№2 Педагогикалық менеджмент педагогикалық жүйелерді басқару теориясы мен технологиялары ретінде Жоспар 1


Педагогикалық менеджмент принципі дегеніміз



бет2/8
Дата06.02.2022
өлшемі212,32 Kb.
#79464
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
№2

Педагогикалық менеджмент принципі дегеніміз – білім беру менеджерінің қызметіне тән маңызды талаптар мен ережелердің жиынтығы, басқарудың обьективті заңдылықтарының көрінісі және жеке тұлғалар арасындағы психологиялық қарым – қатынасқа негізделген біртұтас педагогикалық процесс.
Кез – келген ғылымда, оның ішінде педагогикада да менеджмент сөзінің негізгі антропоцентрлік көзқарасты құрайды, оған мына үш талап қойылады.
1. Өз қарамағындағы қызметкерлерге сыйластықпен қарау;
2. Оларға сенім білдіру;
3. Олардың іс - әрекетінде табысқа жету мүмкіндігін жасау.
Білім беру менеджментіне дәстүрлі басқару түрлерінен басқа соңғы уақытта педагогикалық жүйені басқарудың ғылыми негізі ретінде кибернетика заңдылықтарын мақсатты пайдалануға көшуде. Бұл жағдайда білім беру аясының менеджері өз жұмыс бағдарын ғылыми негізделген басқару технологиялары негізінде жүргізуі қажет. Білім беру менеджері субьект қызметін басқаруда белгілі бір кәсіп саласын игеруге, ондағы білім мазмұны мен деңгейіне өз ісін бағыттау керек. Оқытушы мен өндірістік оқыту шебері үшін бұл оқушылар қызметінде белгілі бір жүйедегі білім, білік және дағдылық қабілеттерді игертіп, сапалық және жеке қасиеттерге қол жеткізу. Ал кеәсіптік білім мекемесінің басшысы не жоғарғы оқу орнының ректоры үшін – аталмыш оқу орны педагогтері студенттері мен тыңдаушыларына тәрбие мен білім негіздерін игерту қызметі. Аудандық оқу бӛлімі, қалалық облыстық білім басқармасы, департамент басшылары үшін – бұл оқу орны директорлары мен ректорларының қызметін дұрыс үйлестіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет