2. Негізгі бөлім: i-тарау «Мәдени мұра» тарихымызды жаңғыртқан бағдарлама


«Мәдени мұра» - тарихымызды жаңғыртқан бағдарлама



бет2/7
Дата14.02.2023
өлшемі44,43 Kb.
#168738
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Мәдени мұра КЖ Нәсіпқалиев З.Н
28.11.22 ПРАКТИКА (копия), «1 ñ?ðà?» Àäàìíû? àë?àø?û å?áåê ??ðàëäàðû òàñòàí æàñàë?àí. Ñîíäû, Жоспары I. Кіріспе II. Негізгі бөлім-melimde.com
1. «Мәдени мұра» - тарихымызды жаңғыртқан бағдарлама
1.1 «Мәдени мұра» бағдарламасының мақсаты мен міндеті

«Мәдени мұра» бағдарламасы – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен іске асырылған мемлекеттік бағдарламасы, стратегиялық ұлттық жобасы. Еліміздегі мәдени, экономикалық және әлеуметтік капитал, жалпы адамзаттық мәдениеттің бөлігін, қоғам мен этностың басталуы және тарихи естеліктерді зерттейді.


«Мәдени мұраның» мақсаты – тарих пен мәдениеттің жаңа ескерткіштерін ашу, ұлттық мәдениет үшін айрықша маңызы бар айтарлықтай тарихи-мәдени ескерткіштерді консервациялау, қалпына келтіру және қайта жасау; мәдени мұраның, оның ішінде ауыз әдебиетін, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеудің біртұтас жүйесін жасау; әлемдік ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиеттің үздік жетістіктері базасында гуманитарлық білім берудің мемлекеттік тілдегі толыққанды қорын жасау, шет елде Қазақстанның мәдени мұрасын үгіттеу. [1]

Бағдарлама халқымыздың мәдени мұрасын, ұлттық мәдениет және салт-дәстүрлерін, халқымызбен ұлтымыз үшін ерекше маңызға ие сәулет және тарихи-мәдени орындары мен ескерткіштерін қалпына келтіру, ұлттық әдеби қорымызды жинақтау және зерттеу жүйесін құруды қарастырады.


«Мәдени мұра» бағдарламасы тарихи-мәдени дәстүрлерімізді қайта жаңғыртуды, еліміздің мәдени мұрасын сақтау, қолдану, насихаттау мен зерттеу барысын анықтайды.
«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын сол уақыттағы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастауымен жүзеге асып, құрылған болатын. 2003 жылы сол кездегі мемлекет Басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның үлкен мәдени мұрасын, мемлекеттік тілде гуманитарлы білім қорын, сәулет және тарихи-мәдени орындар мен ескерткіштерін қалпына келтіруді, ұлттық әдебиетімізбен жазудағы көпғасырлы тәжірибені біріктірудегі зерттеудің біріңғай жүйесін қалыптастыруға арналған бағдарлама жасауды бұйырды.
«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы мемлекеттің мәдениетке деген қозғалысын анықтаған рухани және білім беру істерін дамыту саласындағы негізгі құжат, стратегиялық ұлттық жобаға айналып кетті. Осыншама үлкен жобаны жүзеге асыруды ТМД елдерінің арасынан бірінші болып қолға алып бастаған Қазақстан болатын.
Бағдарламаны жүзеге асыру 2004 жылы басталып, екі жылға есептелінген болатын. Кейіннен тағы екі кезеңі құрылды: 2007 жылдан бастап 2009 жылға дейін және 2009-2011 жылдары аралығына дейін болды.

2004-2006 жж бағдарламаның мақсаты мен міндеттері:


Бағдарламаның мақсаты: Рухани және білім беру саласын дамтыу, елдің мәдени мұрасының сақталуы мен тиімді пайдалануын қамтамасыз ету.
Бағдарламаның міндеттері: Еліміз үшін маңызға ие тарихи-мәдени орындарын және сәулет ескерткіштерін қайта жаңғырту, қазіргі заманғы ұлттық мәдениеттің: ауыз-әдебиетінің, дәстүрлер мен әдеп-ғұрыптарды зерделеудің тұтас жүйесін құру, әлемдік ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиеттің жетістіктері негізінде гуманитарлық білім берудің қазақ тіліндегі қорын құру, елдің мұрағаттары мен қоймаларында сақталған ауызекі кәсіби түрде орындаушы-музыканттардың еңбектерін қалпына келтіру мен қазіргі заманғы аудиотаспаларға көшіру.

2007-2009 жж бағдарламаның мақсаты мен міндеттері:
Бағдарламаның мақсаты: Еліміздің тарихи-мәдени мұрасын зерделеу, сақтау және қалпына келтіру
Бағдарламаның міндеттері: Тарих және мәдениет ескерткіштерін, соның ішінде Қазақстан тарихына қатысы бар алыс және жақын шет елдердегі ескерткіштерді қайта жаңғырту жұмыстарын жалғастыру, қазақ халқының мәдени мұрасы саласындағы ғылыми жұмыстарды одан әрі қарай зерттеп, жалғастыру, Қазақстанның тариихы, археологиясы, этнографиясы және мәдениеті бойынша деректерді жинастыру мен шығаруды жалғастыру.

2009-2011 жж бағдарламаның мақсаты мен міндеттері:


Бағдарламаның мақсаты: Рухани және білім беру салаларын дамытудың ғылыми, әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастыру-әдістемелік базасын одан әрі жетілдіріп, дамтыу. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғауда және пайдалануда тиімділіктерін арттыру.
Бағдарламаның міндеттері: Тарихи-мәдени мұра жәдігерлерін сақтап, одан әрі қарай дамыту үшін қолайлы жағдай туғызу, мемлекеттік және салалық бағдарламалар іс-шараларының жоспарын іске асырудағы тиімділіктерін әзірлеу, Қазақстанның бай тарихын және мәдени мұрасын әлемдік деңгейде насихаттау, тарихи-мәдени мұраны туризм саласын дамытуда белсенді әрі тиімді қолдану, тарих және мәдениет ескерткіштерін туризм саласының инфрақұрылымының маңызды бөлігі ретінде қарастыру, тарихи-мәдени мұраны халыққа кеңінен таратып, таныстыру мақсатында қоғамдық білімді және бұқаралық ақпарат салаларын пайдалану, Түркістан қаласы мен Отырар қалашығында орналасқан бірқатар маңызды ескерткіштерді, Есік пен Берел қорғандары және басқа да тарихи-мәдени кешендерді заман талабына сай етіп, қайта қалпына келтіру жөнінде шараларды әзірлеу, еуразия кеңістігіндегі көшпелі мәдениеттің мұрагерлері ретінде қазақ мәдениетінің ұлттық брэндін қалыптастыру және оны халықаралық деңгейде насихаттау, шетелдік археолог, ғалымдармен, іргелі ғылыми орталықтармен бірлесе отырып ұлттық мұраларымызды кешенді түрде жан-жақтан зерттеу және олардың ғылыми айналымға енуін қадағалау және қамтамасыз ету.
Бөлімді қорытындылай өтсем, бұл бөлімде «Мәдени мұра» бағдарламасының басты мақсаты, 2004-2011 жылдары аралығында ұйымдастырылған үш кезеңінің жеке мақсаты мен міндеттері жазылған болатын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет