2. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу. Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері



бет1/7
Дата25.11.2022
өлшемі40,39 Kb.
#159808
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
бөж Тлеубаева С
шет тили, Документ (1), Pedagog-psikhologtar a-arnal an-psikhologiya-kaz, Æàñ?ñï³ð³ìäåðä³? åðòå æûíûñòû? áàéëàíûñòàðûíû? àëäûí àëó, mozart-lakrimoza-stepanov, Линейные неоднородные дифференциальные уравнения второго порядка

1. Өтпелі кезеңнің қиыншылықтары: экономикалық дағдарыс, әлеуметтік шиеленіс, тұрмыс деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық, қылмыстың көбеюі.
2. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу.
3. Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері
4. ЭСПО-2017 өткізудің Қазақстан үшін маңызы
1986-1991 жылдар
Қазақстан экономикасында, басқа одақтас республикалардағы сияқты, нарықтық қатынастар орнай бастады, әр түрлi кооперативтер, жеке меншiк фирмалар мен шағын кәсіпорындар пайда болды. 80-жылдардың аяғына қарай орталықтың республиканы бақылауының әлсiреуi салдарынан, шет елдермен тiкелей экономика және сауда байланыстарын орнатуға мүмкiндiк туды. Қазақстан бұрын да өз өнiмдерiн шетке шығарып отырған, оның 97%-ы шикізаттар, материалдар мен жартылай шикiзаттар болатын.
Экономикаға түбiрлi реформа жасау және меншiктiң көп түрлiлiгi негiзiнде нарықтық қатынастар орнату үшiн бiрқатар заңдар қабылдау керек болды. Орталыққа бағынған кезiнде Қазақстанда “Қазақ КСР-iндегi еркiн экономикалық аймақтар туралы”, “Қазақ КСР-iндегi шет ел инвестициялар туралы”, т.б. заңдар қабылданды. Республикада Сыртқы экономика министрлігі құрылды, Сыртқы экономика банкi ашылды. Әр түрлi экономикалық қауымдастықтардың, корпорациялардың дүниеге келуi өзара әрiптестiк сауданың дамуына жағдай туғызды, оның көлемі 1990 ж. 1,5 есе өстi. Жаңа құрылымдардың пайда болуымен бiрге адамдардың іскерлік белсендiлiгi артты. Бiрлескен кәсiпорындар мен банктер ашыла бастады. 1990 ж. қарашада Сауд арабиясымен бiрiккен “Әл-Барака банк Қазақстан” банкi құрылды, Оңтүстік кореяның “Самсунг” корпорациясымен iскерлiк байланыс орнатылды. Сеулдiк кәсiпкерлер Алматыдан мейрамхана ашты. Қазақстан —Қытай әуе жолы мен Жаркент — Құлжа (Инин) автожолы жұмыс iстедi. 1991 ж. Қазақстанда әлемнiң 25 елiнiң қатысуымен құрылған 35 бiрiккен кәсiпорын ресми түрде тiркелдi. Республикадағы тоқыраған экономиканы шет мемлекеттердiң экономикалық және технологиялық көмегiнсiз қалпына келтiру қиын едi. Шет ел капиталын тарту үшiн республика жаңа заңдар қабылдап,инвесторларды 5 жыл бойы табыс салығын төлеуден босатты.
Қайта құру идеяларын өмiрге енгiзу жеңiл болған жоқ. Басқарудың орталықтанған жүйесiнен бас тартпай, әкiмшiл-әмiршiл пиғылдан арылмай, түбегейлi құрылымдық өзгерiстер жасамай тұрып, реформаны одан әрi дамыту мүмкiн болмады. Қоғамды демократияландыру iсi орталық пен республикалар арасындағы, одақтас республикалардың өз арасындағы қалыптасқан экономикалық қарым-қатынасты, сондай-ақ, бұл қарым-қатынастың мемлекеттік-құқықтық негiздерiн қайта қарауды қажет еттi. Қазақстанда Президенттік Басқарудың енгiзiлуi мемлекеттік билiк әлсiреп, экономикадағы дағдарыс тереңдей түскен жағдайда елдегi экономикалық және саяси ахуалды тұрақтандыруға бағытталған заңды құбылыс едi. Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның қабылдануы (25.10.1990) нәтижесiнде материалдық-техникалық, сыртқы экономикалық қатынастар, қаржы салаларында жаңа мүмкiндiктер туды. Орталық органдарды жанай өтiп, бұрынғы кеңiстiктегi республикалармен тiкелей экономикалық байланыстар орнай бастады. Шет мемлекеттермен байланыстарды жолға қоюға мүмкiндiк туды. ҚР Президенті одақтық бағыныстағы мемлекеттік кәсiпорындарды Қазақстан Үкіметінің құзырына алу, Қазақ КСР-iнiң алтын және күмiс қорын жасау туралы жарлықтар, сыртқы экономикалық қызмет пен мекемелердiң тәуелсiздiгiн қамтамасыз ететiн басқа да жарлықтар шығарды. Ендi бұрынғы одақтас республикалар өзара тiкелей дипломатиялық және экономикалық қарым-қатынас орната бастады. Қазақстан да 1990 — 91 ж. Әзірбайжан, Беларусь, Ресей Федерациясы және Украинамен экономикалық шарт жасасып, достық пен ынтымақтастық туралы әр түрлi келiсiмдерге қол қойды. Қазақстан мен Ресей Федерациясының арасында да бiрсыпыра келiсiмдер жасалып, өзара мiндеттемелер қабылданды. Қазақстанның тәуелсiз мемлекет болып жариялануы (16.12.1991) нәтижесiнде осы уақытқа дейiн шикiзат аймағы және арзан жұмыс күшiнiң көзi саналып келген республика экономикаға меншiктiң көп түрлiлiгiне негiзделген нарықтық қатынастарды енгiзе отырып, дербес экономикалық өрлеу жолына түстi.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет