2 ҚҰЛАҚтандыру



Pdf көрінісі
бет32/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom
Бауыржан Омарұлының кітабына рецензия
 
КҮШ — БІРЛІКТЕ 
Заман  күннен  күнге  түрленіп  зымырауда.  Кешегі  іс  бүгін,  бүгінгі  іс  ертең  болып,  өмір 
ағымы  асықпайтын  дағдылы  жолымен  жүруден  қалды.  Ырғып  олай да,  булай  да  кететін 
күйге түсті. 
Октябрьдің ішінде мемлекет билігі Уақытша Хүкімет қолында тұрғанда сол кездегі саясат 
ісінің  ағымына  қарап,  Том  сиезіне  барған  қазақ  өкілдері  Сібірмен  қосылып  автономия 
аламыз,  оңайлықпен  енші  беріп,  отау  қылғысы  келмейтін  улы  орыстан  жырылып 
шығамыз,  жете  келе  Сібірден  бөлініп,  қазақ  болып,  тізгінімізді  аламыз  деген  еді. 
Мемлекет қалпы сол күйінде тұрғанда өкілдердің бұл айтқаны жарыққа шығып, іске асуы 
онша оңай емес еді. Ол кезде Россия мемлекеті тігісінен сөгіліп, аса ыдырамаған еді. Бүтін 
тұрған қалпында жеке автономия болуға біз сияқты оннан бір мүшесі жоқ жұртқа жолың 
бос дейтін ұлы орыс жоқ еді. Амалсыз серік іздеп, бізден Сібір сиезіне барған өкілдердің 
Сібір жұрттарына сүйенгені сол еді. Екінші себеп мәдени күшіміздің кемдігі еді. 
Енді  саясат  ағымы  ол  кездегі  жолдан  тайып,  басқа  жолға  түсті.  Өзге  түрге  кіріп  түледі. 
Енді  бар қазақ болып, жеке орда тігіп, ешкіммен жалғаспай, автономияны өз алдымызға 
жасап аламыз деуге келдік. Бізге мұны айтқызып отырған - заман. Әйтпесе, Сібір сиезінен 
соңғы  екі-үш  айдың  ішінде  біздің  өнер,  білім  күші  ертегідей  өсіп,  жетіліп  отырғанымыз 
жоқ.  Бұрын  қандай  қамсыз,  жадағай,  күтінбеген  болсақ,  қазір  де  сондаймыз.  Бұрын  біз 
ерік тиіп, Россиядан бөлінеміз демейтінбіз де, деуді ойлаған да, ойлатқан да жоқ. Біз түгіл 
осы  күні  бөлініп  яки  бөліндім  деп  отырған  жұрттардың  ішінде  жалғыз  Финляндия 
болмаса,  өзгелері  қам  қылып,  күтінген  жоқ  та.  Көбіне  бөліну  ойы  өзгерістен  соң  кіре 
бастады.  Көбі  учредительное  собраниеге  дейін  қамданып,  бөліну  жобаларын  жасап, 
даярланып,  учредительное  собрание  ашылғанда  кеңеске  салып,  жолын  айтып,  жолдас 
көбейтіп кәдеге асырмақ еді. Бұл күйден автономия дәме қылатын жұрттардың бәрі  осы 
күнде шығып отыр. Әр қайсысы ешкімнен өтіл сұрамай-ақ ... күнімді қалай көрсем де енді 
менде  ұлы  орыс  жұмысың  болмасын  деп  бет-бетімен  бытырап,  ұлы  орыстың  бұтауынан 
ағытылып жатыр. Автономиясын қорғауға бар күшін салып, қаруын жиып, күтініп жатыр. 
Оймақтай жері жоқ, тұтас тұрған елі жоқ құралуға болмайтын шашылып кеткен жұрттар 
да автономияны жариялап,  оңаша қондым, отау тіктім деп жатқанда оларды еліктемесек 
те,  біздің  де  бар  қазақ-қырғыз  болып,  отау  емес,  орда  тігіп  өз  тізгініміз  өзімізде  деуіміз 
керек болған сияқты. 


25 
 
Автономия  болдық  деген  жұрттар  да,  біз  де  бұл  жолға  тентектікпен  түскеніміз  жоқ. 
Мемлекет  күйі,  саясат  ісі  құбылып,  еріксіз  айдап  түсіріп  отыр.  Март  басында  басталған 
өзгеріс  алғашқы  кезіндегісіндей  болмады.  Жыртықты  жамап,  бүтіндікті  бұзбай, 
учредительное  собраниеге  тыныштықпен  жетуге  жібермеді,  барған  сайын  ұлғайды, 
күшейді. Неше қабат сүрініп, сан қатерге кездесіп, ақырында бастапқы түрінен бастапқы 
күйінен айырылды. 
Мемлекет  тізгіні  большевиктерге  ауысты.  Большевиктер  қалай  билік  қолына  тиіп  күш 
алған соң, Николайдың таз кепешін жұртқа қайта кигізуге айналды. Айтқанына көнбеген, 
айдауына  жүрмеген  елді  аттырды,  талатты.  Кедей  мен  байды,  оқыған  мен  қараны 
жауластырды.  Фабрика-зауыттарды  қираттырды.  Малдыға  мал,  ақшалыға  пұл  қоймады. 
Тартып  алуға  қол  қойғызды.  Россияда  төбелессіз  жер  қалмады.  Жүгенсіздік,  қырылыс, 
атыс  күннен  күнге  күшейді.  Желіккен  надан  жұмыскер  мен  солдаттар  қаруланып  алған 
соң  дәнігіп  бой  бермей  кетті.  Жол-жобаны  ұмытты.  Білгені  зорлық,  күш  болды.  Оларға 
«тәк»  дейтін хәкім болмады.  Хәкімшілік  құрыған  соң  мемлекет  мемлекеттіліктен  қалды: 
жегеннің ауызында, ұстағанның қолында кететін олжа болды. Есі бар жұрт қырып, жойып 
келе жатқан қалың апаттан аман қалу шараларын іздесті. Бізге де апатқа ұшырап, біреудің 
қанжығасында кетпеске талпынып қалатын заман туған сияқты. 
Біздің оқығандар жұрт тегіс оқымысты болып, өнері өсіп, білімі жетіліп, мәдени жолмен 
автономия аларлыққа жарағанда алғанымыз жөн деуші еді. Мұнысы адасқандық емес еді. 
Енді заман ерікке қоймай, қысып, айдап, жеке мемлекет болып қал деп жетілмегендікке, 
күтінбегендікке қоятын емес, тықсырып отыр. Ұлы орыстан басқа Россиядағы әрбір жұрт 
бұл  пікірге  түсіп  отыр,  автономияларын  жариялап  алып  жатыр.  Біз  де  автономияны 
алуымыз керек, бірақ автономияны алды дегенмен іс бітіп, тына қоймайды. Алмақтың да 
салмағы бар, оны да қабат ойлауымыз керек. Бар хәкімшілік солдаттар мен жұмыскерлер 
қолында. Билеген түгі жоқ. Татарлардың автономиясындай автономия бізге керегі жоқ. Біз 
автономия  алсақ,  хәкімшілік  өзімізде,  ешкімге  қол  сұқтырмайтын  қылып  алуымыз  тиіс. 
Ондай автономияны алуға шамамыз келмейтін болса, әуре болмай, елдікке, ерікке, жерге, 
малға қош айтып, ноқтаға басты іліп, қарап отырып өлу керек. Текпіге шыдап, құлдыққа 
көнбей,  жем  болудан  қашатын  болсақ,  мына  ұлы  орыстың  өзімен-өзі  алысып,  әлі  құрып 
тұрғанда  алаш  туын  көтеріп,  ақ  орданы  тігу  жөн.  Дәл  осы  кез  іздегенде  таба  алмайтын, 
автономияны  алып  қалатын  кез.  Ұлы  орыс  есін  жиғанда  оңайлықпен  автономияны  бере 
қоймас.  Тиісті  мезгілін  өткізіп  алып,  баяғыдай  аңсап  жүрмелік.  Ұлы  орыстың  тозағына 
ілініп,  иіне  еріксіз  көнгеніміз  жетер.  Мұны  есімізден  шығармалық.  Елдігімізді  кетіріп, 
береке-бірлігімізді  жойып,  қолқамызға  қол  салған  заманды  ұмыталық!  Мынадай  жұрт 
боларлық, ұлы орыстың текпісінен құтылып, босанарлық заман келіп тұрғанда басты да, 
малды  да  аямай,  автономияны  аларға  керек  болса,  көніп,  шыдау  керек.  Азамат  атаулы 
тегіс  атқа  мініп,  әрбір  қазақ-қырғыз  баласы  шамасынша  мал  шығарып,  жабыла  кірісіп, 
біздің  орда  тігіп  бөлінгенімізге  қарсы  дұшпан  шықса  дүрсе  қоя  беретіндей  күш 
жинауымыз  керек.  Автономия  үшін  малдың  зекетіндей,  азаматтың  күшіндей  нәрсеге 
шыдай алмасақ, бәрібір, ұлы орысты өртеп, жағалай жалмап келе жатқан өрт-апаттан аман 
қалмаймыз. Біз де жоғаламыз, жоқ боламыз. 
Баяғыдан  бері  езіліп  жаншылғанымыз,  баяғыдан  бері  біріге  алмай,  алалыққа  жолығып 
адасқанымыз  жетер.  Енді  жұрт  болалық,  жеке  мемлекет  болалық  деген  сөзді  жүре 
тыңдамай, қос құлақты түріп, әрбір алаш баласы қызмет қылуға тиіс. Елдегі қара бұқара 
білмейді,  біле  тұрып  кежірлігі  ұстап  жүрген  жоқ.  Істің  жайын  анық  ұқтыратын  кісі 
жоқтықтан білмейді. Сондықтан ел ішіндегі оқығандар, ақсақалдар, атқа мінген мырзалар, 
автономия жолына шын көңілімен қызмет қылуды міндет білуі жөн. Қандай қызмет екені 
мынау:  көшбасшылыққа  сайлаған  азаматтардан  бұйрық  барса,  күні-түні  демей,  тез 
орындауға тырысу; не үшін асығыс орындалатынын қара халыққа айтып түсіндіру. Бірақ 
түсіндіргенде қазақ-қырғыз жеке мемлекет болатынын айтып, жалған сөз кірістірмеу тиіс. 


26 
 
Істің  шын  қымбатын  білсе,  қудай  біледі,  автономия  жолына  керек  құрбандықтан 
тартынатын  қазақ-қырғыз  табылмайды,  қандай  шығын  болса  да  көнеді.  Менің  бұған 
иманым кәміл. 
Автономия  зор  іс:  күш  керек,  пұл  керек.  Бұл  екеуі  де  коп  біріксе  табылатын  нәрсе. 
Неғұрлым бірлік көбейсе, солғұрлым автономия берік, қорғауға жеңіл болмақ. Сондықтан 
автономияны  қазір  өзіміз  жасауға  бел  байласақ  (бел  байламай  амал  да  жоқ),  бар  қазақ-
қырғыз  қосылып,  жария  қылуымыз  керек.  Басымызды  қоса  алмай,  жартымыз  онда, 
жартымыз мұнда айырылып,  әркіммен кетсек, тозармыз. Не де болса автономияны ылғи 
қазақ-қырғыз бірігіп айтқанымыз жөн. Ұмытпалық күш бірлікте екенін! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   227




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет