Сабақтың барысы: Қызығушылығын ояту. Психологиялық дайындық



Дата26.04.2024
өлшемі17,06 Kb.
#201428
түріСабақ
Байланысты:
Білімді мыңды жығады
тест 3 тимс, ЛОГ 4, Entry test Grade 7 2023[1], тарих (3)

Тақырыбы: Білімді мыңды жығар.
Мақсаты: Оқушылардың білім-білік дағдыларын байқау. Өздерін емін-еркін ұстай білуге үйрету. Шапшаң ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың танымдық көзқарасын, ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтіп, логикалық ойлау, шапшаңдық, ізденімпаздық, іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, өз пікірін қорғай алуға үйрету. Шығармашылық қабілеттерін арттыру. Білімге деген қызығушылығын ояту.
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, слайд
Сабақтың барысы:

  1. Қызығушылығын ояту.

  • Психологиялық дайындық:

Қанаттанып, талаптанып,
Биіктерге самғаймыз.
Қыран құстай қанат қағып,
Асуларды шарлаймыз.
Ә) Армысыздар оқушылар! Еліміздің ертеңі , халқымыздың болашағы сендерсіңдер.Сендер тек білімдеріңмен еліміздің даңқын арттыра аласыңдар. Бүгінгі өткізгелі отырған интеллектуалдық ойынымыз сендердің ой-өрістеріңді кеңейтіп, есте сақтау қабілеттеріңді шыңдап, білімге қызығушылықтарыңды арттырады.
Сайысымыз 4 кезеңнен тұрады:
1-кезең: «Кім жылдам?»
2-кезең: «Ойлан тап!»
3-кезең: «Ғажайып сурет.»
4-кезең: «Жұбын тап!»

  1. Мағынаны тану:

Мұғалім: Білмеймін деп қысылма,
Талабың болса бойыңда.
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатыр бойында.
1-кезең: «Кім жылдам?»
1). Сиырдың баласын қалай атайды?
2). Жұлдыздар қай кезде пайда болады?
3). Үй жануарларын ата.
4). Қызанақтың түсі қандай?
5). Балыұ қайда болады?
6). Жыл мезгілдерін ата.
7). Т қандай дыбыс?

8). Жапырақ қай кезде сарғаяды?


9).Тудың түсі қандай?
10). Қ.Р. Президенті кім?
11). Жемістерді ата.
12). Қыстың көркі не?
13). Ә қандай дыбыс?

2-кезең: «Ойлан тап!»



  1. Бетін адам ашады,

Білім нұрын шашады. (кітап)

  1. Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады.(күн)

  1. Күндіз бәрі қашады,

Түнде аспанды басады.(жұлдыз)

  1. Сырт-сырт соғады,

Уақыт озады. (сағат)
3-кезең: «Ғажайып сурет» (бұл бөлімде оқушылар өз беттерімен сурет салады)
Мұғалім: Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік.
Бұл кезеңде ғажайыпқа берелік.
Арамызда тапқыр достар көп екен.
Соларды енді жарыстырып көрелік- деп оқушыларға сурет салдыру.

4-кезең: «Жұбын тап!» (берілген 2 бағандағы сөздерді сәйкестендіреді).


Алыс қара
Жоғары сары
Ақ жақын
Сап төмен
Жылқы боздайды
Қой ақырады
Түйе кісінейді
Арыстан маңырайды

  1. Ой толғаныс. ( Жиналған ұпайлары бойынша жеңімпазды анықтау.)

Балалардың білімі құтты болсын!
Денсаулығы әрқашан мықты болсын!
Білімдерін әрі қарай дамытатын,
Ерінбейтін еңбекқор, мықты болсын!

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет