2. автономия/ autonomy


Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы



бет13/51
Дата29.05.2022
өлшемі277,12 Kb.
#145377
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   51
Байланысты:
тарих гос сурак-отв дурысы (1)

Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы — XIX ғасырдың екінші жартысы — XX ғасырдың басында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында болған өзгерістер қазақ халқының рухани өміріне терең әсер етті.
Саяси, экономикалық  экспансиясымен қоса, құлдыққа салушылардың мәдениеті күштеп танылды. Патша өкіметінін кертартпа саясаты халыққа білім беру саласынан мейлінше айқын анғарылады. Отаршыл билік қазақ халкының мүдделері мен құқықтарын елемей, онын рухани дамуын тежеді. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде қарастырылып отырған кезенде орын алған соны құбылыстар қазақ қоғамының қоғамдық санасындағы елеулі өзгерістерге әкеп соқты. Мұндай елеулі өзгерістер ұлттық сана-сезімді оятуға жағдай жасады, қазақ қоғамында жаңа идеялардың, ой-пікірлер мен көзқарастардың қалыптасуын анықтап берді.  Мәдениет тұрғысынан алғанда, дәуірдің жаңалыктары ең алдымен еуропалық өркениетті, жаңа құндылықтарды бастапқыда әлеуметтік үстем топ өкілдерінің, адамдардын шағын тобының меңгеруі орын алғанынан көрінді. Ұлт зиялылардың қалыптасу жолы бірдей болған жоқ, күрделі және ұзаққа созылған үрдіс болды. Бұл жағдайдың халық шаруашылығында да, мәдениетте де мамандар санының өсуінен көрінгені күмәнсіз. Оның барысын отаршылдық режим жағдайлары, патша өкіметінің бағындырылған халық жөніндегі кемсітушілік саясаты тежеп отырды. Дегенмен XIX ғасырдың аяғы — XX ғасырдың басы халықтың интеллектуалдық күштері дамуындағы жаңа кезен болып табылады.


3.Демографические изменения и процессы урбанизации в Казахстане в начале XX века./ ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы демографиялық өзгерістер мен урбанизация процестері./ Demographic changes and urbanization processes in Kazakhstan at the beginning of the XX century
XX ғасырда Қазақстан күрделі демографиялық дамуды бастан кешті. Ғасыр басында қазақ даласы тұрғындарының негізі көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын ауыл адамдары болған ел тек ғасыр соңында ғана қала халқы көпшілік болған мемлекетке айналды.
Қазақ халқы талай «тар жол — тайғақ кешулерге» душар болды. Бұл Қазан төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі кезеңдердегі тарихи жағдайларға тікелей байланысты. Патша үкметінің Қазақстанға шаруалар мен әскери-казактарды қоныстандыру саясатының жеделдете жүзеге асырылуы, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы мен Қазан төңкерісінен кейінгі «Кіші Қазан төңкерісінің» салдары, 1921-1922 жылдар, 1931-1933 жылдар аштықтары мен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының зардаптары, өңдірістің ірі «алыптарын» тұрғызу мақсатында республикаға жан-жақтан мыңдаған жұмысшылар мен мамандардың әкелінуі, тың және тыңайған жерлерді игеру, «комсомолдық бауырластық жолдамалар» нәтижелері көңілді қынжылтатын демографиялық ахуалға еріксіз әкеліп тіреді. XIX ғасыр мен XX ғасыр басында жүргізілген қоныс аудару саясаты кезінен Қазақстанның кейбір аймақтарында негізгі көпшілік болып орналасқан орыс-казак келімсектерінің бұдан кейінгі кезеңдердегі өсіп-өнуі мен республика аймақтарына орналасу ерекшеліктері де бүгінгі тәуелсіз мемлекетімізде болып жатқан ұлтаралық қарым-қатынастағы құбылыстардың астарын түсінуге өз септігін тигізеді.
XX ғасырда өткен демографиялық үрдістердің ауқымының кеңдігі мен күрделілігі Қазақстан халқының өсіп-өну тарихын зерттеудің ғылыми және қоғамдық сұранысқа ие, өзектілігі күшті екендігі еш күмән туғызбайды.
Әлеуметтік-саяси, экономикалық үрдістер республика халқының құрамында, оның табиғи қозғалысы, көші-қон процестері, әлеуметгік құрылымы және т.б. көрсеткіштерінің өзгерістерінде демографиялық дағдарыс сипатында көрінді. Мысалы, 1937 жылы республика халқы 1926 жылғы санақпен салыстырғанда 1,3 есе, соның ішінде, қазақтар — 1,7 есе, украиндар — 1,6 есе, өзбектер — 1,9 есе, қырғыздар — 2,1 есе, басқа ұлт өкілдері — 1,6 есе кемісе, елге сырттан қоныс аудару саясатының пәрменді жүргізілуіне байланысты орыстар — 1,5 есе, немістер — 1,6 есе, татарлар — 1,1 есе көбейген. КСРО-дағы халық санының жоспарланған деңгейден 11 миллионға кемдігін көрсеткен 1937 жылғы санақ Кеңес өкіметінің 1917-1933 жылдары жүргізген саясатының демографиялық дағдарыстарға әкелгенінен хабардар етті.
Сондай демографиялық дағдарыс 1939-1959 жылдар аралығында да өтті. 1939-1959 жылдардың қазақ тарихындағы ерекшелігі сонда, егер моңғол шапқыншылығы кезінде қазақ халқының шығыны нәсілдік бейнесін өзгертуге дейін жеткізіліп, жонғар шапқыншылығы кезінде 2/3-сі жойылып, ал, 1931-1933 жылдардағы ашаршылық кезіңде 2,2 млн адамынан — жартысынан айырылса, 1939-1959 жылдар аралығында кеңес өкіметінің сыналап жүргізген көші-қон саясатының нәтижесінде, қазақтардың өз жеріндегі үлесі 29,8%-ға дейін төмеңдеп, Қазақстан халқының үштен бірін де құра алмаған мүшкіл жағдайды бастан кешті.
4.Казахская периодическая печать в начале XX века. Журнал «Айқап»,газет «Қазақстан», «Қазақ», «Алаш» и др./ ХХ ғасыр басындағы қазақ басылымдары «Айқап» журналы, «Қазақстан», «Қазақ», «Алаш» газеттері./ Kazakh periodicals at the beginning of the XX century. Magazine "Aygap", newspapers "Kazakstan", "Kazak", "Alash", etc.
Айқап" - қоғамдық-саяси және әдеби журнал.
1911-1915 жылы  Троицк қаласында басында айына бір рет, кейіннен айына екі рет шығып тұрған. 1-2 мың данамен 88 нөмірі жарық көрген. Алғашқы редакторы - М.Сералин.
"Айқап" қазақтың қоғамдық санасының оянуына және ұлттық мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосқан. Журналда қазақ ауылдарындағы оқу-ағарту жұмыстары, әйел теңдігі, отырықшылық өмір салтына көшу, сонымен қатар Мемлекеттік Думаға қатысу жөніндегі саяси мәселелер көтерілді. Журналды шығару жұмыстарына Ә.Ғалимов, С.Торайғыров қатысқан. Журналда А.Байтұрсынұлы, Ш.Құдайбердіұлы, Б.Майлин, Б.Өтетілеуов, С.Көбеев, Н.Құлжанов, т.б. сияқты белгілі жазушылар белсенді қызмет атқарған. Абай, Ш. Уәлиханов, Ы.Алтынсарин өлеңдерімен қатар халық ауыз әдебиетінің шығармалары, шығыс, орыс және еуропа әдебиетінің туындылары жарияланған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   51




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет