2. Топқа бөлу Мақсаттарды және күтілетін нәтижелерді айқындау



Дата07.02.2022
өлшемі17,4 Kb.
#97139

Бақылау сұрақтары:
1. Аудиторияны жұмысқа дайындау
2. Топқа бөлу
3. Мақсаттарды және күтілетін нәтижелерді айқындау
Тиімді жұмыс жасау үшін аудиторияда (сынып бӛлмесінде, кабинетте) компьютер, LCD- проектор, тақта (оған қоса жылжымалы тақта да болса тіпті жақсы) немесе интербелсенді тақта, қол астында бор, флип-чарттар (плакаттар), маркерлер, А-4 форматындағы қағаз болғаны дұрыс. Аудитория үйренушілердің еркін түрде жұмыс жасауына қолайлы болуы керек. Мәселен, әр сабақта үйренушілер шағын топтар құрамын бірнеше рет ӛзгертуі ықтимал, сол себепті де парталар мен үстелдер олардың емін-еркін қозғалуына кедергі болмауы қажет. Әдетте аудиторияда студенттер партаға екеуден отырып, жүздерін оқытушы жаққа беріп отырады. Бұлай отыру олардың бір-бірімен қоянқолтық араласып, тиімді қарым-қатынас жүргізуіне жәрдемдеспейді: алда немесе арт жақта отырғанмен қалайша әңгімелесуге болады? Отырғанда студенттер бір-бірінің жүздерін кӛргені дұрыс, ӛйткені олардың әңгімелесетін, қандай да болмасын мәселені талқылайтын серіктері ӛз жолдастары болады. Парталарды қоюдың да кӛптеген тәсілдері бар. Ең бастысы үйренушілердің бәрі де бір мезгілде сабақ жүргізушіні кӛре отырып, топ ішіндегі жұмысқа белсене араласуға мүмкіндік алуы керек (Кесте №11). Екінші ереже. Топқа бөлу Әр сабақта (әсіресе семинар және практикалық сабақтарда) студенттерді шағын топтарға бӛліп, сол арқылы олардың бірлесе жұмыс жасауына қолайлы жағдай жасау керек. Үйренушілерді шағын топтарға 4-6 адамнан бӛлген тиімді, олар партаны жағалай бір-біріне бет қаратып отырады. Топқа бӛлу әдетте кездейсоқ түрде жасалынады. Алайда семестр бойы бір студент жолдастарының әрқайсысымен семестр бойы топ құрамында жұмыс жасап шығуы керек. Мұндағы басты мақсат - үйренушілердің бірбірімен тиімді қарым-қатынас құрып, ортақ тіл таба білуіне ықпал жасау. Топқа бӛлуді әрекетке негіздеп, қызықты қылып ӛткізген жӛн (топқа бөлу тәсілдері төменде беріледі).
Әр сабақтың басында бүгін қарастырылатын тақырып бойынша ұстаз ӛз тұрғысынан сабақтың мақсаттарын айқындап, үйренушілерден қандай білім, білік, дағды, әрекеттер күтетіндігін жеткізеді. Сонан соң үйренушілердің ӛздерінен сабақтан нендей нәтиже күтетіндерін құрастыруды талап еткен орынды. Бұл әрекет әр үйренушіде ӛзінің сабаққа тікелей қатысы бар екендігі туралы ойды нақтылап, оларды «Сабақта мен қандай білім ала аламын? Ол үшін мен қандай жұмыс пен әрекеттер атқаруым керек? Бұл білім маған қандай пайда бермек?» деген сұрақтар тӛңірегінде ой-толғаныс жасауға шақырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет