2013 ж. №1 редакция 152-тің беті



бет12/28
Дата24.04.2017
өлшемі4,95 Mb.
#15146
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28

12.3.2 Теориялық сұрақтар:

  1. Кәсіпорынның құнын бағалаудың қағидалары

  2. Кәсіпорынның құнын бағалаудың әдістері

  3. Кәсіпорынның құнын бағалаудың ақпараттық қайнар көзі

  4. Кәсіпорынның құнын бағалаудың нормативтік – құқықтық реттелуі

  5. Тозуды бағалау түрлері

  6. Кәсіпорынның құнын бағалаушыға қойылатын кәсіби талаптар

  7. Жылжымайтын мүлік нарығы кез келген ұлттық экономиканың құрамасы ретінде.

  8. Бағалау қызметіндегі жылжымайтын мүлікті бағалаудың орны мен ерекшеліктері.

  9. Жылжымайтын мүлікті бағалаудың ерекшеліктері мен міндеттері.

  10. Тауар ретінде жылжымайтын мүлік объектілерінің жалпы жіктелуі.

  11. Бағалаудың негізгі элементтері.

  12. Жылжымайтын мүлік нарығындағы мәмілелер.

  13. Ғимараттар мен құрылыстарды топтау және сипаттау

  14. Жер учаскелерінің тұтынушылық қасиеттері.

  15. Ормандар мен көпжылдық көшеттердің түрлері.

  16. Жылжымайтын мүлік объектілеріне меншік құқығы және оның шектеулері.

  17. Жылжымайтын мүлік объектілеріне қойылатын заңнамалық талаптар.

  18. Бағалау қызметі туралы заңнама.

  19. Мүліктік кешен және оның сипаттамалары

  20. Бағалаудың халықаралық стандарттары.

  21. Ұйымдастырудың жалпы түсініктері мен қағидалары

  22. Кәсіби бағалау тәжірибесінің бірыңғай стандарттары

  23. Бағалау стандарттары туралы ереже .

  24. Бағалау кезінде құн түрлері

  25. Бағалау үрдісі.

  26. Табыстық әдістің құрылымы мен оның негіз қалаушы қағидалары.

  27. Капиталдандыру мен дисконттау мөлшерлемелері.

  28. Жал қарым қатынастарының шарттары.

  29. Табыстар мен шығындар туралы құрылымданған есеп.

  30. Дисконттың мөлшерлемесі

  31. Аннуитет

  32. Күрделі пайыздың қызметтері

  33. Ақша ағындарының көрсеткіштері

  34. Сатылымдарды салыстыру әдісін іске асыру сатылары.

  35. Нарықтық жағдайды талдау.

  36. Салыстыру бірліктері мен көрсеткіштерін анықтау.

  37. Үлгіні құрастыру, салыстыру объектілеріне қатысты үлгіні қолдану, түзетілген бағаларды талдау.

  38. Салыстыру бірліктері мен элементтері

  39. Түзетулер техникасы.

  40. Шығындық әдістің мәні мен қолдану аймағы.

  41. Шығындық әдісті қолданумен жылжымайтын мүлікті бағалау процедурасы.

  42. Шығындар және өзіндік құн.

  43. Ережелерді құрастырудың негізгі мақсаты

  44. Негізгі құралдарды қайта бағалауды өткізу қажеттілігінің негізі

  45. Ережелерде қолданылатын негізгі түсініктер.

  46. Негізгі құралдарды қайта бағалауды өткізу әдістері

  47. Тікелей бағалау әдісімен негізгі құралдарды қайта бағалау өткізу шарттары мен нәтижелерін уәкілетті органмен келістіру тәртібі

  48. Негізгі құралдар құрамындағы тәуелсіз бағалаушымен мүліктің бағалануы.

  49. Бухгалтерлік есепте негізгі құралдарды есептеу топтары ретінде жылжымайтын мүлікті қайта бағалау.

  50. Негізгі құралдарды қайта бағалауды реттеуші ережелер.

  51. Бухгалтерлік есепте қайта бағалау нәтижелерін көрсету.

  52. Қолда бар ұзақмерзімді активтер туралы қаржылық есептілікте ашылып көрсетілетін ақпарат.

  53. Қолданыстағы салық салу жүйесінің сипаттамасы.

  54. Салық төлемдері мен жылжымайтын мүлікті бағалаудың өзара байланысы.

  55. Жеке және заңды тұлғалардың мүлігіне салық салу.

  56. Жер салығын құру қағидалары мен әрекет ету механизмі.

  57. Меншік және жылжымайтын мүлікке өзге де құқықтарды мемлекеттік тіркеудің реттеуші қажеттілігі.

  58. Меншік және жылжымайтын мүлікке өзге де құқықтарды мемлекеттік тіркеудің шектеулілігі, олардың пайда болуы, өту және жою.

  59. Елдегі нарықтық қарым қатынастардың тұрақтануы мен жылжымайтын мүлікпен мәмілелер бойынша кері үрдістердің азаюы.

  60. Материалдық емес активтер туралы түсінік және олардың құнын бағалау


12.3.3 Тәжірибелік тапсырмалар
Тапсырма №1

1.Бағалауды жүргізу үшін талап етіледі:

А) құнды анықтау

В) ұйымның құрылымын анықтау

С) кәсіпорынды дамытудың жоспарын құру

D) маркетингтік зерттеулерді жүргізу

E) тәуекелділік дәрежесін анықтау

 

2.Жойылу құны – бұл…



А) меншікті сатып алу кезінде төленген ақша қаражаттарының сомасы

В) бастапқы құн минус жинақталған амортизация сомасы

С) меншік объектісінің құны

D) меншікті сатудан түскен ақша сомасы

E) ұйымның қолдану мерзімінің соңында меншік объектісі үшін ала алатын таза сома

 

3.Бәсеке жағдайында ашық нарықта берілген объект өткізілуі мүмкін баға бұл:



А) сақтандыру құны

В) нарықтық құн

С) амортизацияланатын құн

D) орнын басу құны

E) инвестициялық құн

 

12.ГЛОССАРИЙ


Абонент – компьютер желісіне қосылған пайдаланушы, яғни жеке компьютер (иесі).

Абсолюттік адрестеу Excel-де (Абсолютная адресация в Excel) - әрбір тордың, яғни ұяшықтың адресін көрсететін оның екі сипаттамалық белгісі болады, алғашқысы – бағана атының әрпі (B,D), екіншісі – бүтін санмен белгіленетін қатар нөмірі. Абсолюттік адрес атауының белгісі бағана (тік жол) атының және қатар (жатық жол) нөмірінің алдындағы $ символы болып табылады ($B$4, $D$2).

Адрестік кітап – электрондық почта программасында және коммуникациялық программаларда компьютер иелерінің немесе желідегі информациялық қорлардың адрестерінің тізімдері жазылатын арнайы мүмкіндік.

Айналмалы сызық – құжатты қарап шығуды басқаратын терезе облысының шекарасы. Сызық 1.Бейнелеу элементі. 2.Графикалық редактордағы ең қарапайым геометриялық элемент.

Алмасу буфері (Буфер обмена – Clipboard) – құжаттар мен қолданбалы программалар арасында мәтіндік немесе графикалық информация алмасуға арналған компьютер жадының арнаулы бөлігі.

Алушы хабарламаны – электрондық почтамен жіберілген хабарламаны алушы абонент.

Антивирус – вирустарды тауып, олардың кері әсерін (зақымын) жоятын программа.

Анықтамалық көмек – гипер мәтінді принцип арқылы материалды ұйымдастыру.

Аралас адрестеу Excel-де (Адресация смешанная в Excel) – ұяшық адресі сипаттамаларының тек біреуі ғана өзгермейтін болып бекітіледі, $ символы тек қана қажетті белгі алдына қойылады ($B$4, $D$2).

Архив - әдетте, көлемдерін кішірейту мақсатында сызылған күйде сақталатын деректер немесе программалар жиынтығы.

Архивтеу (Архивация) – файылды немесе файлдар тобын тығыздап қысу, сығу процессі.

Архивтеуші программа (Программа архиватор) – тығыздап қысу арқылы файл көлемін кішірейтетін программа.

Архивті файл – сызылған күйде бір файл құрамына енгізілген бір немесе бірнеше файлдар.

Атрибуты файлдың – файлдың әр түрлі қасиеттерін көрсететін оның сипаттамалары.

Ауыстырғыш – есепті шешу алгоритмдерінің альтернативті бұтақтарын таңдауда пайдаланылатын автоматты түрде немесе программист тапсырмасы бойынша қосылған немесе іске қосылмаған.

Байланыс арнасы – мәліметтердің ақпараттық ағыны өтетін жолдың жалпылама аты. Мысалы, Интернеттегі мәліметтерді тасымалдаудың физикалық арнасы, телевизиялық арна, стерео-магнитофондардың сол жақ және оң жақ арналары. IRC жүйесінде стерео-магнитофондардың қосылуға болатын оң жақ арнасының бірі немесе chat арналарының бірі.

Байт – 8биттен тұратын компьютер жадының немесе ондағы деректердің адрестелетін ең кіші көлем бірлігі.

Баннер – Web парақтағы жарнама ретіндегі графикалық бейне. Баннерде тышқан батырмасын шерту гиперсілтеме бойынша басқа мәліметке ауысуды орындайды.

Баспа – баспа құрылғысына және листингке деректерді шығару.

Баспа диспечері (Диспечер печати) – принтердің жұмыс тәртібін басқаратын Windows 3.x жүйесінің арнайы қызмет ететін программасы.

Бастапқы жіктеу – 1.Керекті кезде құрылғыны өздігінен берілген қалыпқа келтіретін процедура. 2.Операциялық жүйенің бастапқы бөлігін компьютер жедел жадына жүктеу процедурасы, мұнан кейін компьютер операциялық жүйенің басқаруымен жұмыс істей береді.

Батырма жүйелік менюдегі (Кнопка системного меню) – жүйелік (системалық) менюді шақыруғңа арналған батырма.

Белгіше(Значок) – қысқаша сөзтаңбасы бар кішкене графикалық бейне.

Бит – екілік санай жүйесінің цифры (0 немесе 1 мәнін қабылдайды).

Блокнот – шағын мәтіндік файлдармен жылдам жұмыс істеуге арналған Windows ортасының стандартты редакторлық программасы.

Бүкілдүниежүзілік өрмек (Web-серверлер жүйесі) – мәліметтерді бір-бірімен байланысқан гипермәтін түрінде бейнелеуге негізделген, тарала орналасқан информациялық жүйе. Ол құжаттардың бірінен біріне сілтеме арқылы ауысып отыратын мәліметтердің көлемді информациялық желісі (мәтіндер, суреттер, дыбыстар және бейнелік мәліметтер) болып табылады. Web-серверлер жүйесі осындай құжаттарды гипербайлыныс (hiperlinks) арқылы тізбектеп, түйінді сөздерде тышқанды шерту жолымен Интернет желісінде оларды аралап көруге мүмкіндік береді.

Бұғаттау (Блокировка) – ағымдағы операция орындалып біткенше келесі операциялардың орындауына тосқауыл қою, оларды болдырмау.

Винчестер – Қатты магниттік дискідегі жинақтағышты қараңыз.

Вирус “елес” (“призрак”) – ішіндегі кодының бірде бір тұрақты бөлігі жоқ вирус (шифрлау кезінде әр түрлі мүмкіндіктер (кілт) қолданылады).

Вирус желідегі (сетевой) – компьютер желі бойымен тарайтын вирус.

Вирус өздігінен түрленетін (самомодифицирующийся) - өз көлемін (тұлғасын) түрлендіріп өзгертіп отыратын вирус.

Вирус компьютерлік – өздігінен басқа программаларға жабысып, соларға зақым келтіретін программа.

Вирус резидентік – компьютер жедел жадына орналасып, өзгелерге екпінді әсер ететін вирус. Ол өздігінен орбитін, өзін өзі түрлендіретін вирустарға жатады.

Вирус резиденттік емес (нерезидентный) – компьютер жедел жадына жазылмайтын вирус. Алғашқы іске қосылу кезінде алдымен вирусты программа, ал одан кейін барып қана керекті программаның өзі орындалады.

Вирустар “көрінбейтін” (“невидемый”) – DOS-тың зақымдалған файлдарға және диск аймағына арналған командасын өзіне қарататын вирус.

Вирустар жүктелетін (загрузочный) – DOS-тың жүктеуіш бөлігін және қатты дискінің негізгі жүктеу жазбасын зақымдайтын вирус.

Волапюк коды - әрбір орыс алфавитінің әріпін бір немесе екі латын әріпімен ауыстыратын код.

Глобальды (ауқымды) желі – географиялық орналасқан нүктесіне қарамастан, дербес компьютерлерді байланыстыратын желілер жиыны.

Деректер немесе мәліметтер базасы – қолданбалы программалардан тәуелсіз, белгілі бір ережелер бойынша мәліметтерді сақтаудың, сипаттаудың және олармен әр түрлі әрекеттер жасаудың жалпы принциптеріне сәйкес ұйымдастырылған деректер жинағы.

Диаграмма – сандық шамалар мен олардың арақатынастарын геометриялық тәсілдермен шартты түрде бейнелеп көрсету.

Диаграмма шебері – диалогты терезелер көмегімен диаграмманы немесе графикті құруға немесе оны жұмыс парағына орналастыру үшін қолданылатын EXCEL функциясы.

Диск – файл түрінде берілген мәліметтерді магниттік тәсілмен жазып алатын құрылғы.

Диск қатты – Қатты магниттік дискідегі мәлімет жинақтауышты қараңыз.

Диск логикалық – шартты түрде латын әріптермен C:, D: т.с.с. белгіленетін қатты дискінің тәуелсіз ішкі бөлігі.

Дискет – Иілгіш магнитті дискінің балама атауы (флоппи-диск деп те аталады).

Дискет жүйелік (Дискета системная) – операциялық жүйенің өз файлдары сақталатын дискета.

Дискқозғағыш (Дисковод) – магниттік дискіге оны айналдыра отырып информацияны жазу және оқуға арналған оның қозғағыш тетігі.

Дөңгелек диаграмма (Круговая) – бүтіннің бөліктерін немесе оның пайыздық құрамын көрнекі түрде көрсететін диаграмма.

Драйвер – сыртқы құрылғылармен байланыс жасауға арналған жүйелік программа.

Екілік файл – программалық код, бейне немесе құжатты форматтау мәліметі түрінде (мәтіндік файлдардан айырмасы) жазылған файлдар типі. Мұндай файылдарда әрбір байттың барлық сегіз биті де пайдаланылады, ал мәтіндік файлдарда символдарды белгілеу үшін тек жеті бит қана қолданылады.

Екпінді терезе – пайдаланушы дәл осы мезетте жұмыс істейтін терезе. Басқа терезелердің үстінде орналасатын тышқан мен клавиатура әсер ететін терезе. Енгізу шығару базалық жүйесінің кеңейту модулі Операциялық система модулі, сыртқы құрылғылармен информация алмасу.

Енгізу-шығарудың базалық жүйесі (Базовая система ввода-вывода)– MS DOS операциялық жүйесінің қызмет ету функцияларын атқаратын модульдерінің бірі.

Жады – деректерді алу, сақтау және шығаруға арналған компьютердің функционалдық бөлігі.

Жедел (оперативті) жады – осы мезетте орындалып жатқан программалар мен оларға оперативті қажетті деректерді сақтайтын электрондық жад.

Желі – бір бірімен және орталық сервермен байланысқан, ресурстарды (құрылғылар мен мәліметтерді) бірге пайдаланатын компьютерлер тобы.

Жіберуші – электрондық почтамен хабар жіберетін абонент.

Жолдың нөмірі – электрондық кестеде электрондық кестеде қатарды көрсетеді. Жұмыс аймағы Word-тың документке қатарынан ашылатын Word-тың негізгі аймағы.

Жұмыс аймағы – Windows операциялық жүйесінің стандартты терезелерінің ішкі жұмыс істеу кеңістігі.

Жұмыс аймағы – енгізілген информация орналасатын терезе облысы.

Жұмыс станциясы - “серверлік” компьютерлерге қарағанда жұмыс өнімділігі төменірек қатардағы қарапайым компьютер. Оның негізгі сипаттамаларына – графикалық мәліметтерді өңдеу жылдамдығы, процессордың тактылық (қадамдық) жиідігі, компьютердің жедел және сыртқы жады көлемі, т.б. жатады.

Жұмыс столы - әртүрлі объектілер орналасатын Windows экранының электронды жұмысшы столы деп аталынады.

Зақымданған” программа – ішіне вирус кірген программа.



Иілгіш магниттік диск (Гибкий магнитный диск) – дербес компьютердің тікелей қатынас жасайға арналған сыртқы жады ретінде қолданылатын ауыстырмалы, жұқа магниттік қабықшамен қапталған иілгіш диск.

Интервал жол аралық (Межстрочный интервал) – дисплей экранында немесе қағаз бетіндегі қатар орналасқан жолдар арасындағы қашықтық.

Информатика – информацияны алу, сақтау, түрлендіру, тасымалдау және оны пайдалануға айланысты ғылыми білімдер саласы.

Информация – белгілер мен сигналдар түрінде берілген зат немесе адам туралы мәлімет, есептеу техникасында компьютерге енгізіліп, оның жадында сақталатын, қажет кезінде өңделетін және сыртқы ортаға шығарылатын деректер.

Информация ақиқат, дұрыс (достоверная) – істің шынайы нақты жағдайын көрсететін информация.

Информация бағалы (ценная) – информация бағалылығы оның көмегімен қандай мәселелер шешуге болатындығына байланысты анықталады.

Информация жүйелік – компьютердің құрылғылары сипаттамалары туралы толық информация: процессордың жұмыс өнімділігі мен разрядтылығы, сыртқы және жедел жад көлемі, адаптер немесе пернелер тақтасының типі т.с.с. параметрлер.

Информация өзекті (көкейтесті) (актуальная) - өзгерген жұмыс жағдайларында қажетті маңызын жоғалтпайтын информация, яғни зерттелу аймағында объектінің қалып-күйін кез келген сәтте дәлме-дәл бейнелей алатын информация.

Информация толық – қойылған сұраққа толық әрі тиянақты жауап бере алатын информация.

Информация түсінікті (понятная) – информацияны алушыға түсінікті тілде жазылған мәлімет.

Ішкі каталог, бума – басқа каталогтың ішкі элементі болып табылатын каталог немесе бума.

Калькулятор – қарапайым есептеулер жүргізетін сервистік программа.

Картотека (Windows 3.x) – шағын деректер базасын жасауға, сақтауға және оны пайдалануға (жұмыс істеуге) арналған программа.

Каталог, диреторий, бума – дискінің белгілі бір атаумен аталған аймақты, яғни деректерді дискіде сақтауды ұйымдастыруға және файлдарды іздеп табуды жеңілдетуге арналған, ортақ қасиеттеріне қарай толтырылған файлдарға қойылған атау.

Келісімдер – аппараттық және программалық жабдықтардың модуль аралық байланыстарын ұйымдастыруға және сақтау аймағының стандартты құрылымын анықтауға арналған жалпы мақсаттағы регистрлерді пайдалану ережелері.

Клиент – басқа компьютерлік жүйенің немесе процестің қызметін керек қылатын компьютерлер жүйесі немесе программалық кешен.

Кодтау – деректерді олардың кодтық комбинациясымен теңестіру. Деректер элементі мен символдар жиынтығының арасындағы теңестіру.

Команда (бұйрық) – компьютер орындауға тиіс іс-әрекетінің сипаттамасы.

Команда резиденттік – операциялық жүйенің ең кіші конфигурациясында пайдалануға болатын, компьютердің жедел жадына тұрақты сақталатын оның ішкі командасы.

Командалар сыртқы (транзиттік) – операциялық жүйенің мүмкіндіктерін кеңітетін, оның ядросымен бірге берілетін командалар тобы.

Командалық меню – жұмыс кезінде экран мониторында келтірілетін берілген қолданбалы программаның ішкі жүйесі, операция, командалар тізімі.

Коммуникациялық программа – электрондық почтаның программалық жабдықтары.

Компакт-диск DVD-ROM – лазер сәулесін фокуске жинаудың өте жоғарғы дәлдікті технологиясын пайдалану арқылы CD-ROM дискілеріне қарағанда мәліметтердің жазылу тығыздығын бірнеше есе ұлғайта алатын дискінің жаңа түрі. Мұндай дискінің көлемі 2–4,5Гбайт шамасында болады.

Компиляция – программалау тілінде жазылған алгоритмдерді процессор немесе атқару жүйесі командаларына түрлендіру.

Компьютердегі сауаттылық – бұл компьютерді пайдалана отырып, информацияны оқу, жазу, есептеу, сурет салу және мәлімет іздеу жолдары; кәсіби мәселелерді шешу процессінде компьютерді қолдануға қажет тәсілдер мен білімдер жиыны.

Компьютерлік сауаттылық - компьютерде пайдалану үшін деректерді іздеу, оқу, жазу, санау және сурет салу.

Конфигурация – берілген жүйені оның нақты көрсеткіштерін, санын, өзара байланыстарын және функционалдық элементтерінің негізгі сипаттамаларын анықтай отырып құрастыру.

Көп есептілік – операциялық жүйенің бір мезетте бірнеше есеп шығаруы.

Курсор – экрандағы операция орындалатын позицияны көрсететін белгі.

КЭШ жад – процессор мен оперативті жад арасында буфер ретінде қолданылатын, қатынасу уақыты оперативті жадқа қатынасу уақытынан кем, жад.

Қалқып шығатын терезе – таңдалған кілтті сөзді түсіндіретін қосымша информациясы бар терезе.

Қашықтан оқыту – оқытудың қашықтан берілетін трлері жергілікті оқу орындарында жоқ пәндерді үйрену үшін немесе қосымша ақпарат немесе білім алу істерін жүзеге асыратын оқып үйренудің кең етек жайып келе жатқан жаңа түрі.

Қорғау информациясы – 1.Компьютердегі мәліметтерді, программаларды, аппаратураны рұқсатсыз пайдалануға жол бермеу тәсілі, яғни олармен қатынас орнатпау.

2.Мәліметтер мен программалардың тұтастығын сақтау (вирустардан қорғау).



3.Жабдықтардың электрмен қоректенуін үзуден қоғау.

Қоржын – компьютер дискілерінен қажет етілмей өшірілген мәліметтер уақытша сақталатын арнайы бума. Егер қоржын іші тазаланып кетпесе, керекті жағдайда ондағы бұрын өшірілген қажетті файлдарды қайтадан қалпына келтіруге болады.

Легенда – түсінік беретін мәлімет Диаграмма деректерінің маркерін көрсететін диаграмма элементі.

Локальды (жергілікті) желі – байланыс түйіндері бір бірінен онша қашық орналаспаған, жалпы мақсаттағы байланыс құралдарын пайдаланбайтын компьютер желісі. Мамандандырылған есептерді шығаруға арналған.

Маршрут - өзара байланысты каталогтардың аттарының тізбегінен және жинақтағыштардың логикалық аттарынан тұратын белгілеу.

Масштабтау – берілген диапазонда деректерді және олардың қорытындыларын белгілі бір диапазонда көрсету. Бейнені немесе оның бөлігін үлкейту немесе кішірейту.

Математикалық модель – объектінің қызметін және құрылымын сипаттайтын математикалық байланыстар системасы. Математикалық формулалар мен теңдеулер арқылы өрнектелген объектілерді математикалық сипаттау.

Меню – пайдаланушыға таңдауға ұсынылатын экран бетінде көрсетілетін варианттар тізімі. Таңдалған вариант системаның келесі қимылын көрсетеді.

Меню жолы – стандартты терезенің жоғарғы жағындағы екінші қатары, онда меню командаларының аттары көрсетілген.

Микропроцессор – орталық процессордың қызметтік атқаратын интегралдық схема.

Мәліметтерді сұрыптау – белгіленген ережелер бойынша белгілі бір жиын элементтерін топтарға жіктеу.

Модем – арнайы типті байланыс жүйесінде цифрлы, сигналды, аналогты формаға және осы істі керісінше орындайтын модуляр және демодулятор құрылғысы.

Модификация – объектінің мағынасын өзгертпейтін кез келген өзгерістер.

Монитор (дисплей) – мәліметтерді экранда бейнелей алатын стандартты құрылғы. Мәтіндік немесе графикалық режимде жұмыс істей алады.

Мәтін – бұл құжаттың, программаның немесе хабарламаның информациялық мазмұны болып келетін символдар тізбегі.

Объект – бізді қоршаған ортаның белгілі бір бөлігі (зат, процесс, құбылыс).

Операциялық жүйені жүктеуіш (Загрузчик операционной системы) – операциялық жүйенің модульдерін дискіден компьютер жедел жадына оқитын программа.

ОРындалатын файлдар – кеңейтулері *.com, *.exe, *.bat, *.pif болып келген белгілі бір әрекетті орындай алатын программалық файлдар.

Палитра – бейнелерді көрсету үшін қолданылатын түстер гаммасы.

Перне (Клавиша) – пернеліктің ең кіші элементі, оны басу арқылы белгілі бір әрекет орындалады немесе пернені басқан кезде белгілі бір таңбаға сәйкес код беріледі.

Перне курсорды басқаратын (Клавиша управления курсором) – дисплей экранындағы курсорды белгілі бір бағытта бір орынға жылжытатын перне.

Перне функционалдық (функциональная) – оны басқан кезде жүйедегі (системадағы) белгілі бір функцияның орындалуын қамтамасыз ететін перне.

Пернелік тақта немесе пернелік (Клавиатура) – мәліметтерді компьютерге енгізуге арналған құрылғы, сонымен қатар командалық операциялардың орындалуын басқарады.

Пиксель – экрандағы графикалық бейнелеудің ең кіші элементі (нүктесі).

Пиктограмма – Белгі сөзін қараңыз.

Порттар – құрылғыға көпразрядтты кіру және шығу. Тізбектелген және паралельдік порттар болады.

Почта жәшігі – абонентке арналған барлық хабар түсетін хост машинадағы жадтың бір бөлігі.

Принтер – информацияны баспаға беретін шығару құрылғысы.

Программа – есептің шешу алгоритмін мазмұндайтын өңдеуге келтірілген деректердің реттелген тізбегі. Программалаудың тілінің сөйлемдер тізбегі.

Программа қолданбалы (кәделі) – компьютерлік жүйені сүйемелдеу программалары мен жүйелік утилиттерге кірмейтін компьютер пайдаланушыларына арналған программа. Бұл ұғым кейде пайдаланушыларға да, әрі жүйелерге де керекті кез келген программаларды белгілеу үшін де қолданыла береді.

Программалар тобы – нақты ортақ белгілеріне қарай біріктірілген программалар жиыны.

Программаларды мамандандыру –бұйрық компьютер орындайтын операциялық сипаттау.

Протоколдар (хаттамалар) – хабарларды жіберу формалары мен тәсілдерін анықтайтын стандарттар, әртүрлі құрал жабдықтардың торапта бірге жұмыс істеу тәртіптері.

Редакциялау – мәліметті толықтырып, оның мазмұнын өзгерту.

Резидентті бұйрық – операциялық жүйенің ең кіші конфигурациясына сәйкес негізгі командасы.

Сандар форматы – сандарды белгілеу түрі, онда үтірден соң қанша цифр тұратынын көрсетіледі.

Сөз түйінді (Ключевое слово) – 1.Белгілі бір контексте программалау тілінің конструкциясын сипаттайтын лексикалық бірлік.

2.Құжат мәтіндегі индекстеу мақсатында қолданылатын табиғи тілден алынған сөз немесе сөз тіркесі.



Системалық меню (Windows) – тереземен жасалынатын негізгі қимылдардың командаларының тізімі.

Сілтеме – 1.Байланысу адресі, сілтеу. 2.Курсор.

Сілтеуіш (сілтеу) – файлдық жүйемен жұмыс істейтін программасы. Оның көмегімен каталогтар мен файлдар көшірмесін алуға, орын ауыстыруға, өшіруге, компьютерлік торапта жұмыс жасауға, программаларды іске қосуға, дискеттерді форматтауға болады.

Сканер – мәтіндік және графикалық информацияны оптикалық оқу тәсілі арқылы компьютерге енгізуге арналған құрылғы.

Сопроцессор – негізгі процессордың функционалдық мүмкіндіктерін толықтыратын мамандандырылған процессор.

Статус жолы (қалып жолы) – экранның төменгі жағындағы программаның ағымдағы қалпы туралы информация көрсетілген жол.

Стриммер – мәліметтерді магниттік таспада сақтауға арналған компьютердік магнитофон.

Сыртқы жады – магнитті диск, иілгіш магнитті диск және т.с.с. Ұзақ уақыт сақтауға арналған ауыстырмалы тасымалдауыштар.

Сыртқы командалар – транзитті операциялық система мүмкіндіктерін ұлғайтатын оның ядросымен қоса қойылатын команда.

Тақырып жолы – стандартты терезенің жоғарғы жағындағы қолданбалы программаның немесе құжаттың аты орналасатын жол.

Терезе – дисплей экранының бөлігі, Пайдаланушы немесе программа белгілі бір экран тәрізді жұмыс істейтін объект хабарды алатын және өңдейтін объект.

Терезе шекарасы (Граница окна) – терезенің периметрі бойынша жүргізілген тік (вертикаль) және көлденең (горизонтал) сызықтар.

Тізімдер – берілген тізімнен бір немесе бірнеше вариантты таңдап алуға мүмкіндік беретін диалогты терезелердің стандартты элементі.

Торан – есептеу торабы, деректермен алмасу торабы.

Түпкі каталог – жоғарғы деңгейдегі каталог немесе негізгі каталог.

Түпкі каталог, бума – дискінің ең жоғарғы деңгейіндегі басты каталог немесе бума.

Тұрақты жады – компьютер жұмысы кезінде мазмұны өзгермейтін жад. Әдетте бұл жадқа жазылатын жазу оны жасалынып жатқан кезде жазылады.

Тышқан – дисплей экранында сілтеме қалпын көрсететін құрылғы.

Уақытша файл – Windows жүйесінде кеңейтілуі *.ТМР болып келген, өңделіп жатқан құжат жабылғаннан кейін жойылып кететін уақытша файл.

Ұя – көрсетілген нұсқаға байланысты жіңішке пунктир сызықпен қоршалған тіктөртбұрышты аудан.

Ұяшық сілтемесі – ағымдағы ұяшықты анықтайтын ерекшеленген тіктөртбұрышты белгі.

Ұяшықтарды бұғаттау (Блокировка ячеек) – ұяшықтарды мәліметтерге қорғаныс қабілетін енгізу, яғни оларды өзгертуден сақтау.

Файл – белгілі бір атпен аталған дискідегі біртекті мәліметтер жиыны.

Файлдық сервер – жеке пайдаланушыларға өзінің информациялық материалдарды бар файлдар архивіне қатынас құруды жүзеге асыра алатын программалар.

Файлдық жүйе – белгілі бір атпен аталған мәліметтер мен программалар жиыны.

Фильтр (сүзгі) – мәліметтер базасына, программаға немесе мәліметтер жүйесіне енуге тосқауыл қоятын программа; мәліметтер базасындағы кестелермен жұмыс істеу кезінде фильтрмен берілген критериймен анықталған мәліметтерді ғана экранға шығарады.

Фильтрация (сүзгіден өткізу) – мәліметтердің нақты мәндерінің белгілі бір жиынның көрсетілген мәндеріне жататынын немесе жатпайтыныны тексеру.

Формулалар Редакторы – құжат мәтінімен математикалық формулалар мен символдар қоятын сервистік программа.

Хабарлама жолы – осы мезетте орындалуға тиіс командалар туралы информация беретін жол.

Хост-компьютер – бір бірімен байланысқан компьютер ішіндегі қуатты негізгі компьютер, желідегі басты компьютер.

Чат – чат, әңгімелесу. Интернеттің online режимінде тікелей сұқбаттасу формасы. Бір бірінен қашықта орналасқан компьютер пайдаланушылардың нақты уақыт мерзімінде мәлімет алмасуы.

Шекара (Граница) – белгілі бір шаманың өзгерту шегі.

Электрондық кітап – компьютерге немесе арнайы бейнелеу құрылғысына жүктелетін форматталған электрондық құжат. Электрондық кітаптардың ерекшелігі: мәлімет іздеу, белгі салу, индекстеу мүмкіндіктері кең тараған жинақты электрондық кітапханалар жасау, тек сұраныс бойынша мәлімет беру (тираж деген ұғым болмайды), қашықтағы оқырмандарға мәліметтерді жылдам жеткізу.

Электрондық почта – electronic mail (E-mail) – пайдаланушылар арасында хабарламаларды жөнелту, қабылдау жүйесі, мұнда компьютер хат-хабарларды сақтау, тасымалдау қызметтерін жылдам орындайды. Мекеме жұмыстарын автоматтандыру жүйесінің негізгі бөлігін осы электрондық почта құрайды.

MS WORD редакторы – құжаттарды жасау теру және қарап шығу, редакциялауға арналған Windows қосымшасы. MS OFFICE пакетіне кіреді. Стандартты қосымшаларына кіретін қарапайым нүктелік графикалық редактор.

Windows файлдар диспечері (Диспечер файлов) – файл және каталогтармен жұмыс істейтін Windows 3.х жүйесінің арнайы қызмет ететін программасы.

Windows-тегі терезе тақырыбы (Заголовок окна в Windows) – берілген терезеде орындалатын программа тақырыбы көрсетілген оның ең жоғарғы қатары.

Windows-тың стандартты программалары – күнделікті жұмысқа қажетті, қолданбалы программалар.
13.ДӘРІСТІК КЕШЕН

Дәріс № 1. Информатика пәні, міндеттері, объектілері және құрамды бөліктері

Дәріс сұрақтары

  1. Информатика пәні және міндеттері

  2. Информатика құрылымы

  3. Информация: құрылымы, түрлері, қасиеттері, өлшем бірліктері

1. Информатика пәні және міндеттері

Информатика сөзі информация (information) және автоматика (automatique) терминдерінің бірігуінен пайда болған француздың Informatique деген сөзінен шыққан және информацияны автоматты түрде өңдеу жөніндегі ғылым дегенді білдіреді.



Информатика – адам өмірінің әр түрлі салаларында ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиеттерін, оны өңдеу, жинау, сақтау, түрлендіру және қолдану мәселелерін зерттейтін жас ғылыми пән.

Қазіргі замандағы информатика - өте көлемді эмпирикалық материалдарды жинақтау және ойдан өткізу кезеңін кешіп отырған, бірнеше іргелі және қолданбалы пәндердің қиылысында қаланған ғылым.

Қазіргі замандағы информатиканы 1978 жылы Халықаралық информатика конгресінде төмендегідей анықтады:

Информатика ұғымы ақпаратты өңдеу жүйелерін құру, жасау, қолдану және материалды-техникалық қызмет етумен байланысты облыстарды қамтиды.



Информатика – жаңа білім алу мақсатында есептеу техникасының көмегімен жинақталған білімді сипаттау, беру, интерпретациялау, формальдау және қолдану туралы ғылым.

Кең мағынада, информатика – ақпараттық іс-әрекет, ақпараттық процестер және олардың адам-машина жүйелерінде ұйымдастырылуын зерттейтін ғылым.

Жоғарыда берілген жалпы анықтамаларлдан оның адамзат әрекетінің барлық салаларында, өндірісте, басқаруда, ғылымда, білім беруде, саудада, қаржы аумағында, медицинада және т.б. кең қолданылуын, яғни технологиялық, практикалық аспектісінің маңыздылығын көреміз.

Кейбір Батыс Европа елдерінде және АҚШ-та бұл ғылымға басқа термин – Computer Science (компьютерлік ғылым) қолданылады.

Информатиканың көзі болып екі ғылым саласын санайды – документалистика және кибернетика.

Документалистика ХІХ ғасырдың аяғында өндірістік қарым-қатынастардың қарқынды дамуына байланысты қалыптасты,оның негізгі пәні – құжаттар айналымының тиімділігін арттырудың құралдары мен әдістерін зерттеу.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әр түрлі жүйелердегі автоматты басқару және байланыстардың жалпы заңдылықтарын зерттейтін жаңа ғылым кибернетика дами бастады. Оның негізін американ ғалымы Норберт Винердің 1948 жылы жарияланған математикалық логикадан еңбектері қалады, ал бұл аталым гректің kyberneticos – басқару өнерлігі сөзінен шыққан.



ИнформатикаЭЕМ арқылы информацияны жинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа техникалық ғылыми пән.

Информатиканың пәні – ақпараттық үрдістерге тән жалпы заңдылықтарды зерттеу.

Информатиканың негізгі міндеті – есептеуіш техникасының аппараттық және программалық құралдарымен жұмыс істеу тәсілдерін жүйелеу болып табылады.

Информатиканың негізгі зерттеу объектісі – қазіргі заман қоғамындағы адам іс-әрекетінің барлық салаларын қамтып келе жатқан ақпараттандыру және компьютерлендіру үрдісі болып табылады.

Қоғамды ақпараттандыру дегеніміз – азаматтардың құқығын, мемлекеттік басқару органдарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының ақпараттық қажеттілігі мен іске асырылуын қанағаттандыруға арналған ЕТ құралдарының көмегімен ақпараттық ресурстарды қалыптастыру және ғылыми-техникалық ұйымдастырылған үрдіс.

Компьютерлендіру – информацияны өңдеу нәтижелерін жедел алуды қамтамасыз ететін компьютерлердің техникалық қоймасын енгізу және жетілдіру үрдісі.

Қоғамның ақпараттық мәдениеті дегеніміз – информациямен белгілі бір бағытта жұмыс істей білу және оны компьютерлік-ақпараттық техноолгияларға жеткізу, алу, өңдеуде қолдану.

Ақпараттық жүйе – алға қойылған мақсатқа жету жолында информацияны сақтауға, тасымалдауға және өңдеуге пайдаланылатын өзара байланысты құралдар, әдістер және қызметкерлер жиынтығы.

Ақпараттық технология – объектілер, процестер, құбылыстар жөніндегі жаңа сапалы ақпарат алу үшін бастапқы информацияны беру және өңдеу процесі.

2. Информатика құрылымы

Теоретикалық информатика – бұл информатикадағы математиканың математикалық логика саласына негізделген бөлімі. Мұнда алгоритмдер теориясы, автоматтар теориясы, ақпарат теориясы, кодтау теориясы, формальды тілдер мен грамматикалар теориясы және т.б. бөлімдер кіреді.

Есептеу техникасы – есептеу техникасын құру мәселелрін, оны пайдалану заңдылықтарын архитектура деңгейінде зерттейтін бөлім.

Есептеу желілері – ақпараттық, есептеу, білім беру және т.б. мәселелерді шешу мақсатында байланыстырылған компьютер желілерін архитектура турасынан, яғни желі элементтерінің аппараттық және программалық жасақтамаларын құру, қызмет істеу, сүйемелдеу принциптерін зерттейтін бөлім.

Ақпараттық жүйелер - әр түрлі күрделі жүйелердегі ақпарат ағындарын талдау, тиімділеу, құрылымдау, ақпаратты сақтау және іздеу мәселерін зерттейтін бөлім.

Жасанды интеллект – адам интеллектілік қызметін машиналық модельдеу мәселелірн зерттейтін бөлім: негізгі бағыттары – бейнелерді айырып тану, компьютерлік лингвистика, сараптық жүйелер құру, талқылауды модельдеу.

Программалау – программалық жасақтама құру және жасау мәселелерін зерттейтін бөлім.

3. Информация: құрылымы, түрлері, қасиеттері

Зат пен энергия – біздің әлемнің өте маңызды екі мәні, өте маңызды екі құрамдас бөлігі. Тура осылар сияқты айтарлықтай маңызды өсімдіктер мен жануарлардың, адамзат қоғамының тіршілік етуіне қажеттігі жоғарыда айтылғандардан кем емес, әлемнің үшінші маңызды мәні – информация (ақпарат).

Адамдардың күнделікті өмірдегі іс әрекеті (оқуы, жұмыс істеуі, өзара байланысы т.с.сс) информация алмасуынсыз жүзеге асырылмайды. өмірдегі кез келген информация өзімізге, заттарымызға қатысты айтылып, айналамызда болып жатқан оқиғалармен тығыз байланыста болады.



Информация – кітаптан, газет-журналдардан немесе жаңалықтар хабарынан алынатын мәліметтер ғана емес, сонымен қатар күрделі биологиялық молекуланың құрылымында, ғарыш кемсіне берілетін радиосигналдарда сақталатын мәліметтер.

Информация – информатиканың алғашқы, анықтамасыз берілетін ұғымы.

Информация термині латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін «information» сөзінен шыққан.

Информацияны біз ауызша немесе жазбаша түрде, қимыл не қозғалыс түрінде бере аламыз. Кез келген керекті информацияның мағынасын түсініп, оны басқаларға жеткізіп, соның негізінде белгілі бір ой түйеміз.

Информация – қоршаған орта туралы анықталмағандықты анықтайтын мәліметтер. Мәліметтер – объектілерді, құбылстарды, процестерді сипаттайтын жеке фактілер.

Ақпарат ұғымын бірнеше тұрғыдан анықтап көрейік. «Кең мағынада» философиялық тұрғыдан, ақпарат – біздің санамызбен қабылданатын, ақиқат өмірдің белгілі бір объектілері, үрдістері мен құбылыстарының қасиеттері мен қатынастарының бейнелері. Есептеу техникасы тұрғысынан, ақпарат ұғымы оның жадында сақталатын, қажеттігіне байланысты өңделетін және сыртқы ортаға берілетін мәліметтер.

Ақпарат ұғымын оның берілу үрдісін сызбалық сипаттаудан анықтайық. Яғни, ақпарат ұғымы таратқыш, қабылдағыш және байланыс арнасы арқылы берілетін хабар (сурет 2).
Хабарды таратқыш және қабылдағыш адамдар немесе техникалық құрылғылар болуы мүмкін. Яғни, ақпаратты бейнелеуге және түсінуге болады. Сондықтан әрбір ақпараттың бейнелену пішімі және мазмұны болады.

Хабар – белгілі пішімде көрсетілген және беруге арналған ақпарат, яғни ақпараттың бейнелену пішімі. Хабар материалды-энергетикалық пішімде – сызбалар, мәтін, дыбыс, жарық, қимыл және т.б. түрінде беріледі. Яғни, хабар қандай да бір қатынас тілінің өрнегі болады, олар – табиғи тілдер, математика тіл, әуез тілі, мимика белгілері және т.б.

Ақпарат түрлері. Хабар таратқыштан қабылдағышқа жеткізілуі үшін ақпарат тасушы қажет. Тасушы көмегімен берілетін хабар сигнал деп аталады. Сигнал – уақыт ішінде өзгеретін физикалық үрдіс (мысалы, тізбекте жүретін электр тогы, жарықтың таралу үрдісі). Ақпарат физикалық үрдістің, яғни сигналдың бір немесе бірнеше параметрлерінің мәнімен беріледі.

Егер сигнал параметрі берілген аралықта кез келген аралық мән қабылдай алатын болса (уақытқа байланысты үздіксіз функциямен анықталса), онда сигнал үздіксіз ал мұндай сигналмен анықталған хабар да үздіксіз деп аталады. Бұл жағдайда таратқышпен берілген ақпарат үздіксіз түріне ие болады.

Егер сигнал параметрі берілген аралықта жеке бекітілген мәндерді қабылдаса, онда сигнал дискретті, ал мұндай сигналмен анықталған хабар да дискретті деп аталады. Бұл жағдайда таратқышпен берілген ақпарат дискретті түріне ие болады. Сонымен біз ақпарат берілуінің екі негізгі түрін (пішімін) - үздіксіз және дискретті ақпаратты анықтадық.

Кез келген үздіксіз хабарды үздіксіз функция түрінде бейнелеуге болады. Үздіксіз хабарды дискреттеу үрдісінің көмегімен дискретті түріне көшіруге болады. Дискреттеу дегеніміз – функцияның (сигнал параметрінің) шексіз көп мәндері жиынынан барлық қалғандарын жуық мінездей алатын белгілі бір мәндерін таңдап алу.



Мысалы: функцияның анықталу облысы нүктелерімен тең ұзындықты кесінділерге бөлінеді, ал әрбір кесіндідегі функция мәні тұрақты және оның осы кесіндідегі орта мәніне тең деп алынады. «Баспалдақтарды» ордината өсіне проекцияланғаннан шыққан мәндері үздіксіз функцияның дискретті түрін анықтайды. Үздіксіз хабарды дискреттеу мүмкіндегі информатика үшін өте маңызды, себебі есептеу техникасымен өңделетін ақпарат дискретті болуы қажет.

Үздіксіз ақпаратпен жұмыс жасайтын арнайы ЭЕМ-дер бар, олар аналогтық машиналар деп аталады. Бірақ олар арнайы есептер кластарымен жұмыс атқаратындықтан көпшілік қолданушыларға кең таныс емес. Ақпарат берілуінің басқа пішімдері:

  • таңбалы – мәтіндік (әріп, цифр, таңбалар т.б.);

  • графикалық (суреттер, бейнелер көмігімен, т.б. көмегімен);

  • дыбыстық.

Жалпы алған кез келген мәтін, сурет, дыбыс, музыка, сызба, мәлімет, электр сигналдары, магниттік жазба барлығы да информация болып табылады.

Біздің әрқайсысымыз күнделікті өмірде информацияны жинауға, сақтауға, өңдеуге, тасымалдауға және пайдалануға қатысамыз.

Информацияны қабылдау, алмастыру, өңдеу және қолдану үрдісі ақпараттық үрдіс деп аталады.

Сонымен бізді қоршаған алуан ақпаратты әр түрлі белгілерге байланысты топтастыруға, яғни түрлерге жіктеуге болады.



Пайда болу және қолдану аумақтарына байланысты:

  • биологиялық;

  • әлеуметтік;

  • ғылыми;

  • экономикалық.

  • Берілу және қабылдау тәсілдеріне байланысты түрлері:

  • Визуальды (таңбалар мен бейнелер) – көру арқылы;

  • Аудиальды (дыбыс арқылы) – есту мүшелері арқылы қабылдаймыз;

  • Тактильдік (сезім арқылы) – тері арқылы ұқабылдаймыз;

  • Органалептикалық (дәм (тіл) және иіс (мұрын) арқылы сезу);

  • Машиналық (есептеу техникасының құралдары арқылы).

Аудиальды – қатты күлу, жапырақтар сыбдыры, қарғалардың қарқылдауы, өлеңді мазмұндап оқу, магнитофон тыңдау.

Тактильді: жұмсақ, қатты, тегіс, тұтас.

Органалептикалық: духи иісі, гүлдердің иісі, кофе иісі, тәтті, қышқыл, дәмді, тұзды, ашты.

Визуальды – кітап оқу, теледидар көру, суреттер көру.

Ақпараттың қасиеттері. Кез келген ақиқат өмірдегі объектілерге тән ішкі және сыртқы қасиеттерін анықтауға болады. Сыртқы қасиеттер объектінің басқа объектілермен әсерлесу барысында анықталатын қасиеттер болғандықтан, ақпарат үшін маңызды сыртқы қасиеттер оны тұтынушы (қабылдағыш) көзқарасынан анықтайтын қасиеттер. Ақпараттың аталған қасиеттері:

Объектілік және субъектілік қасиеті. Ақпараттың жеке көзқарастар мен талқылаудан тәуелсіздігін анықтайтын қасиет

Толықтық қасиеті. Ақпараттың объектіні немесе үрдісті толық мінездеу қасиеті. Бұл қасиет ақпараттың сапасын және оның қажетті шешім қабылдауға жеткіліктігін анықтайды.

Өзектілік (дәлуақыттылық) қасиеті. Ақпараттық ағымдық уақыт мезетіне сәйкестік дәрежесін анықтайтын қасиет. Бұл қасиет ақпараттың толықтығымен біріге отырып оның құндылығын анықтайды.

Ақиқаттық қасиеті. Ақпаратта жасырын қателіктердің болмауы қасиеті. Ақпарат қабылдағыш алған уақытта белгілі мөлшерде «ақпараттық шуыл» болуы мүмкін, ол неғұрлым аз болса, ақпараттың ақиқаттығы жоғарылайды.

Қатынау мүмкіндігі қасиеті. Пайдаланушының ақпаратты алу мүмкіндігі дәрежесін анықтайтын қасиет. Ақпаратқа қатынау мүмкіндігінің жоқтығы оны қатынауға мүмкін емес етеді.

Адекваттық қасиеті. Ақпараттың өзі бейнелейтін объектіге немесе құбылысқа, үрдіске бірмәнді сәйкестігін анықтайтын қасиет. Бұл қасиет ақиқаттық және қолданушы мұқтаждығына сәйкес келу қасиеттерімен анықталады.

Эргономдық қасиеті. Белгілі қолданушы үшін ақпараттың пішімі мен көлемінің ықғайлылық дәрежесін көрсететін қасиет.

Ақпараттың өлшем бірліктері

Есептеу техникасында өңделетін және сақталатын ақпарат (оның шығу тегіне байланыссыз) екілік жүйеде көрсетілетіндіктен (0 және 1-ден (бит) тұратын алфавиттің көмегімен) сәйкес өлшем бірліктері енгізілген, олар бит және байт. Бит – ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі болса, байт – негізгі өлшем бірлігі. Байт – 8 биттен тұратын топ.

Бұған қоса өте үлкен көлемді ақпаратты өлшеу үшін туынды өлшем бірліктер енгізілген: Килобайт, Мегабайт, Гигабайт, Терабайт, Петабайт.

1 байт= 8 бит

1 Кбайт = 1024 байт

1 Мбайт = 1024 Кбайт

1 Гбайт = 1024 Мбайт

1 Тбайт = 1 Гбайт

1 Пбайт = 1024 Тбайт

Есептер


  1. Компьютер көмегімен терілген кітапта 150 парақ бар, әрбір парақта 40 жол бар, әрбір жолда 60 символ бар. Кітаптағы информация көлемі қандай?

Шешуі: 150*40*60=36000 – кітаптағы символдар саны.

Егер компьютерлік тексте 1 символ 1 байт информацияға тең болса, онда кітаптағы информация көлемі. 36000*1 байт=360000 байт. Басқа өлшем бірліктерге ауыстырсақ:



Кітаптағы информация көлемі 0,3 Мбайтқа тең.



  1. 12288 биттен тұратын хабарда қанша килобайт бар?



  1. Бір дискетаға 432 парақтан және әрбір парақта 46 жолдан, ал әрбір жолда 62 символдан орналасқан кітапты сыйғызуға бола ма?

Шешуі: Кітапта 432*46*62=1232064 символ бар. 1 символды кодтау үшін 1 байт қажет. Бұдан кітаптағы информация көлемі 1232064 байтқа тең.

Дискетаға 1,44 Мбайт информация сиятын болғандықтан, кітап 1 дискетаға сияды.

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 6, 7, 8

Қосымша әдебиеттер: 12







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет