2 тақырып. Экономиканың негізгі мәселелері Талқылайтын сұрақтар


Экономикада ресурстарды таңдау және тиімді қолдану мәселелері. Айналым шеңбер моделі



бет2/4
Дата06.02.2022
өлшемі30,81 Kb.
#80347
1   2   3   4
Байланысты:
экономика
50 сурак
Экономикада ресурстарды таңдау және тиімді қолдану мәселелері. Айналым шеңбер моделі.

Ресурстардың шектеулілігі қоғамда төрт іргелі сұрақтарды тудырады:

  1. «Не өндіреміз?» - қандай игілік өндіреміз және қандай мөлшерде?

  2. «Қалай өндіреміз?» - қандай ресурстарды және қандай технологияны пайдаланамыз?

  3. «Кім үшін өндіреміз?» - өндірілген тауарларды кім тұтынады?

  4. «Осы тауарлар мен қызметтердің айырбасы қалай іске асырылады?».

Экономикалық өсудің барлық мәселелері қажеттіліктері қанағаттандыруға жұмсалатын ресурстармен байланысты. Бұның шешімдері екі негізгі экономикалық аксиомаларда көрініс табады.
Бірінші аксиома - қоғам қажеттіліктері шексіз және олардың толығымен қанағаттандырылуы мүмкін емес.
Екіншісі - тауарлар мен қызмет көрсету өндірісіне қажетті ресурстар шектеулі және сирек.
Сонымен, өндіріс үнемі өспелі қажеттіліктердің шексіздігі мен ресурстардың шектеулі аймағында жүзеге асырылады.
Кез - келген қоғамда адамға қажетті заттар өндірілуі қажет. Оларды жасау өндіріс процесінде жүзеге асады. Осыған байланысты өндірістің екі түрін ажырата білу маңызды а) жай мағынадағы өндіріс - пайдалы заттарды жасау және ә) ауқымды мағынадағы өндіріс – өндіру, бөлу, айырбас пен тұтынудың тұтас процесі.
Қоғамдық өнімнің төрт сатыдағы қозғалысы қоғамдық өндірісті құрайды:

  1. Өндіріс - материалдық игіліктерді пайдалынып, өнімді өндіру процесі.

  2. Бөлу - әрбір адамның өндірілген өнімділігі үлесін анықтау.

  3. Айырбас – белгілі бір өнімді басқа өнімге айырбастау процесі.

  4. Тұтыну - өндірілген өнімді қажеттілікті қанағаттандыру үшін пайдалану.

Өндіріс экономикада шешуші рөл атқарады, өйткені, игіліктерді өндірмесе, оны бөлу, тұтыну, айырбастау мүмкін емес.
Өндіріс үзіліссіз қайталанып отыруы қажет. Өндіріс процесінің тұрақты қайталануын, үзіліссіз жаңғыруын ұдайы өндіріс деп атайды.
Ұдайы өндірістің типтері: жай өндіріс және ұлғаймалы өндіріс.
Жай ұдайы өндірісте өндіріс процесінің көлемі мен ауқымы үзіліссіз өзгермеген күйде қалады. Өндіріс процесінің көлемі мен масштабының еселене үзіліссіз қайталануын және жаңғыруын ұлғаймалы ұдайы өндіріс дейміз.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет