде 44 мың 773 мектепке дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар. Инклюзивті білім беруді даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алу жүйесін жетілдірудің басты бағыттарының бірі ретінде қарастырған жөн. Бала және оның ата-анасының тұрғылықты жеріне сәйкес жалпы типтегі мекемелерде мұндай балаларға білім беруді ұйымдастыру оларды ұзақ мерзімге мектеп-интернатқа жіберуден сақтап, отбасында тәрбиеленіп тұруы үшін жағдай жасайды, қалыпты деңгейдегі дамыған құрдастарымен күнделікті қарым-қатынас жасауды қамтамасыз етеді, әлеуметтік бейімделуі және қоғамға кіріктіруге қатысты мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік береді. Қазақстанда мүмкіншілігі шектелген балалардың туғанынан бастап әлеуметтік және медициналық-педагогикалық коррекциялық амалдары, психологиялық-медициналық-педагогикалық тексерілуді және білім алуды ақысыз пайдалану құқығы еліміздің бас Конституциясында «Білім туралы», «Мүмкіншілігі шектелген балаларды әлеуметтік және медицина-педагогикалық тұрғыдан қолдау туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді қорғау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» заңдарда бекітілген. 2020 жылға дейін білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында қоғамдық орындарға кедергісіз енуді қамтамасыз ететін материалдық- техникалық жағдайлар жасалып, дене және психикалық дамуында ауытқушылығы бар балаларға жалпы білім беру мекемелерде «кедергісіз аумақтар» (пандус, арнайы лифт, арнайы жабдықталған оқитын орындар, арнайы оқу, оңалту, медициналық құрал-жабдықтар және т.б. қосқанда) жасалынуда. Қазіргі таңда түзете білім беру ұйымдарының желісін сақтап, жетілдіру және инклюзивті білім беру жүйесін қатар дамыту ең тиімді қадамболып табылады. Мұндай жағдайда түзету ұйымдары жалпы білім беру мекемелерінде қызмет жасайтын педагогтарға әдістемелік көмек көрсетуді қамтамасыз ететін оқy-әдістемелік орталық, білім алып отырған тұлғалар және олардың ата-аналарына кеңес беру жәнe психологиялық-педагогикалық түзете көмек көрсету қызметін атқарады. Мектеп жасына дейінгі балаларға қажетті психологиялық-медициналықпедагогикалық көмек уақытылы көрсетілген жағдайда баланың дамуындағы негізгі кемшіліктерді оқытудың бастапқы кезеңіне түзету, жалпы білім беру мекемелерінде қытуға дайындауды қамтамасыз етеді. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуды ұйымдастыру мақсатында баланың психофизиологиялық және танымдық мүмкіндіктерінің деңгейін ескеретін, оқытудың нұсқауларын қарастыратын білім берудің арнайы типтік оқу бағдарламалары құрастырылып, бекітілген. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балаларды кіріктіре (инклюзивті) оқытуды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар мен нұсқаулар дайындалды. Жалпы білім беру мекемелерінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеуді табысты ұйымдастырудың жағдайы ретінде баланы білім беру мекемелеріне толыққанды кіріктіруді қамтамасыз ететін бейімделу ортасын құру болып табылады. Инклюзивті білім беру жүйесі кездесіп отырған күрделі мәселе бұл қоғам тарапынан туып отырған теріс көзқарас проблемасын жою. Ақпараттың аздығы, қорқыныш, бала құқын аяқасты ету осының бәрі даму мүмкіндігі шектеулі балаларға теріс көзқарасты дамытады. Бір жағынан, арнайы оқыту әдістемесінің жоқтығы инклюзивті білім беру үшін елеулі қиындықтар туғызады.
Тәрбиешілер мен мұғалімдер дамуында ауытқулары бар балалармен жұмыста өздерінің кәсіби дайындығы деңгейіне көңілі толмайтындығын атап көрсетеді. Мысалы, педагогтар (тәрбиешілер), оның ішінде дефектологтар баланың оқуы мен даму үдерісіне теріс ықпал ететін барлық жағдайлар мен факторларды білмеуі мүмкін. Алайда, педагогтар бала бойындағы ауытқуларды дер кезінде анықтап, нақты іс-қимылға дайын болуы тиіс. Осы аталған міндеттер шешімін табу үшін, сөз жоқ білікті маман қажет, сол себепті осы бағытта болашақ мамандарға тиісті білім, іскерлік, дағды қалыптастыру керек.
1.3 Инклюзивті білім беру саласына арналған бағыттары
Қоғамның, жалпы білім беретін мектепке дейінгі ұйымдардың мүмкіндігі шектеулі балаларды қабылдауына дайын болуы.
Инклюзивті білім беру идеясын таратуда, шектеулі мүмкіндіктері бар балаларға толерантты, дұрыс қарым-қатынастың қалыптасуына бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуын қамтамасыз ету.
Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін мамандар арасында тәжірибе алмасушылықты қамтамасыз ету, дұрыс тәжірибелерді баспалар, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тарату.
Аймақтарда инклюзивті білім беру мәселесі бойынша Үйлестіру кеңесін құру.
Ата-аналар қоғамдастығының мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуға құқығын және мүдделерін іске асыруға және оны қорғауға қатысуы, оқыту үрдісінің өзіне және түзету көмегін іске асыруға қатысуы.
Инклюзивті білім берудің көп аспектілік мәселесіне ғылыми зерттеулер өткізу.
Инклюзивті мектепке дейінгі ұйымда жұмыс істеу мақсатында педагогика қызметкерлерін даярлау;
Педагогикалық ЖОО және медициналық колледждерде кіші жастағы балалармен жұмыс істеу мақсатында мамандарды даярлау жүйесін жасау.
Арнайы (түзету) мекемелері мен жалпы білім беру мекемелері өзара сабақтастықта жұмыс жасау.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте кезден бастап түзетуді қолға алу жүйесінің басымдылығын қолдау.
Кіші жастағы балаларды дамыту қызметі жүйесінің жұмысының нормативті-құқықтық және ғылыми-практикалық негізін жасау.
Мектепке дейінгі мекемелерде мүмкіндігі шектеулі балаларды дамыту үрдісінің мониторингін жасау.
Жүйке және дене дамуы бұзылған тәрбиеленушілерге, жанұясына кеңестік көмек көрсету, баласының оқу және тәрбие үрдісіне ата-анасын қатыстыру, өйткені, оларда даму ерекшелігіне деген оң қарым-қатынас қалыптастыру. Қазіргі уақытта инклюзивті білім беруді дамытудағы нақты факторлар: объективті және субъективті қиындықтар болып бөлінеді. Субъективті қиындықтар: стандарттық процедуралардың әзірленбегендігі мүмкіндігі шектеулі балалардың оқу дәрежесін үнемі қадағалау мақсатында білімді мониторинг жүргізу үшін индикаторлардың жоқтығы және қазақ тілінде оқу әдістемелік құралдардың аздығы. Оқу тәрбие процесін ұйымдастыруда тәрбиеші педагогтардың арнайы білімдерінің болмауы және мамандар тарапынан тұрақты кеңестің аздығы. Сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйымға келетін мүмкіндігі шектеулі балаларғаарнайы көліктің болмауы. Мүмкіндігі шектеулі балалардың жеке проблемаларының болуы, яғни олардың ауырып қалуы, мектепке дейінгі ұйымға тұрақты қатыспауы. Объективті қиындықтар: материалдық техникалық базаның төмен болуы. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту процесінде жеке дара тіл табудың қиындығы. Мамандарға арналған кабинеттердің жетіспеушілігі. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін тәрбиешілерге біліктілігін арттыру курстарының ұдайы жүргізілмеуі. Қазақ тілінде оқытатын педагог-дефектологтардың жетіспеушілігі, ауылдық аймақтарда арнайы мекемелер үшін тифлопедагогтар мен сурдопедагогтар, логопедтер санының жетіспеушілігі күрделі мәселе болып қалады. Инклюзивтік білім беруді шешу жолдары:
мүгедектік мәселені қоғамда түсіну;
қатарластарымен қарым- қатынас;
толыққанды білім беру;
қоғамға кіріктіру және бейімделу;
мүгедек емес балаларды түсінуге, пікірлесуге тәрбиелеу.
даму мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте тексеру және түзету- педагогикалық қолдау көрсету мекемелерінің көптеп ашылуы;
балаға міндетті психологтық- педагогикалық жетелеу жүргізіп, жалпы білім беру үрдісімен кіріктіру;
әр бала үшін кіріктірудің мүмкін және қажетті түрін анықтау.
даму мүмкіндігі шектеулі жандарды ерте анықтап, кешенді көмек көрсету.
даму мүмкіндігі шектеулі балаларды мектепке даярлау;
ерекше сұранысқа ие балаларды қанағаттандыру мақсатында жалпы типте білім беру мекемелерін техникалық құрал-жабдықтармен толықтыру;
инклюзивті білім беруді дамыту үрдісінде қоғамдық мекемелерде ата- аналарды қатыстыру.
Мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру ортасы баланың білім беру үрдісіне қосылуын және әр тәрбиеленушінің мүмкіндігіне қарай пайдалы таңдауына мүмкіндік жасайды. Мүмкіндігі шектеулі балалар инклюзивтік білім алуда логопед, дефектолог, дене шынықтыру нұсқаушысы, психологтан жылдық жоспарларына сәйкес күннің ІІ жартысында өзімен жасты балалармен қатынасады (сурет салу, жапсыру т.б.) және мамандардан оқу-тәрбие және танымдық-педагогикалық көмек алады. Даму мүмкіндігі шектеулі балалар жалпы топта тәрбиешілердің ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне қатынасып «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламалары бойынша білім алады. Даму мүмкіндігі шектеулі балалар бөбекжайдың өміріне белсене қатысады: іс-шаралар мен ойын-сауықтарға өзге балалармен бірігіп қатысуы, ертегілер мен концерттерді ұжыммен көруі олар үшін шынайы мереке.Осындай шараларға қатыстыру арқылы балалар ұжымда өмір сүріп, құрбыларымен қарым-қатынасқа түсуге үйренеді. Егер бала осы сатыдан өтсе, мектепте оған едәуір оңайырақ болады. Ең бастысы, бұл балалар болашақта жалғызсырамай, өздерімен жасты балалармен бірге тәлім-тәрбие алуды жалғастырады. Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылықтарымыз, әр баласы еліміздің ертеңі екенін ескерсек әрбір мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау біздің міндетіміз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет