2 ҚҰЛАҚтандыру


ЖҮГЕНСІЗДІК КӨРІНЕ БАСТАДЫ



Pdf көрінісі
бет41/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom
Бауыржан Омарұлының кітабына рецензия
ЖҮГЕНСІЗДІК КӨРІНЕ БАСТАДЫ 
Декабрьдің  25-інде  Семейдің  ескі-құсқы  сататын  базарында  бір  қазақтың  қолындағы 
шайын  солдаттар  көріп,  тартып  алады.  Бадырайтып  тал  түсте  күшпен  тартып  алғанына 
қазақ  көнбей,  айқай  салады.  Сол  арада  базарда  жүрген  қазақ,  алыпсатарға  айналған 
солдаттар жиналып, екі жар болады. Құр қол қазақ не бітіреді? Ұзақтай шулап, топырлап 
жүргенде  базардың  қасындағы  казармадан  (солдаттар  тұратын  магазиннен)  мылтықты 
солдаттар  шығып,  ақ-қараны  тексермей,  қазақ  сабағалы  жатыр  деген  өтірікке  иланып, 
топтанған  қазаққа  келіп  тиіседі:  нәрселерін  тартып  алып,  өздерін  жүндей  сабайды. 
Сасқанда  ақыл  бола  ма?  Таяқ  жеген  соң  қазақ  шананың  дертерлерін  суырып,  қолына 
түскен  ағашты  алып,  қарсы  тұрмақ  болып  дүрсе  қоя  береді.  Солдаттар  бытырлатып 
мылтық  ата  бастайды.  Қазақ  быт-шыт  қашады.  Хайуандығы  ұстап,  қаны  қызған  солдат 
тымақ  кигеннің  бәрін  қуып,  тышқан  аңдыған  мысықтай  кез  келген  қазақты  ұстап  алып 
тепкілейді. Төбелеске кіріспеген бір қазақты ұстап ұрып, жұдырығы, аяғы, тісі түгел тиіп, 
көкпарға берген лақтай бақыртып, езіп, жаншып өлтіреді. Бұл оқиғаны қазақ комитетінің 
адамдары  біліп,  дереу  милиция  бастығына,  солдаттар  советіне  айтып,  тоқтатыңдар 
бұзақыларыңды,  істің  беті  жаманға  айналып  жүрмесін  деп  қыр  көрсеткен.  Олар  қарулы 
потролдар жіберіп, құтырған солдаттарды қуып, казармаларына тыққан. 
Бұл  оқиға  келесі  26-ші  декабрь  күні  тағы  шығып,  бір-біріне  өштескен  қазақ  пен  солдат 
төбелесіп,  бір  қазақ,  бір  ногай  қаза  тапқан.  Солдаттардың  да  келістіріп  таяқ  жегені  бар, 
өлгені жоқ. Солдаттан таяқ жейтін қазақ көрінбесе керек, амал жоқ, мылтығы болмай қор 
болған.  Екінші  күнгі  оқиға  ұлғайып  кететін  сияқты  екен,  сірә,  Алаш  дуанындағы  қазақ 
милициясы  келе  жатыр  деген  біреулердің  өтірік  қоқанлоқысынан  жасқанып,  солдаттар 
қорыққанынан  тоқтайды.  Қазақ  тегеурінін  көрген  солдаттардың  екі  жүздейі  қашып 


33 
 
кетпекке  шойын  жол  вокзалына  барып  тығылыпты.  Аз  да  болса  қарулы  милиция 
барлықтың  пайдасы  осы.  Белсеніп  төбелеске  шықпаса  да,  бар  деген  атағының  өзі  қанша 
жанды аман алып қалды. Жұрт мұны білу керек. 
* * * * * 
Үржар төңірегінде Тарбағатай тауының етегінде жағалай отырған қалың хохол ауылдары 
бар.  Осылардың  биыл  қайтқан  солдаттары  ішкі  Россияда  болып  жатқан  қанды  бүлік 
ішінде  жүріп,  жұқтырып  қайтқан  ауруларын  ауылдарындағы  тыныш  жатқандарына 
жағып, бұзықтық жолына түсе бастады. 
Осы  декабрь  басынан  бері  сол  хохолдар  жиылып,  сыбайлас  отырған  бірнеше  қазақ 
ауылдарына  барып,  жанжал  шығарып,  барымта  қылып  жатыр.  Талай  қазақ  ауылдарын 
шауып,  талап,  сансыз  қой,  жылқыларын  айдап  әкетіп,  соғымының  етіне  дейін  алып,  аш-
жалаңаш қалдырып жүр. 
Біздің  қазақ  бұл  күнге  дейін  хохолдардың  зорлығына  қарсы  келмей,  хәкімдерге  айтып, 
законмен іс қыламын десе де, тексеріп, хохолдан қазақтың малын қайтарып әперер ешбір 
хәкім  таба  алмады.  Халық  ызаланулы.  Бұдан  былай  хохолдар  тентектігін  қоймаса, 
барымтасы қалмаса, қазақ та қарап отырып өле қоймас, бас қорғау, мал қорғау шарасына 
амалсыз кірісер... 
Хохолдар зорлығын қылып, енді өзара жиылып: «қазақ бізді шапқалы жатыр. Малымызды 
ұрлап, тыныштық бермейді. Қорғанарлық қару-жарақ, мылтық берілсе екен» деп шағуға, 
берілсе  мылтық  әкелуге  үш  кісі  сайлап,  Ташкентке  жіберіпті.  Сонымен  қазақ  пен  хохол 
арасында қанды жанжал шығатын түрі бар көрінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   227




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет