2. Папиллома Төменгі еріннің атеромасы


«Балалардағы жақ-бет аймағының қосарланған жарақаттары. Клиникалық ағымның ерекшеліктері, нақтамасы және емдеу принциптері»



бет2/12
Дата08.11.2022
өлшемі236,22 Kb.
#157021
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
ыыыыыыыыыыыы

28 «Балалардағы жақ-бет аймағының қосарланған жарақаттары. Клиникалық ағымның ерекшеліктері, нақтамасы және емдеу принциптері».
1019. Балаларда қосарланған жарақат бассүйек-ми және жақ-бет аймағы жарақаты кезінде, науқастың емін жүргізудің НЕҒҰРЛЫМ қолайлы тактикасы?
1. Динамикада бақылау
2. Госпитализация орнын анықтау
3. Жалпы жағдайының ауырлығын анықтау
4. Емдік-алдын-алу шараларының жоспарын жасау
5.+Симптомокомплекске сәйкес баланы госпитализациялау
1020. Емханаға балабақшадан әткеншектен құлап, бетін жарақаттап алған 5-жасар баланы алып келді. Балабақшадан алып келген қызметкер бала есінен танып, екі рет құсқанын айтты.
Балада қандай жарақат болуы мүмкін?
1.+Қосарланған жарақат;бет аймағының жарасы және бас миының шайқалуы
2. Қаңқа сүйектерінің сынығы және бет аймағының жарасы
3. Жұмсақ және беттің сүйек тіңінің жарақаттары
4. Бет қаңқасының бірнеше сүйектерінің сынығы
5. Жақ сынықтары
1021. Клиникаға, бет жарасы бар, велосипедтен құлаған 6-жасар баланы алып келді.Анамнезде, қысқа уақытқа есінен танған және бір рет құсқан. Қарап тексергенде, сол жағынан бет аймағының жарасы анықталды, жара ашық тұр және қанталайды.
Төменде келтірілген алғашқы нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ қолайлы?
1. Басмиының соққысы, жақтың сынуы
2. Жақтардың сынуы, бассүйек-ми жарақаты
3. Бассүйек-мижарақаты, беттің жұмсақ тіңдерінің соққысы
4. Бет қаңқасының сүйектерінің сынығы. Бассүйек-ми жарақаты
5.+Қосарланған жарақат: бас миының шайқалуы, бет аймағының жарасы
1022. 4-жасар бала жылқының тұяғымен бетінен соққы алған. Жалпы жағдайы орта дәрежедегі ауырлықта, бір рет құсқан, бала адекватты, гемодинамикасы тұрақты. Қабылдау бөлімінің дәрігері, жабық бассүйек-ми жарақатын, төменгі жақтың ашық екі жақты сынығын нақтамалады.
Науқасты емдеудің НЕҒҰРЛЫМ қолайлы тактикасы?
1. Төменгі жаққа остеосинтез жасау
2. Сынықтарды иммобилизациялау, амбулаторлы бақылау
3. Жақ-бет аймағы бөлімінде госпитализациялаужәне емдеу
4.+Сынықтарды иммобилизациялау, невропатологтан кеңес алу
5. Сынықтарды репозициялау, педиатрдан және невропатологтан кеңес алу
1023. Клиникаға велосипедтен құлаған 6- жасар баланы алып келді. Баланың беті жарақатталған. Ауру анамнезінен, қысқа уақыт есінен таңғаны және бір рет құсқаны анықталды. Қарап тексергенде, сол жақ бетінің жарасы анықталды, жара ашық тұр және қанталайды.
Төменде келтірілген алғашқы нақтамалардың ішінде НЕҒҰРЛЫМ қолайлысы?
1. Басмиының соққысы, жақтың сынуы
2. Жақтардың сынуы, бассүйек-ми жарақаты
3. Бассүйек-ми жарақаты, беттің жұмсақ тіңдерінің соққысы
4. Бет қаңқасы сүйектерінің сынығы, бассүйек-ми жарақаты
5.+Қосарланған жарақат: басмиының шайқалуы, бет аймағының жарасы
1024. Балаларда бассүйек-ми және жақ-бет аймағының қосарланған жарақаты кезінде, науқасқа ем жүргізудің НЕҒҰРЛЫМ қолайлы тактикасы?
1. Динамикада бақылау
2. Госпитализация орнын анықтау
3. Науқастың жалпы жағдайын анықтау
4. Емдік алдын-алу шараларының жоспарын жасау
5.+Симптомокомплекске сәйкес баланы госпитализациялау
1025. Емханаға балабақшадан, әткеншектен құлап бетін жарақаттап алған 5-жасар баланы алып келді. Балабақшадан алып келген адам, баланың есінен танғанын, екі рет құсқанын айтты.
Балада жарақаттың қандай түрі болуы мүмкін?
1.+Қосарланған жарақат: ұрт аймағының жарасы және бас миының шайқалуы
2. Беттің жұмсақ және сүйек тіңдерінің жарақаты
3. Бет қаңқасының бірнеше сүйектерінің сынығы
4. Бет қаңқасының сүйектерінің сынығы
5. Жақ сынығы

1026. Емханаға балабақшадан, әткеншектен құлап бетін жарақаттап алған 5-жасар баланы алып келді. Балабақшадан алып келген адам, баланың есінен танғанын, екі рет құсқанын айтты.


Төменде аталған ем әдістерінің ішінде НЕҒҰРЛЫМ қолайлысы?
1.+Жараны БХӨ, невропатолог кеңесі;
2. Тұрғылықты жері бойынша динамикалық бақылау;
3. Бет әлпеті бөліміне госпитализациялау;
4. Дәрігер-педиатрдың бақылауы;
5. Баланы нейрохирургиялық бөлімшеге жіберу.
1027. Балабақшада, дөңде ойнап жүріп, құлап жарақат алған баланы алып келді. Бала 1 мин бойы есінен танып жатқан. Содан кейін басы ауырып, бірнеше рет құсқан. Бет аймағының оң жағында жара бар 2,0х0,8 см, ашық тұр, қанталайды.
Осындай жарақаттарда науқастың емін жүргізудің НЕҒҰРЛЫМ қолайлы тактикасы?
1. Динамикада бақылау
2. Госпитализация орнын анықтау
3. Науқастың жалпы жағдайын анықтау
4. Емдік алдын-алу шараларының жоспарын құру
5.+Жараны БХӨ, баланы нейрохирургиялық бөлімшеге жіберу
1028. Емханаға, мектептен 8-жасар баланы алып келді. Бала дене шынықтыру сабағында, спорттық снарядтан құлап, бетін жарақаттап алған. Мектептің медкабинетінің қызметкері баланы алып келді, бала есінен таңғанын, екі рет құсқанын айтты. Қарап тексергенде; бет аймағында сол жағынан диаметрі 3 см болатын қанталаған жара анықталды.
Балада жарақаттың қандай түрі дамыды?
1. Бас миының шайқалуы
2. Бас миының шайқалуы, бет аймағының жарасы
3. Бас миының шайқалуы, сол жақ бет аймағының жарасы
4. Беттің жұмсақ тіңдерінің жыртылып-соғылған жарасы
5.+Қосарланған жарақат: бас миының шайқалуы, бет аймағының жарасы
1029. Жақ-бет аймағының қабылдау бөліміне, мектепте баспалдақтан құлаған 8-жасар баланы алып келді. Ауру анамнезінде, қысқа уақыт есінен таңғаны және бір рет құсқаны анықталды. Қарап тексергенде, иек аймағында жара анықталды, жара ашық және қанталайды.
Төменде келтірілген нақтамалардың ішінде НЕҒҰРЛЫМ қолайлысы?
1. Басмиының соққысы, жақтың сынығы
2. Жақтардың сынығы, бассүйек-ми жарақаты
3. Бассүйек-ми жарақаты, беттің жұмсақ тіңдерінің соққысы
4. Бет қаңқасының сүйектерінің сынығы. бассүйек-ми жарақаты
5.+Қосарланған жарақат: басмиының шайқалуы, иек аймағының жарасы
1030. Жақ-бет аймағының қабылдау бөліміне, мектепте баспалдақтан құлаған 8-жасар баланы алып келді. Ауру анамнезінде, қысқа уақыт есінен таңғаны және бір рет құсқаны анықталды. Қарап тексергенде, иек аймағында жара анықталды, жара ашық және қанталайды.
Төменде келтірілген ем тактикаларының ішінде НЕҒҰРЛЫМ қолайлысы?
1. Нейрохирург кеңесі, жараны БХӨ
2. Жараны БХӨ, невропатолог кеңесі
3. Жараны БХӨ, амбулаторлы бақылау
4.+Невропатолог кеңесі, жараны БХӨ, бақылау
5. Нейробөлімшеге госпитализациялау, хирурга-стоматолог бақылауы

1031. Емханаға, балабақшада бөренеден құлап бетін жаралаған 3-жасар баланы алып келді. Баланы алып келген бала бақша тәрбиешісі қысқа уақытқа есінен танғанын, құсқанын айтты. 3 жасқа дейінгі балаларда қосарланған жарақаттың НЕҒҰРЛЫМ жиі себебі не болып табылады?


1.+Биіктіктен құлау;
2. Үй жұмысы;
3. Спортпен айналысу;
4. Жұдырық тию;
5. Бет күюі.
1032. Төменде аталғандардың барлығы балалар мен жасөспірімдердің қосарланған жарақатында шұғыл медициналық көмек каретасы дәрігерінің тактикасы, ТЕК БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
1. Өмір көрсеткіштеріне байланысты көмек көрсету, транспортировка;
2.+Кешенді реабилитация жоспарын құру;
3. Невропатолог кеңесінің тағайындаулары;
4. Жарақат жағдайын анықтау;
5. Госпитализация орнын анықтау.
1033. Балаларда қосарланған жарақат кезінде беттің бірінші хирургиялық өңдеуін қандай уақытта жүргізген НЕҒҰЛЫМ ТИІМДІ?
1.+ Алғашқы 3 тәулікте;
2. Тек 1-ші тәулікте;
3. 2 тәулік ішінде;
4. 4-5 тәулік ішінде;
5. 6-7 тәулік ішінде.
1034. Бет әлпеті аймағының қосарланған жарақаттары кезінде бала ағзасының қандай анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері өзіндік клиникалық көріністерді, нақтамалау, емдеу күрделілігін және асқынулар туындауын НЕҒҰРЛЫМ дәл анықтайды?
1. Стеноздық асфиксия дамуына дейінгі жұмсақ тіндердің ісінуге бейімділігі;
2.+ Шок даму мүмкіндігі, бас миының жарақаты, қан кетуді нашар көтеру;
3. Бет әлпеті аймағы тіндерінің қанмен бай қамтамасыз етілуі;
4. Бет әлпеті аймағы тіндерінің нервпен бай қамтамасыз етілуі;
5. Өмірге маңызды аралас ағзалардың болуы.
1035. Бет әлпеті хирургиясының қабылдау бөліміне балалар бақшасында ағаштан құлап, бет жарақатын алған 5 жасар баланы әкелді. Баланы әкелген бала бақша тәрбиешісі есінен танбағанын, бірақ басының ауырғанын айтты. Қарап тексергенде: төменгі ерін аймағында көлемі 2,0х1,0 см жара бар, жара беті ашық, қанайды. Қандай емдеу әдісі НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
1.+Жараны БХӨ, невропатолог кеңесі;
2. Невропатолог кеңесі, жараны БХӨ;
3. Жараны БХӨ, дәрігер-стоматологта амбулаторлы бақылау;
4. Бет әлпеті бөлімшесіне госпитализациялау, невропатолог кеңесі;
5. Нейрохирургиялық бөлімшеге госпитализациялау, дәрігер-стоматолог кеңесі.
1036. Бет әлпеті хирургиясының қабылдау бөліміне балалар бақшасында ағаштан құлап, бет жарақатын алған 5 жасар баланы әкелді. Баланы әкелген бала бақша тәрбиешісі есінен танбағанын, бірақ басының ауырғанын айтты. Қарап тексергенде: төменгі ерін аймағында көлемі 2,0х1,0 см жара бар, жара беті ашық, қанайды. НЕҒҰРЛЫМ қандай маманның кеңесі қажет?
1. Нейрохирург
2. Невропатолог
3. Хирург-стоматолог
4. Аудандық педиатр
5.+Жақ-бет аймағының хирургі

1036. Спорт залында, бокстен жаттығу сабақтарында 12-жасар жасөспірім жарақат алған. Есінен таңбаған, басының ауырғанын айтты. Баланың жалпы жағдайы қанағаттандырарлық, психо эмоциональды жағдайы, негативті: бала шошынған, жылайды, қарап тексерілуден бас тартты. Қарап тексергенде: қасүсті аймағында оң жағында диаметрі 3,0 см болатын жара анықталды,жара ашық тұр, қанталайды.


Қандай ем тактикасы НЕҒҰРЛЫМ қолайлы?
1. Неврологиялық бөлімшеге госпитализациялау
2. Жақ бет аймағы хирургиясына госпитализациялау
3. Ауруханада БХӨ жасау, аудандық педиатрдан кеңес алу
4. Неврапатолог кеңесі, амбулаторлы жағдайда БХӨ жасау
5.+Амбулаторлы жағдайда БХӨ жасау, невропатолог кеңесі
1037. Спорт залында, бокстен жаттығу сабақтарында 12-жасар жасөспірім жарақат алған. Есінен таңбаған, басының ауырғанын айтты. Баланың жалпы жағдайы қанағаттандырарлық, психо эмоциональды жағдайы, негативті: бала шошынған, жылайды, қарап тексерілуден бас тартты. Қарап тексергенде: қасүсті аймағында оң жағында диаметрі 3,0 см болатын жара анықталды,жара ашық тұр, қанталайды. Айналасындағы жұмсақ тіңдер ісінген.
Төменде келтірілген алғашқы нақтамалардың ішінде НЕҒҰРЛЫМ қолайлысы?
1.+Жабық бассүйек-ми жарақаты, қасүсті аймағының оң жағындағы жыртылып-соғылған жарасы
2. Бас миының шайқалуы, қасүсті аймағының оң жағындағы жыртылып-соғылған жарасы
3. Бас миының шайқалуы, қасүсті аймағының оң жағындағы жыртылып-соғылған жарасы
4. Қасүсті аймағының оң жағындағы жыртылып-соғылған жарасы
5. Қасүсті аймағының соғылған жарасы

1038. 3 жасар бала, үйінде төсекте секіріп ойнап жүріп, жерге құлап жарақат алған. Анасының айтуы бойынша, жарақатты 3 сағат бұрын алған, бала есінен танбаған, бірақ екі рет құсқан, ауруханаға келген кезде басы ауырғанын айтқан. Қарап тексергенде: жоғарғы еріннің домбығуы, еріннің қызылжегісі және терісінде диаметрі 2,0х0,8 см болатын жара; ауыз қуысында 5.1, 5.2, 6.1 тістерінің бірінші дәрежелі қозғалғыштығы, тістер айналасындағы қызылиектің жыртылуы.


Төменде келтірілген алғашқы нақтамалардың ішінде НЕҒҰРЛЫМ қолайлысы?
1. Басмиының соққысы, жоғарғы ерін жарасы, 5.1,5.2,5.3 тістерінің соққысы
2. Басмиының шайқалуы, жоғарғы ерін жарасы, 5.1,5.2,5.3 тістерінің соққысы
3. Жоғарғы еріннің жыртылып-соғылған жарасы, 5.1,5.2,5.3 тістерінің жартылай шығуы
4. Басмиының соққысы, жоғарғы ерін жарасы, 5.1,5.2,5.3 тістерінің жартылай шығуы
5.+Басмиының шайқалуы, жоғарғы еріннің жыртылып-соғылған жарасы, 5.1,5.2,5.3 тістерінің жартылай шығуы
1039. 3 жасар бала, үйінде төсекте секіріп ойнап жүріп, жерге құлап жарақат алған. Анасының айтуы бойынша, жарақатты 3 сағат бұрын алған, бала есінен танбаған, бірақ екі рет құсқан, ауруханаға келген кезде басы ауырғанын айтқан. Қарап тексергенде: жоғарғы еріннің домбығуы, еріннің қызылжегісі және терісінде диаметрі 2,0х0,8 см болатын жара; ауыз қуысында 5.1, 5.2, 6.1 тістерінің бірінші дәрежелі қозғалғыштығы, тістер айналасындағы қызылиектің жыртылуы.
Қандай ем тактикасы НЕҒҰРЛЫМ қолайлы?
1.+Жоғарғы ерінді БХӨ, 5.1,5.2,5.3 тістерін шендеу, невропатолог кеңесі
2. Нейрохирургиялық бөлімшеге госпитализациялау, дәрігер-стоматолог кеңесі
3. Жақ-бет аймағы хирургиясына госпитализациялау, невропатолог кеңесі
4. Жоғарғы ерінді БХӨ, неврологиялық бөлімшеге госпитализациялау
5. Невропатолог кеңесі, 5.1,5.2,5.3 тістерін шендеу

1040. 3 сағат бұрын мұз айдынында коньки теуіп жүрген 15-жасар бала, иегімен мұзға құлап жарақат алған. Қысқа уақытқа есінен танған, содан соң құсқан. Қарап тексергенде, иек аймағында терінің көгеруі, СТЖБ оң жағынан пальпациялағанда және тістерін түйістіргенде ауру сезімі пайда болды.


Төменде келтірілген алғашқы нақтамалардың ішінде НЕҒҰРЛЫМ қолайлысы?
1.+Иек аймағының жұмсақ тіңдерінің соғылуы, СТЖБ оң жағынан буын өсіндісінің сынуы
2. Иек аймағының гематомасы, төменгі жақтың оң жағында бұрышы аймағынан сынуы
3. Иек аймағының жұмсақ тіңдерінің соққысы, СТЖБ оң жағынан шығуы
4. Иек аймағының гематомасы, СТЖБ оң жағынан шығуы
5. Иек аймағының жұмсақ тіңдерінің соққысы
1041. Сағат бұрын мұз айдынында коньки теуіп жүрген 15-жасар бала, иегімен мұзға құлап жарақат алған. Қысқа уақытқа есінен танған, содан соң құсқан. Қарап тексергенде, иек аймағында терінің көгеруі, СТЖБ оң жағынан пальпациялағанда және тістерін түйістіргенде ауру сезімі пайда болды.
Қарап тексерудің қандай әдісі НЕҒҰРЛЫМ қолайлы?
1.+Панорамды рентгенография, Шулер бойынша рентгенография
2. Бүйір проекцияда рентгенография
3. Контрастты рентгенография
4. Панорамды рентгенография
5. Локальды рентгенография


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет