2. Жаңа материалдың таныстырылымы



Дата27.12.2016
өлшемі106,14 Kb.
Сыни тұрғыдан ойлау «Ойлау туралы ойлану» деген түсінік береді. Бұл модуль арқылы маңызды мәселелерді талқылауға болады және білім беру үшін тиімді болып табылады. Бұл оқушылардың да мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Сыни тұрғысынан ойлау модулін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігімен қатар оқушыларға деген сенімділік күшті болу керек деп ойлаймын.

Тәжірибе кезеңінде жаңа әдістерді пайдалануды реттілікпен қолдана білгендігін көздеген едім. Сабағымды бастамас бұрын әріптестермен кеңес өткізіп, ата-аналармен байланыс жасап бұл жаңа әдістердің тиімді, құнды жақтарын атап айттым. «Бірлесіп пішкен тон келте болмас» дегендей жалпы мектеп ұжымы, әріптестер қолдау көрсетіп сенімділік танытқан соң өзімде бір күш пайда болып ынталы түрде әр сабағымды жақсы, тиімді өткізуге тырыстым және тізбектелген сабағымның бір үлгісін төмендегідей талдап көрсетуді ұйғардым .

1. Кіріспе

2. Жаңа материалдың таныстырылымы

3. Жаңа материалды қолдау

4. Қорытынды бөлімі

Сабақты бастамас бұрын оқушыларды үлестірмелі дидактикалық материалдарды пайдалану арқылы топқа бөлдім. Сабағымның кіріспе, ұйымдастыру бөлімі «Сәтті болсын күніміз!» атты психологиялық дайындықтан басталды. Бұл бөлімде балалар бір-біріне жақсы сөз, жылы тілектерін арнады. Мысалы: бір оқушым «Анамнан үнемі жылы сөз естігенімді қалаймын» десе Бекжан деген оқушымның «Күнің де, түнің де сәтті болсын!» деген сөздерінің өзі адам жанына жылы тиері анық деп ойлаймын.

Өткен сабақты пысықтау барысында оқушыларға он сұрақ дайындадым. Балалардың өткен сабақты қалай меңгергенін байқау барысында тез және ұтымды жауап беруін қаладым. Оқушыларым өткен сабақты жақсы меңгерген, барлығы жарыса жауап беріп отырды, тіпті төмен оқитын Әли мен Бекжан деген оқушыларым да жақсы қатысып отырғаны қуантты. Осылайша өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыра отырып, жаңа сабақ тақырыбын ашуға ұмтылдым. Бұл сабағымда да сыни тұрғысынан ойлау модулінің кейбір стратегиялары көрініс тапты. Топтастыру стратегиясы бойынша «Туған жер» деген сөзді қалай түсінесіңдер, мағынасын кім айтады дегенде, оқушылар өз түсініктерін айта бастады. Олар туған жер – атамекен, туған топырақ, айналаны қоршаған орта деп айта бастады. Сол уақытта дарынды оқушымның біреуі туған жер — Елорда, Астана деген кезде, мен, ендеше Астанаға саяхат жасаймыз, ол жөнінде ой – санамызды , білімімізді толықтырамыз дей келе жаңа сабақты бастап кеттім. Сол уақытта балаларым да жинақталып, Астана туралы мағлұмат алғысы келген кезде, мен Елордамыздың көрікті жерлеріне тоқталып, интербелсенді тақтадан көрсетіп әңгімелеп өттім. Осы жерде оқушылардың арасынан Астанаға барғандары да болып шықты. Ол – Айнар деген оқушым еді. Бәйтерекке барып өзінің арман тілегін айтқанын да әңгімелеп берді. Яғни, балалардың сабаққа деген қызығушылықтары артып, белсенділік таныта бастады. Астананың Қазақстан картасы арқылы орналасқан жерін, жалпы Қазақстанның бес елмен шектесетінін айтып өттім.

Сын тұрғысынан ойлаудың ең жақсы тұстары балалардың жан-жақты іздену қабілеттері дамиды және нашар оқитын оқушыларда да қозғалыс, ұмтылыс, жұмыстану қабілеттері пайда болады.

Кейбір сабақтарымда кедергілерге ұшырасам да, оны жеңу жолдарын іздестіре бастадым. Сын тұрғысынан ойлау модулін реті келсе әр сабақта қолданған ұтымды.

Негізінен тек тақырыпқа байланысты емес, жалпы тәрбие сағаттарында да осы бағытта жұмыстанамын. Олардың сөздік қоры жақсы дамып, сөйлеу мәдениеті де қалыптасады. Менің түсінгенім, балаларда бұрынғыға қарағанда ізденушілік, қызығушылық пайда болды. Сабақ кезінде оларға уақыт берсен, оларды жұмыстануға бағыттасаң, өз мақсатыңа жетуге болады деп ойлаймын. Мысалы: маған осы модульдің ерекшеліктері ұнады. Ондағы әр стратегияның балалар үшін де берері мол. Балалар өздерінің ой пікірі, жұмыстары бағаланатының сезді және ынталана түсті. Жұптық, топтық жұмыстарда өз ісіне сенімі аз балалардың да сабақ барысына қатысуына көмегі көп болды. Кейбір оқушылардың айтқан жауаптары таңқалдырды. Мысалы: Айниса деген оқушым сабағы жақсы болғанмен өзі тұйықтау еді. Бірақ, ол туды зерттеп, таныстырғанда өзінің еркін сөйлеу қабілеті бар екені анықталды бұрын бұл оқушым тақырып мазмұнын айтумен ғана шектелетін. Ал, Ақнұр сұраққа жауап барысында «Туған жер» туралы түсінігін өте жақсы жеткізді және жауабына таңқалып, сөздік қоры жас ерекшелігіне сай екенін, сөйлеу мәнерінің де қаншалықты қалыптасқанын аңғардым. Ал, сабақ барысында, Мафтуна, Әсемгүл сияқты оқушыларымның жұмыстанып, қатысып отырғаны жақсы нәтиже берді.

Әрине бұл сыни тұрғысынан ойлаудың кейбір қиыншылық тудыратын кездері де болады. Бұлай дейтінім, топтық жұмыс барысында кейбір оқушылар тасада қалыс қалып жатады. Ондайда оларға тақырыпқа сай жұмыс беруге тырысамын. Балалар негізінен өздері сөйлеуге жаттығып, өзгенің пікірін тыңдап, санаса біледі, кейде келіспеушілік те туындайды. Ондай уақытта өз ойларын дәлелдеуге тырысады.

Оқушылар сыни тұрғыдан ойланғанда тақырыпты ашу үшін дәлелдемелерге тоқталады. Негізінен берілетін тапсырманы оқушының жас ерекшелігі мен деңгейіне сай беріп отырған дұрыс.

Сабақта берілетін тапсырмалардың барысы, мақсаты оқушылардың дәлелге қатысты сыни тұрғыдан ойлауы болып табылады. Олар өз жұмыс тарын баяндап, талдап айтуға ұмтылады.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту диалог арқылы да жүзеге асады. Бұндай оқыту сыныптағы қарым-қатынасты жақсартады.

Жалпы сыни тұрғысынан ойлау әдісі өз-өздерін реттей алатын ой- толғанысы ретінде бейнеленіп отыр. Балалардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту үшін мұғалімдер тыңдау мен зерттеу арқылы оқуға көңіл бөліп, шешім қабылдап тиісті дағдыларды меңгерткені жөн. Ол үшін біз теорияның мазмұнын толық меңгеруіміз қажет деп ойлаймын.

Оқушы жұмыстарының қорытындысы мен тұжырымдамасын қалыптастыру үшін жаңа әдістермен технологияларды дамытуымыз керек деп түсінемін. Мысалы оқушылар айналаны қоршаған ортаны танып – білуі үшін немесе әдебиеттік оқу сабағын алсақ та қолданылатын дағдылар төмендегідей болады деп ойлаймын:


  • олар әртүрлі дәлелдерді жинап топтастырады, суретін салады, фотосуретке түсіреді, дәлелдемелер жинақтайды;

  • негізгі деректерді анықтайды және сұрақ қоя біледі;

  • негізгі деректерді жағдаяттық қорытындылармен салыстыра алады және ойларын талқылап, жинақтайды;

  • кейбір болжамды жұмыстары мен ұсыныстарын қайта қарауы мүмкін.

Оқушылардың жұмыстарын тексеріп, қортындылаған кезде мұғалімдермен кеңесіп, талқылап, олардың кеңестеріне ой жүгіртіп, қайта қарап, төмендегі рет бойынша көмек беремін және жұмыстарының жүзеге асуына осы дағдыларды қолданамын:

көру арқылы немесе дәлелдемелер арқылы ақпараттар беруге тырысамын;

негізгі іс-әрекетті анықтайтын тақырыптан ауытқымауды ескертіп, ұсыныстар айтамын:


  • олардың өзара байланысын анықтатамын;

  • жұмыстарының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыртамын;

  • оларға түрлі ақпарат көздерімен мүмкіндік болса байланыс жасауға ұсыныс жасаймын.

Негізінен балалардың өздігінен реттелетін білім алуының үш элементіне де оқталып өткенді жөн санадым. Олар төмендегіше болады:

тапсырмамен жұмыстану барысында өздігінен бағыттала біледі;

олар проблемалары мен алғы мақсаттарын өздіктерінен айқындай алады;

проблеманы шешу мен мақсатқа жету үшін әдіс – тәсілдің тиімді жолын өздіктерінен таңдайды.

Шет ел ғалымы Перри бастаған зерттеушілер тобы Британ Колумбиясындағы үш жастағы балаларға зерттеу жүргізгенде үлкен нәтижеге жеткен. Яғни, содан түйгеніміз, балалардың өз бетінше жұмыстану қабілеті бар екенін білгеніміз деп түсінемін. Диалогтық оқытудың да сыни тұр ғысынан ойлау модуліне байланысы өте ерекше. Себебі 2004 жылы Александер диалогтық оқытуды зерттегенде сұрақ-жауаптың жасаған қорытындылардың маңыздылығы мен қажеттілігіне көз жеткізгенін байқаған, ал Мерсер болса сыныптағы талдаудың үш түрін анықтаған. Оны біз күнделікті сабақ барысында пайдаланып жүргеніміз анық:


  • пікірталастық әңгіме;

  • кумулятивтік әңгіме (бір – бірінің айтарын сынамайды);

  • зерттеушілік әңгіме (ұсыныс, дәлел, сыни тұрғыдан ойлану).

Мұғалімдердің көпшілігі өздерінің білімдері мен кәсіби дайындықтарына сәйкес үнемі ізденіспен толғаныста болады . Бұл жердегі менің де тоқталып айтар негізгі ойым «Жаңа форматтағы мұғалім» болу үшін, жаңа үдерістегі жарқын да, бейнелі болашағы зор жаңа модульдерді күнделікті сабақ барысына үнемі енгізіп, жүйелі жұмыстану барысында әріптестермен ортақ шешімге келе отырып, биік белестерді бағындырсам деймін.

Дене тәрбиесі пәні мектебімізде барлық оқу - тәрбие түзілімімен тығыз байланыста жүргізіліп, оқушылардың өмірінде маңызды орын алады. Дәстүрлі емес құрал - жабдықтарды тиімді әрі дұрыс пайдалану – сабақтың жүйелілігін арттырып, жаңа дағдылар мен шеберліктерді игеруді тездетеді, әрі бұрын өткен сабақтарды бекітуге септігін тигізеді. Мектепте жұмысты осылай жүргізудің нәтижесінде оқушылар Президенттік және Ұлттық сынамаларды табысты орындауға қол жеткізіп келеді. Сабақты сауатты ұйымдастырып, оны жоғары деңгейде өткізу арқылы мектеп оқушыларының дене дайындығы мен дене бітімінің дұрыс дамуына тиісті дәрежеде қол жеткізу мүмкін емес. Сондықтан сыныптан тыс жұмыстарды да қосымша жүргізу қажет.

Тәуелсіз еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақ. Сондықтан мектеп оқушыларының сапалы білім мен саналы тәрбие алуы ең басты мәселе. Бүгінгі ғылым мен техниканың дамыған ғасырында жас ұрпақты ізденімпаздыққа, білімділікке және шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру үшін заман талабына сай сапалы білім беру мұғалімнің ең басты міндеті. Қандай пәнді оқыса да оқушы білімі сапалы, нәтижелі болуы керек. Ендеше оқушы білімін бүгінгі күн талабына сай дамыту,тереңдету ғылыми түрде құзіреттілік деп түсіндіріледі. 
Егер ол пән оқушыны қызықтырмаса, не істеу қажет? Міне осындай әр түрлі ойлардан кейін бала жүрегіне жол тауып, білімге жетелеу үшін мұғалім оқушыларды қызықтыратындай әр түрлі әдіс- тәсілдерді қолдануы тиіс.Соның бірі «сын тұрғысынан ойлау» технологиясының әр түрлі стратегияларын өз сабақтарымда қолданып отырамын. Нәтижесінде: 

- сабақтың мазмұны, сапасы артады; 


- жауапкершілік, шығармашылық қабілеті қалыптасады; 
- оқушы өзін-өзі бағалап, білім деңгейін арттыра алады; 
- пәнге деген қызығушылығы артады. 
Сабақ сын тұрғысынан ойлау (СТО) –сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл бағдарлама бірнеше стратегиямен жұмыс жүргізу арқылы жүзеге асырылады.Бұл әдіс мынандай мақсат қоя алады: 
-оқушыларды ойландыруға; 
-өз ойларын ашық айтуға; 
-пікір таластыруға /дебат/; 
-дұрыс сөйлей білуге; 
-өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге
-оқушылар шығармашылығын дамытуға;

  Жаңа технологияны пайдаланудың тиімді тұстары:

1.Оқушының пәнге деген жеке қызыушылығын оятады;

2.Танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;

3.Әлеуметтік мәдени тәрбие қалыптастырады;

4.Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;

5.Мұғалімнің уақытын үнемдейді;

6.Қосымша мәліметтер береді.

Жаңа технологияны пайдаланудың мұғалімге берері:


  • Барлық баланы оқыту;

  • Оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектесу;

  • Білім берудің формасын оңайландыру міндеттерін атқару;

  • Оқушының жеке қабілетін айқындау, іздену;

Бұл технологияның негізгі ұстанымдары: әлсін –әлсін қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, тіректерді пайдалану, келіспеушіліктің болмауы, оқушының жетістіктерінің жариялығы, қателерді түзеуге мүмкіншілік жасау, барлық балалар дарынды, табысқа жетуге жағдай жасау, оқытумен тәрбиенің бірлігі. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту күрделі процесс болып келеді. Сыни ойлау ақпарат алудан басталып, қаралатын мәселеге байланысты шешім қабылдаудан аяқталады. Сыни ойлау кез – келген жас аралықтарына тән. Сыни ойлау күрделі үрдіс болғандықтан, оқушыға сыни ойлау ортасын жасау қажет. Мұнда әр оқушының ойы шыңдалып, өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады. Сыни тұрғысынан ойлауы қалыптасқан ортада оқушы: нақты мақсат қоюға дағдыланады, өзіне деген сенімі артады, оқу процесіне белсенді қатысады, жолдастарының пікірін сыйлайды, өзін толғандыратын, проблемалық сұрақтар қоя біледі. Сараптауға, бағалауға дағдыланады, пәнге деген қызығушылығы артады.

Сабақ СТО бағдарламасы 3 кезеңнен тұрады: 


I. Қызығушылықты ояту 
II. Мағынаны ажырату 
III. Ой толғанысы 
Қызығушылықты ояту кезеңі –мұнда өткен тақырыптан не біледі, не айта алады, өткенді еске түсіру, ой қозғап, әсер ету кезеңі болады. 
Мағынаны ажырату кезеңінде – нақты тақырыпты мұғалім сұрақ-жауап арқылы түсіндіре отырып , өз беттерімен ойларын ортаға салып, жаңа сабақ, жаңа идеяны жүзеге асыруға талпынады. Яғни, оқушының ескі мен жаңаны ұштастырып, ойын кеңейтеді. 
Ой толғаныс кезеңінде оқушы не білгенін қорытып, саралап, бекіту арқылы білімін жинақтайды. 

Бұл технологияда бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Ал соңғы кезеңде оқушы өз шығармашылығынан қабілетін таныта алады. Мұнда оқушыға ойланып толғануға уақыт берілуі керек.



«Қызығушылығын ояту» кезеңінде алдыңғы өткен тақырыпты тексеру мақсатында тест жұмыстарын өткізу арқылы оқушы білім деңгейін қадағалап, жаңа сабақты бастар алдында «Топтастыру» стратегиясы арқылы оқушылармен бірлесе жұмыс жасауға болады. Сабақтың қай құрылымында болмасын осындай стратегияларды қолданғанда «Мен не ұтам?», және «Оқушы не ұтады? деген сұрақтарды естен шығармау керек. «Мағынаны тану» кезеңінде оқушыларды топқа бөлу арқылы сұрақтар дайындап оны «Кубизм» стратегиясы арқылы жүзеге асыруға болады. Сұрақтар үш деңгейде әзірленеді. Дайындаған сұрақтарға оқушылар өз ойларын білдіріп жауап береді. Бұл технологияның келесі бір кезеңі – ой толғаныс. Мұнда «Венн» диаграммасын қолдану арқылы тақырыптардың ұқсастығымен мен айырмашылығын көрсетуге болады. Осы кезеңде пікір-сайыс немесе «5 минуттық эссе» жаздыруға болады. Мұндағы мақсат оқушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастыру. Эссе жазғанда сабаққа қабілеті төмен деген оқушылардың 5-6 сөйлемнен тұратын ойын жазса, соның өзі оқушыны сабаққа тарта білгеніміз. Білім беру мазмұнын жаңарту, оқыту әдістерін жетілдіру оқушылар мен мұғалімдердің өзара қарым- қатынасын жоғары деңгейде ұйымдастыру секілді міндеттердің қай- қайсысы да әрекетсіз іске аспайды. Оқу- адамның саналы өміріндегі басты әрекет. Оқу әрекеті мұғалімнің басшылығы арқылы оқушының сана- сезімін дамытуға бағытталады.
Мен сабақ барысында оқушылардың қабілетіне, білім деңгейіне, ынтасына қарай екі топқа бөліп, өз бетімен еңбектенуге, ізденуге, шығармашылыққа баулып, қорытынды жасауға машықтандырамын, оқушының ақыл-ойын дамытып, өзіндік дүниетанымын қалыптастырамын, сабаққа ынтасын арттырып, тапсырманы орындау барысында жіберілген қателер мен кемшіліктерді уақытында анықтап түзетуге мүмкіндік беремін.
Әрбір сабақ тұтас педагогикалық процестің функциясын жүзеге асыруға бағытталған: оқыту, дамыту, тәрбиелеу. Соның нәтижесінде сабақ көпжоспарлы, құрылымы әр түрлі болып келуі мүмкін. Сабақ құрылымының ерекше көп тараған түрі барлық дидактикалық міндеттерді шешуге: білімді енгізу, жаңа материалды зерделеу, өткен материалды бекіту, бақылау, оқушылардың білімін бағалау, үйге тапсырма берумен байланысты.





Каталог: 7F3CE6B28BBE0B0E
7F3CE6B28BBE0B0E -> Сабақтың тақырыбы: ц дыбысы мен әрпі. Цирк Сабақтың мақсаты: Болашақ ұрпаққа терең біліммен өнегелі тәрбие беру
7F3CE6B28BBE0B0E -> Бастауыш сынып пәндер әдістеме бірлестігінің 2016-2017 оқу жылының қорытынды есебі
7F3CE6B28BBE0B0E -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның этномәдениеті Сабақтың мақсаты: Білімділік
7F3CE6B28BBE0B0E -> Сабақтың көрнекілігі: Астананың көрікті жерлерінің суреттері, видеоролик Мұғалім
7F3CE6B28BBE0B0E -> Сабақтың тақырыбы: Кремний және оның қосылыстары. Сабақтың мақсаты: Білімділігі
7F3CE6B28BBE0B0E -> Сабақ №1 Күні: Тренер: депу А. Өткізілетін орны: Байтере нм қазақ тілі каб.№ Уақыты: 3 сағат


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет