2. Тақырыбы: Көркем шығарма



Дата10.12.2021
өлшемі14,39 Kb.
#78945
Байланысты:
2-лекция
2-лекция, Адебиеттануга кириспе 2020

2. Тақырыбы: Көркем шығарма

1. Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні туралы түінік

2. Тақырып пен идея

Дәрістің мақсаты: Қоғамдық сананың бір көрінісі ретіндегі көркем шығармашылықтың табиғатын ашу, оның болмысты бейнелеудегі, адамның идеялық - эстетикалық тәрбиесін қалыптастырудағы рөлін айқындау

Мазмұн мен пішін – күрделі мәселе, іргелі философиялық ұғым. Мазмұн мен пішін – тек өнер ғана емес, өмірдегі ақиқат шындықтағы кезкелген затқа және құбылысқа тән нәрсе. Мазмұн мен пішін бір-бірімен тығыз бірлікте. Мазмұнсыз пішін, пішінсіз мазмұн жоқ. Пішін дегеніміз – бір нәрсенің сыртқы қасиеті, осының ішкі қасиеті, анықтамасы, ол пішін.

Әдеби шығарманың мазмұны - өз эстетикалық идеалының тұрғысынан суреткер таныған ақиқат өмір де, пішін – осы шындық тұтастырыла жинақталған көркем образдар жүйесі, яғни әдеби қаһармандар өмірі.

Сонымен әдебиттегі шығарманың мазмұны – оның ақиқат шындыққа негізделген тақырыбы мен идеясы да, пішіні - әдеби қаһармандардың өзара қарым-қатынасына , тағдыр тартысына негізделген сюжеті, композициясы және жазушының өмірді өнерге айналдырған ең негізгі құралы суретті сөзі, яғни көркм шығарманың тілі. Тақырып - өнер туындысының іргетасы. Көркем шығарманың туу процесі тақырыптан басталады. Суреткердің өмірден ең алдымен іздеп табары - өз шығармасының тақырыбы. Ал тақырып табу – бір күннің әрекеті емес, творчестволық процестің (материал жинау, жиналған материалды қорыту, қорытылған мат-да жазу) барлық кезеңдеріне бірдей ортақ жұмыс. Сонымен жазушының шындық болмыстан таңдап, талғап, өзінің көркем шығармасына негіз арқау еткен өмір құбылыстарының тобын тақырып дейміз.



Жазушы өз шығармасына тақырып етіп өмір құбылыстарын таңдап алғанда, оларға өзінің бағасын, көзқарасын білдіреді.

Сонда, тақырып-жазушы суреттеп отырған өмір құбылысы болса, идея – жазушының сол өзі суреттеп отырған өмір құбылысы туралы айтқысы келген ойы, сол өмір құбылысына берген бағасы деуге болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет