2 ҚҰЛАҚтандыру


КІНДІК ХҮКІМЕТ ПЕН СІБІР ХҮКІМЕТІ



Pdf көрінісі
бет225/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom
Бауыржан Омарұлының кітабына рецензия
 
КІНДІК ХҮКІМЕТ ПЕН СІБІР ХҮКІМЕТІ 
Самар  қаласын  большевик  алысымен  Уфада  мемлекет  кеңесім  де  сайланған  Кіндік 
хүкімет Омбы қаласына көшіп келген еді. Сонан бері көп уақыт өтті. Бірақ Кіндік хүкімет 
іспен өзін жұртқа білдіре алмай, суға батқан кісідей Омбының қалың қара саясат ауасына 
батып  жоғалғандай  жым-жырт  болған  еді.  Жаңада  орыс  газеттері  осының  себептерін 
білдіріп отыр. Кіндік хүкімет пен Сібір хүкіметінің арасында бірсыпыра тартыс болыпты, 
бірін бірі көп уақыт арбасыпты. 
Мемлекет  кеңесінде  салынған  саяси  жол,  етіскен  серт,  ішіскен  ант  бойынша  Кіндік 
хүкімет жалпы Россияның ісіне шеңбер, абыройына қорған болмақ еді; Кіндік хүкіметтің 
әмір-жарлықтарына  автономия  хүкіметтері  бас  имек  еді.  Өмір  жүзінде  осы  айтылған 
шарттар  Омбы  қаласында  орындалмаған  көрінеді.  Газеттердің  хабарларына  қарағанда 
Сібір  хүкіметі  хәкімшілікті  бауыр  басқандық  мінез  көрсетіп,  өз  ауданынан  шыға 
әдепсіздік  қылып,  Кіндік  хүкіметтің  алдынан  кесе-көлденең  өте  берсе  керек.  Сондықтан 
«Өтпес  жарлық  —  бойға  қорлық»  дегендей,  Кіндік  хүкімет  үнін  шығармай,  Сібір 
хүкіметімен тек іштен ғана арбасып, көп уақыт жым-жырт жатыпты. Соңғы келген хабар 
екі хүкіметтің келіскендігін білдіреді. Бұ хабарша кіндік хүкіметтің жанында министрлер 
кеңесі  жасалмақ;  кеңеске  кіретін  министрлерді  екі  хүкімет  анықтамақ.  Сібір  хүкіметі 
уақытша жоғала тұрмақ. 
Әзіргі  алынған  хабарлар  осылар.  Кіндік  хүкімет  жалпы  Россияға  бас  хүкімет  болып, 
айтқанын  қылғызып  отыра  ма,  жоқ  бар  өмірі  Сібір  хүкіметімен  я  басқа  хүкіметпен 
саудаласумен өте ме — мұны алдымыздағы уақыт көрсетер. 
 


179 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   227




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет