2 Қазақстанның қазіргі заман тарихын кезеңдерге бөлу



бет20/27
Дата04.01.2022
өлшемі173,01 Kb.
#109529
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27
Байланысты:
Қазақстанның қазіргі замандағы тарихы Дәрістер жинағы 2020-2021 (1)

Дәрістің мазмұны: «Мәңгілік ел» идеясының түйінді құндылықтары, Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық қауымдастықтағы орны және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың. «Әлем. XXI ғасыр» Манифесінің негізгі бағыттары мен маңызы қарастырылады.

1. Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты мақсат – бейбітшілік, соғысты болдырмау, даулы мәселелерді келісімдер жасау жолымен шешу. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардың өзінде Қазақ елін бірінші болып бауырас Түркі елі мойындағаннан кейін, бүгінде 200-ге жуық мемлекет танып отырса, бұл біздің еліміздің сыртқы қатынаста ұстанып отырған сындарлы саясатының нәтижесі болып табылады. Бүгінде Қазақстанмен 120-дан астам ел дипломатиялық қатынастар орнатып үлгерді. Елбасы өзінің 2017 жылға арналған Жолдауында қазіргі заманғы адамзаттың лаңкестік әрекеттердің белең алуымен бетпа-бет келуіне алаңдаушылық білдіре келе, оларға «қарсы күрес жүргізу ісі негізгі мәселе болып саналады»-деп айтып, Қазақстанның сыртқы қатынастар саласындағы бүгінгі басымдықтарының жетекші саласын көрсетіп берді.

Қазақстан, жағрафиялық жағына байланысты, ең алдымен Ресей және Қытай сияқты көрші мемлекеттерімен ынтымақтасуда. Әсірес, Қытаймен екі ел арасындағы қатынас жылдан-жылға жақсарып келеді. Айталық, 2016 жылдың қыркүйек айында Қытай жерінде болған G20 Саммитінің шешімімен Инвестициялық бағдарлама жүзеге асырылатын 2015-2019 жылдары аралығында біздің елде 395,5 мың жұмыс орны ашылатын болды. Оның ішінде жалпы құны 23 млрд. долларды құрайтын 25 жоба бойынша қазіргі уақытта келісімге қол қойылды. Таяу болашақта Қытайдан біздің елге бұлардан бөлек тағы да 20-дан аса өндіріс орындарын көшіріп әкелу жобалары бар. Бұл жобалардың Қазақстанның «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасы мен Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» стратегиясы арасындағы синергия үшін негіз қалары сөзсіз. Ресей мен екі арадағы ынтымақтастыққа келсек, Н.Ә.Назарбаев пен Ресей Президенті В.Путин 2005 ж. 18 қаңтарда Қазақстан - Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартқа қол қойды. Осы құжат бойынша екі ел үшін де айрықша маңызы бар шекара мәселесі халықаралық нормаларға сәйкес шешімін тапты...

Қазақстан ежелден этностық туыс елдер - Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркіменістанмен жан-жақты байланыстар жасап келеді. Қазақстанның Түркиямен қатынастары ерекше жақсы жолға қойылған. Сондай-ақ, Қазақстанмен терең тарихи тамырластығы бар Үндістан, Иран сияқты елдермен қатынастың болашағы зор болмақ.

Бүгін Қазақстан көптеген халықаралық ұйымдарға мүше. Айталық, 1992 жылғы 2 наурызда Қазақстан Республикасы БҰҰ-ға мүшелікке бірауыздан қабылданды. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1992 ж. күзде өткен 47-сессиясында Президент Н.Ә.Назарбаев сөз сөйлеп, Қазақстанның Таулы Қарабақ пен Тәжікстандағы қақтығыстарды реттеуге айтарлықтай үлес қосқандығы баяндалды. Дүние жүзілік қауымдастық бұны барынша жылы қабылдады.

Қазақстан1996 жылы 26 сәуірде дүниеге келіп, шекаралары шектесіп жатқан 5 мемлекетті біріктіретін Шанхай бестігінің мүшесі ретінде, оның құрылған күнінен бастап,айтарлықтай белсенділік көрсетуде.

2. Қазақстанның дамыған Батыс державаларымен қатынастары. Қазақстан үшін республика экономикасына айтарлықтай инвестиция беріп отырған Америка Құрама Штаттарымен іскерлік қатынастар орнатудың маңызы зор. АҚШ Қазақстанның мәдениеті мен білім саласын дамытуға да қол ұшын беруде. “Болашақ” бағдарламасы аясында қазақстандық студенттер АҚШ, Англия, Франция, Германияның оқу орындарында білімдерін жетілдіруде. Бұл елдермен де достық, ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы шарт жасалынды. Н.Ә. Назарбаев жаңа Еуропаға арналған Париж хартиясына қол қойды. Қазақстан Венгриямен, Болгариямен, Чехиямен, Румыниямен өзара тиімді қатынастар орнатты.

Қуатты әскери-саяси ұйымдармен қатынастар. НАТО-ның Еуропа және ТМД елдеріне жәрдемдесуге, аймақтық қақтығыстардың алдын алуға мүмкіндіктері көп. Осыған орай Қазақстан, НАТО-мен байланысты кеңейту шараларын іздестіруде. Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азияда АСЕАН (Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ассоциациясы) мемлекеттерімен және Монғолиямен қатынастары да жолға қойылып келеді.

2007 жылы 30 қарашада Мадридте ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің жалпы отырысында Қазақстан Ұйымының 2010 жылғы төрағасы болып сайланды. Қазақстан, Прибалтиканы қоса алғанда, ТМД-нің ішінде осынау беделді халықаралық ұйымды басқару құрметіне ие болған бірінші ел. Қазақстанның төрағалығы сенім, дәстүр, ашықтық және төзімділік сияқты ұстанымдарға негізделіп, Қазақстан дипломатиясының жеңісімен аяқталды. Еліміздің халықаралық деңгейдегі дәрежесі 2011 жылы Ислам Ынтымақтастық Ұйымының (ИКҰ) Сыртқы істер министрлері кеңесіне (СІМК) төрағалық ету мәртебесіне ие болумен де көрінді.



Дәрістің осы бөлімшесін қорыта келгенде айтарымыз, Қазақстан Орталық Азияның көшбасшысына, халықаралық лаңкестікке, есірткінің жайылуы мен ядролық қарудың таралуына жол бнрмейтін мемлекетке айналды. Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болды, оның бастамалары тәжірибе жүзінде кең қолдау тапты. Бүгінде жаңа саяси бағыт - «Қазақстан-2050» Стратегиясын қабылдаған Қазақстан Республикасы, геосаяси жағдайдағыхалықаралық дәреженің жаңа сапалық деңгейіне көтеріле білді.

3. Қазақстан сонау 1963 жылдың өзінде бейбітшілік сүйгіш Ресаублика ретінде ядролық қаруды таратпау жөніндегі және су астында ядролық қаруды сынауға тыйым салу туралы шарттарға келісетінін жариялаған болатын. Сондай-ақ, 1976 ж. табиғи ортаны, әскери немесе өзге ықпал ету құралдарын дұшпандық мақсатта пайдалануға тыйым салу туралы конвенцияға ден қоятындығын білдірген еді. Ал тәуелсіздік алған 1991 жылы, желтоқсанның 21-інде Алматыда қабылданған декларацияда ядролық қаруға қатысты бірлескен шаралар жүргізуге келісім беріп, 1992 ж.Азиядағы іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі Кеңесті шақыруға бастамашы болды. Сөйтіп біздің еліміз, XXI ғасырға табан тіреген шақта, соғыстың түп-тамырын біртіндеп жойып, орнықты әлемнің географиясын қалыптастыруды жақтап келді. 2016 жылдың 31 наурызында жарияланған «XXI ғасырдағы әлем» деп аталатын Н.Ә. Назарбаевтың Манифесінің негізгі мазмұны қасіретті атау - соғыс атаулыны адам санасынан аластауға бағытталған.

Н.Ә. Назарбаевтың әлемнің тыныштығына бағыштаған осы құжаты бүгінгі таңда адам баласына әр түрлі атауымен белгілі бола бастады: біреулер «Бейбітшілік. XXI ғасыр» манифесі десе, енді біреулер «XXI ғасырдағы әлем» дейді. Ал өзінің нақты аталуы - Манифест. «Әлем. XXI ғасыр». Қалай болғанда да бүгінде бұл құжптқа қызығушылық басым. Өйткені Елбасы Н.Ә. Назарбаев бүкіл әлем халқы басшыларын «ХХІ ғасыр: соғыссыз әлем»деген тақырыпта кең ауқымды бағдарлама жасауға шақырады да, онда үш басты қағидатты нақты мазмұндау керектігіне көңіл бөледі:


  1. Қазіргі таңда соғыс бола қалған жағдайда, нәтижесінде жеңуші жақ деген болмайды, онда бәрі жеңіледі.

  2. Жаппай қырып-жоятын қарудан ешкім қашып құтыла алмайды және оған жауап беретін адамдар да қалмайды. Сондықтан, қазіргі әлемдік лидрлер мен олардың кейінгі ізбасарлары болашақ соғыс қатерін терең түсінулері керек.

  3. Мемлекеттер арасындағы барлық талас-тартыстарды реттеуді бейбіт үндеулер мен сындарлы келіссөздерге негіздеу керек те, әлемдік алгаритмнің іс-қимыл шаралары мынандай бес мәнді бағыттар бойынша түзілуі керек:

  1. Ядролық және басқа да адамзатты қырып-жоятын қарудан толықтай азат әлемге қарай батыл түрде ұмтылу.

  2. XXI ғасырда соғыссыз әлемнің тұрақты географиялық ортасын қалыптастыруға күш салу керек;

  3. Әскери блоктарға БҰҰ астында мамлекеттердің бейбітшілік, тұрақтылық, сенім мен қауіпсіздік жолындағы жаһандық коалициясын қарсы қою қажет.

  4. Қазіргі таңда үлкен қатерге айналып бара жатқан терроршылардың қолына аса қауіпті қарудың өтіп кетпеуіне тосқауыл қоя білу керек.

  5. «Соғыссыз әлем - бұл бірінші кезекте, халықаралық қаржы, саудасаттық және даму саласындағы жаһандық бәсекелестіктің әділетті парадигмасы».

Бақылау сұрақтары:



  1. Қазақстанның сыртқы қатынастар саласындағы басымдықтарынан қандай нәтижелер күтуге болады?

  2. Қазақстанның бүгінгі таңдағы Батыс - Шығыс елдеріменқатынастағы рөлі қандай?

  3. Н.Ә. Назарбаевтың Манифесінің К. Маркс пен Ф. Энгельстің «Коммунистік партия Манифесінен» қандай айырмашылығы бар және оған басқа елдің саясаткерлері қандай баға беруде?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет