20 балл Терапиялық стоматология бөлмесіндегі жұмыс орнын ұйымдастыру


Тістің қатты тіндерінің жейілуі, этиологиясы



бет2/105
Дата06.02.2022
өлшемі3,46 Mb.
#79662
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105
Байланысты:
Stk 435 Terapia otvet

2. Тістің қатты тіндерінің жейілуі, этиологиясы.



3. Тіс тастарын механикалық жолмен алу дегеніміз не қолданылатын құрал-саймандар.
Тісті шөгінділерден тазалау ауыз кілегей қабығы мен пародонт ауруларын емдеудің алғашқы және тиімді кезеңі болып саналады. Дегенмен көптеген дәрігер-стоматологтар бұл емдеу шараларының мәнімен маңызын түсіне бермейді және ауыздың мамандық гигиеналық әдістерін жүзеге асырмайды. «Ауыздың мамандық гигиенасы (профессиональная гигиена полости рта)» термині тістердің барлық беттерінен, қызылиек және пародонтальдық қалталардан жұмсақ және қатты тіс шөгінділерін алып, тістер мен қызылиекті антисептикалық ертінділермен өңдеу сияқты шараларды қамтиды.
Жұмсақ шөгінділерді немесе қақаты (налет) сутегінің асқын тотығының 1-3% ертіндісімен немесе марганецқышқылды калийдің 0,05% ертіндісімен суланған антымен сүрту арқылы, болмаса аршығышпен (экскаватор) қырып алады. Тіс бетіне жақсы бекіген жұмсақ шөгіндіні және шылым шегушілер қағын аршығыштың көмегімен алып, соңынан тістерді арнаулы ағартушы қойыртпақтармен (пастел) щетканың, резіңке шәшкелердің, полирлердің көмегімен тазалайды. «Септодонт» фирмасы кремнезем негізінде абразивті қойыртпақтар «Detartrine» цирконий оксиді және иондалған фтор негізінде «Detartrine fluorec» ұнтақталған кремнезем және цирконий негізінде «Detarrine Z» қойыртпақтарын шығарады.
Соңғы уақытқа дейін стоматологияда тіс тасын алудың механикалық әдіс қолданылады. Ол үшін әртүрлі өлшемді және пішінде экскаваторлар (аршығыштар), ілмектер (крючки), кіреуке пышақтары, кюретаждық қасықшалар, Грейси кюреткалары, орақ пішінді скалерлер, рашпильдер, имплакерлер, пародонтологиялық пышақтар. Визион кюрветтері қолданылады. Тіс тасын алған кезде төмендегі ережелер сақталуы тиіс:
1) барлық аспаптар жеткілікті зарасыздандырылуы керек;
2) тіс тасын алар алдында емдеу жүргізілетін аймақты (тістер беті, қызылиек) сутегінің 1-2% асқын тотығының, 2-3 % иодтың спиртті ертінділерімен өңдеу керек.
3) Тіс тасын алушы аспапты қатты қозғауға болмайды, оны еркін тасты қыра немесе рычагты қимылмен қозғау керек.
4) Аршығышты немесе басқа аспапты ұстап тұрған қол көрші тістерге немесе науқастың иегіне тіреліп бекітілуі қажет (аспапты тайдырып алып, жұмсақ тіндерді жарақаттамау үшін).
5) Қозғалмалы тістерді солқолдың саусақтарымен ұстап бекітеді.
6) Тас алатын аспапты тастың жиегі астына жіберіп, сындыра отырып алады.
7) Дәрігер-стоматолог көздерін арнаулы көзілдірікпен қорғайды (тас ұсақтары көзге түспеу үшін).
Тіс тасын тиімділікпен алу үшін, ең алдымен қызылиекүсті тіс тасын тістің алдыңғы бетінен (ерін және ұрт), одан кейін жанасу беттерінен, ең соңында тіл-таңдай беттерінен алады. Осыдан кейін ғана қызылиекасты тасын алып, пародонтальдық қалталар грануляциялық тіннін тазартады.
Тістерді тіс тасынан мұқият тазалау және көп күш жұмсамау үшін, дәрігер-стоматолог науқасқа байланысты белгілі бір орын таңдап алу керек.
І – дәрігер науқастың алдында жайғасады, 13 12 11 21 22 23 тістердің барлық беттері, сол жақ азу тістердің тіл жақ беттері, оң жақ азу тістердің ұрт жақ беттері өңделеді.
ІІ – дәрігер науқастың артына жайғасады, 43 42 41 31 32 33 тістердің барлық беттерін өңдейді;
ІІІ – дәрігер науқастың сыртында, емдеушінің басы оңға бұрылған. Жоғарғы және төменгі солжақ кіші және үлкен азу тістердің ұртжақ беттері, жоғарғы оңжақ кіші-үлкен азу тістердің таңдай беттері, төменгі оңжақ кіші-үлкен азу тістерінің тілжақ беттері өңделеді.
IV – дәрігер науқастың сыртында, емдеушінің басы солға бұрылған, жоғарғы оңжақ кіші-үлкен азу тістердің ұртжақ, жоғарғы солжақ кіші-үлкен азу тістердің таңдайжақ беттері өңделеді.
Қызылиекасты тасы толық алынуы керек және оның толық алынуын сүңгінің көмегімен анықтайды. Тастан толық тазарған тістің түбір беттері тегіс және қатты болып келеді.
Қызылиекасты тастарын алу үшін қазіргі кезде арнаулы әртүрлі пішінді айналмалы аспаптар шығарыла бастады.
Тіс тасын ультрадыбыстың көмегімен де алуға болады. Ол үшін арнаулы ұштықтары бар аппараттар қолданылады.
Тіс тасын ультрадыбысты аппаратпен алған кезде төменгі ережелерді сақтау керек:
1) аспаптың ұшын тіс өсіне тік қоюға болмайды;
2) тіс бетіне қатты қысым көрсетілмеуі керек;
3) аппаратпен сусыз жұмыс істеуге болмайды. Себебі, белгілі қысыммен берілген су шоғыры ультрадыбыстың әсерінен тербелісті қозғалыс жасап, дыбыспен бірлесе отырып қатты тіс тасын бөлшектеп, ұшырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет