2 тақырып. Педагогикалық кәсіп пен іс-әрететтің жалпы сипаттамасы



Дата08.11.2022
өлшемі18,47 Kb.
#156943
Байланысты:
№2


2 - тақырып. Педагогикалық кәсіп пен іс-әрететтің жалпы сипаттамасы

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕКТЕП ЖҮЙЕСІ.1920 жылдары қалыптасқан еліміздегі халық ағарту жүйелерінің Қазақстанда өте үлкен ерекшеліктері болды. Бұл ерекшіліктер қазақстанның Октябрь революциясына дейін мәдениет жағынан өте артта болуына, халықтың көшпелі өміріне, мектеп жұмысынан белгілі тәжірибенің болмауына, мұғалімдердің жеткіліксіздігіне байланысты еді.


1. Бұл дәуірде көшпелі қазақ жерінде алдымен бастауыш мектептер құру ісіне ерекше көңіл бөлінді. Көшпелі қазақ елінің жағдайы еліміздегі отырықшы аудандардан мүлде өзгеше болды. Алғашқы қазақ совет мектептері киіз үйлерде ашылды,. Алғашқы мұғалімдер арнаулы педагогикалық білімі жоқ, қысқа мерзімді курстарда оқыған, сауаты ғана бар адамдар болды. Бұл мұғалімдер көбінесе оқушылардың сауатын ашу міндетін атқарды. Жоғарыда көрстетілген жағдайларға байланысты Қазақстанда коллективтендіру ісі қолға алынып, көшпелі қазақ елін отырықшыландырғанға дейін қазақ мектептерінің көпшілігінде бірінші және екінші бөлімдер / кластар/ ғана болды.
Толық төрт бөлімі болатын қазақ бастауыш мектептерін құру мақсатымен, қазақстанда интернаты бар коммуна мектептері ашылды. Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ елі үшін бұл мектептер өте қолайлы еді. Ол мектептердің кейінен жеті жылдық, тіпті тоғыз жылдық мектеп дәрежесіне дейін дамығандары болды. Мұндай мектептерде қазақ еңбекшілерінің балалары, әсіресе жетім балалар толық мемлекет қаржысындағы интернаттарға алынды.
20- жылдары творчестволық жұмыстар жүргізілумен байланысты қазақ совет мектептері алға басты. Қазақ жазуы мәселесі шешілді, алғашқы әліппе жасалды. Арифметикадан, жаратылыс танудан қазақ тілінде оқулықтар жазылды.
Қаз СССР Ағарту халық комиссариатының академиялық отралығы 1924 жылы қазақ бастауыш мектебіне арнап алғашқы пәндік программа жасап шығарды. Бұл программамен жұмыс істеу үшін мұғалімдерге көмек ретінде методиткалық хат таратылды. Бұл документтер сол жылдардағы қазақ мектебінің оқу- тәрбие жұмысының ұйымдастыруға негіз болды.
1922 жылы М.Жұмабаевтың «Педагогика» оқулығы шықты, бұл қазақ тіліндегі алғашқы оқулық еді.

2.МЕКТЕПТІҢ ӨСУІ.


1928-1929 жылдардағы Коммунистік партиның Оталық Комитетінің Пленумдарында елімізді социалистік жолмен индустрияландыру міндетіне сәйкес халық шаруашылығына қажет кадрлар даярлау жүйесін қайта құру туравлы шешімдер қабылданды. Бұрын Оқу-ағарту халық комиссариатына қарасты болып келген белгілі мамандыққа даярлайтын арнаулы оқу орындары 1929 жылы тиісті мамандықтарына сай шаруашылық орындарының басқаруына берілді. Бұл жағдай мамандар даярлаудың сапасын жақсартуға мүмкіндік туғызды. Сонымен қатар жалпы дәрежелі білім беретін мектептің жұмысын жақсартуға да тиісті көңіл бөлінді. 1928 жылғы партия пленумының шешімдерінде екінші басқыш мектептің оқу жұмысы жақсарту мәселесі қаралды. Екінші басқыш мектеп жастарды жоғары оқу орнына түсіп оқи алатындай дәрежеде даярлауы қажет деп саналды. Пленум жоғару оқу орындары мен техникумдарда оқитындардың ішінде жұмысшылардың санын 65 процентке жеткізуді талап етті, жұмысшы аударында жеті жылдық және тоғыз жылдық мектептердің көбейтілуі, онда оқитын жұмысшы балаларының материалдық жағдайын жақсарту шаруалары. Оқу – ағарту халық комиссариатына жүктелді.
1929- жылғы 5 ақпанда РСФСР Халық Комиссарлар Совет жалпы білім беретін мектептерде он жылдық оқу мерзімі болуы берілді.
3. 1922-23 оқу жылынан бастап жалпы білім беретін мектептің саны тез қарқынмен өсе бастады. 1925-1926 оқу жылы РСФСР қалаларында барлық балалар бастауыш мектепке тартылды. Оқушылардың әлеуметтік құрамы да мүлде өзгерді. Совет мектебінің негізгі контингенті еңбекшілердің балалары болды, олардың негізгі көпшілігі жұмысшы мен шаруаның балалары еді.1919 жылы оқу-ағарту жұмысы жөніндегі мемлекеттік комиссияның жанынан барлық оқу орындары мен ғылыми мекемелердің жұмысын қайта құру үшін мемлекеттік совет /ГУС/ құрылды. 1921 жылы осы советтің ғылми- педагогикалық секциясы ұйымдастырылды. Бұл секция педагогика ғылыми мен халық-ағарту ісінің негізгі мәселерін шешуге , соның ішінде мектептің оқу программаларын жасауға міндетті еді. Бұл секция даярланған программа 1923-1924 оқу жылында жарияланды. Программаны жасаушылар оқушыларды еліміздің қоғамдық- саяси өміріне белсенді түрде араластыру қажет есептеді, оқушыларда коммунистік көзқарас, сенімдер тәрбиелеу, мектепті өмірге жақындату, оқушыларды совет халқының жаңа қоғам құру күресіне қатыстыру міндеттерін қойды. Советтік педагогикалық теорияның жете зерттелмеуі, жаңа мектеп құруда тәжірибенің аздығы жоғарыда қойылған міндеттерді жүзеге асыруда қателіктердің орын алуға себеп болды. Программа жасаушылар мектептегі білім беруді жеке пәндер арқылы жүргізуден бас тартты. Барлық материал табиғат, еңбек және адам қоғамы туралы білімдер болып топтастырылды. Сондықтан бұл программа « комплекстік» программа деп аталды. Бастауыш мектепте берілетін білім « табиғат», « еңбек» және « қоғам» деп аталатын үш тақырыпқа топтастырылды. Бірінші класта оқушылардың үйдегі және мектептегі өмірі, екінші класта селоның өмірі жөнініде мәліметтер берілген болды. Әрі қарай аудан, облыс, республиканың өмірімен таныстырылатын болды. Сонымен қатар жыл мезгіліне қарай « Селодағы күзгі жұмыстар», « бірінші май- жер жүзі енбекшілерінік мейрамы», « Ұлы Октябрь социалистік революциясы» сияқты жеке комплекстік тақырыптарды оқытулу көзделді.
4.Мектептің екінші басқышында да /У-ХІ кластарда/ білім осы негізгі үш тақырыптың айналасына топтастырылды, бірақ мұнда көбірек мәліметтер берілетін болды.

  1. Табиғат, оның байлығы мен күші, оларды адамның пайдалануы.

  2. Адамдардың еңбек әрекеті.

  3. Қоғамдық өмір.

Осымен қатар оқу жұмысын ұйымдастыруда ірі қатерліктер, ауытқушылықтар орын алды. Мысалы, Америкада кең тараған дальтон- жоспар әдісі совет мектептерінде де қолданылды. Бұл әдіс бойынша оқытылатын программалық материал бірнеше тапсырма бөлінді. Осы тапсырма бойынша мұғалім жазбаша түсінік беріп, оқытылатын кітаптарды
көрсетті. Ол тапсырманы жеке оқу немесе бірнешеуі бірігіп өз бетінше орындаға тиісті еді. Кейін орындағанын мұғалімге қысқаша баяндап беретін.
5 Қазақстанда мектепте білім берудің төмендегі жүйесі қалыптасты:
Біржылдық-екіжылдық-үшжылдық және жартыжылдық бәрәншә сатылы мектептер.
Қазақ халқы үшін мектеп коммуналар.
Екі концептрден тұратын жетіжылдық мектептер.
Үш концептрлі екінші сатылы мектептер (тоғызжылдықтар).
Жұмысшы және шаруа жастарына аяқталған орта білім беретін жұмысшы факультеттер.
Егер де 20-жылдардың аяғында Қазақстанда бір ғана Абай атындағы Қазақтың педагогикалық институты жұмыс істесе, 30-жылдардың бас кезінде Орал, Семей педагогикалық иституттары, Қазақ мемлекеттік университеті шаңырақ көтерсе, сондай-ақ 30-шы жылдардың екінші жартысында Қызылорда педагогикалық институты және облыс орталықтарында, атап айтқанда, Алматыда, Ақтөбеде, Семейде, Петропавлда, Шымкентте, Қарағандыда мұғалімдер институттары ашылды.
1941 жылы шет тілдер институты, 1944 жылы қазақтың қыздар педагогикалық институты, Қазақ мемлекеттік консерваториясы, дене шынықтыру институттары шаңырақ көтерді.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет