2 билет Қазіргі педагогиканың негізгі мәселелері (10 балл) Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар (10 балл) 12 жылдық білім беруге көшу – әлемдік білім беру кеңістігіне ену көзі (10 балл) Дәстүрлі оқыту жүйесін модернизациялау



Дата07.02.2022
өлшемі27,11 Kb.
#90972
Байланысты:
бб өзекті мәселе 2 билет
WORKSHEETS, Өкпе обыры Мутан А, Өкпе обыры Мутан А, Өкпе обыры Мутан А

2 билет

  1. Қазіргі педагогиканың негізгі мәселелері (10 балл)

  2. Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар (10 балл)

  3. 12 жылдық білім беруге көшу – әлемдік білім беру кеңістігіне ену көзі (10 балл)

  4. Дәстүрлі оқыту жүйесін модернизациялау (10 балл)



1. Педагогика өзінің атауын «paidagogas» «баланы жетектеуші» сөзінен алған. Ең алғашқысында бұл сөз құлдардың қожасының баласын мектепке жетектеп апарушы дегенді білдірсе, кейін келе ол тәрбие туралы ғылымның аты ретінде қалды. Педагогика пәні – индивидтің өткен ұрпақтардың әлеуметтік тәжірибесін меңгертетін оқу және оқудан тыс уақыттың бірлігіндегі тұтас педагогикалық процесс болып табылады.
Ғаламдық жаһандану жағдайындағы жаңа қоғамда орын алған ірі экономикалық өзгерістер мен технологиялық жетістіктер қоғам дамуының қозғаушы күші болып табылатын білім жүйесіне орасан ықпалын тигізіп отыр. Әлемдік қауымдастықтың біртұтас білім кеңістігін қалыптастыруға бағытталған ортақ мүддеге барынша әрекеттенуі жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген саналы да парасатты тұлғаны тәрбиелеу қажеттігін көрсетеді.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерінде «Қазақстандық патриотизмге, биік мәдениетке, адам құқығы мен бостандығын құрметтеуге тәрбиелеу» туралы айтылған. Мұндай мазмұндағы мемлекеттік талап, міндеттер бүгінде жас ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беру үрдісінде әр отбасынан бастау алып, білім беру жүйелерінде үздіксіз, кешенді жүргізілуде.
Қазіргі тәуелсіз Қазақстан Республикасында педагогика ғылымының зерттейтін негізгі мәселелері, проблемалары:

  • қоғамды демократияландыру, ізгілендіру жағдайында адамның жеке тұлға болып қалыптасу проблемасы;

  • Республиканың тарихи, мәдени, экономикалық, әлеуметтік ерекшелігі жағдайында жас ұрпақтың ұлттық санасын дамыту және халықтың бай дәстүрін тұтас педагогикалық процесте тиімді пайдалану проблемасы;

  • - Дүниежүзілік мәдениетті, жалпы адамзаттық құнды игілікті және дүние танымдық көзқарасты, халықаралық қатынасты қамтамасыз ететін – ана тілі проблемасы; сондықтан тәрбиенің басты мақсаттарының бірі - әрбір сәбиден бастап рухани, адамгершілік байлықтың көзі ана тілін жетік меңгеруді, әрбір адамның өмірлік қажеттілігіне айналдыру проблемасы;

  • Жеке бастың қалыптасуында қозғаушы күштерді анықтауда әлеуметтік және биологиялық факторлардың шешуші ролін зерттеу проблемасы;

  • Қоғам дамуының өркениеттілік танденциясына байланысты тәрбие мен білім берудің мақсатын жаңаша қарау проблемасы;

  • Қазақстан Респуликасының көп ұлттылық жағдайында жастарды ұлтаралық қарым – қатынас мәдениетіне тәрбиелеу проблемасы;

  • Азаматтардың белсенділігіне жол ашу, әр азамат саяси және экономикалық әр алуан түрлілік жағдайында меншік иесі ретінде өз қабілетін толық таныта алатындығын зерттеу проблемасы;

  • әртүрлі пәндерді оқып – үйренуде диалектикалық тұрғыдан қарау, оқыту процесінде пәнаралық және пәнішілік байланыстарды ашу және жүзеге асыру негізінде қазіргі заманның ғылыми интеграциялық байланыстарын зерттеу проблемасы;



2. Ақпараттық – коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті. ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі — білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек »- деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады.


3. Сапалы білім – ел эконимкасын, саясатын әлем алдында бәсекеге қабілетті болуға апаратын бірден-бір жол. Сондықтан заман талабына сай жаңа мазмұнда білім беруді ұйымдастыру 12 жылдық білім кеңістігіне шығудағы Қазақстанның жаңа ұлттық білім моделін қалыптастырудың тиімді жолдарын қарастыруында. 12 жылдық білім берудің негізгі мақсаты – еліміздегі білім беру жүйесінің құрылымы мен мазмұнын толықтай өзгерте отырып, заманына сай мектеп құру. 12 жылдық оқытуға көшу Қазақстандық білім беру реформасының стратегиялық міндеттерін ойдағыдай шешуге мүмкіндік береді.
12 жылдық жалпы орта білім беру үш сатыдан тұрады
1-саты – жалпы бастауыш білім беру (1-4 сыныптар – бастауыш мектеп)
2-саты – негізгі орта білім беру (5-10 сыныптар – негізгі мектеп)
3-саты – жалпы орта білім беру (11-12 сыныптар – жоғарғы мектеп)
12 жылдық білім беруге көшу еліміздің білім саясатындағы келелі мәселелерді шешудегі нақты қадам болып табылады. Ортақ мақсат пен ұлттық мұратқа жеткізетін игіліктерге еліміздің әр азаматы құзырлылығына сай өз үлесін қосатын болса, онда ұлттық рухымыздың биіктеуіне, рухани санамыздың жаңаруына, нәтижесінде тың идеялардың тууына ықпал ететін парасатты орта қалыптастыратын боламыз.

4. Дәстүрлі оқыту жүйесін модернизациялау оқушыға берілетін білім мен игерілуге тиіс ұғым-түсінікті меңгеру, уақытқа үйлесімді жетілдіріп жаңа педагогикалық технологияға сәйкес дамыту.


Иновациялық оқыту: оқушының мүмкіндігі мен шамасына қарай мәселенің байыбына барып, үлгі көрсетер өнегелеріне еліктеп, тағылымдық жолдарын қабылдау, оған шығармашылық тұрғыдан пайымдау жасауға үйрету. Сонымен қатар шығармашылдық ойлау мен бастамашыл іс-әрекеттегі саналылықты өрістетуге зерттеушілік тұрғыдан белсенділігін жетілдіріп, іс-әрекетке бейімділігін, қызығуын қалыптастыратын жол.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет