2016 жыл бойынша Курчатов қаласы бюджеттің орындалуы туралы АҚпарат бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуы



Дата31.01.2018
өлшемі163,27 Kb.
#37140





2016 жыл бойынша

Курчатов қаласы бюджеттің орындалуы туралы

АҚПАРАТ
Бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуы.

2016 жылға қала бюджетінің орындалуы республикалық және облыстық бюджеттерден алынған нысаналы трансферттер, субвенциялар есебімен 1410105,5 мың теңгені құрады жоспардағы 1410905,2 мың теңге немесе 99,9%.



Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге 254383,2 мың теңге шығындалған жоспардағы 254892,3 мың теңге, немесе 99,8 %. Соның ішінде:

сатып алынды: мәслихат аппаратына – мемлекеттік рәміздер, антивирустық бағдарлама; әкім аппаратына – 3 радиостанциялар, дүрбі, 13 газдан қорғайтындар, антивирустық бағдарлама; экономика және қаржы бөліміне – антивирустық бағдарлама; білім, дене шынықтыру және спорт бөліміне - мемлекеттік рәміздер, шілтер шымылдық, қалың мата, антивирустық бағдарлама; жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне - модем, кеңсе жиһазы (шкаф, стөл, кресло), кондиционер, монитор, мемлекеттік рәміздер, антивирустық бағдарлама; мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне - мемлекеттік рәміздер; ішкі саясат бөліміне - мемлекеттік рәміздер, жүйелік блок, үздіксіз қуат беру көзі; құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне - мемлекеттік рәміздер, антивирустық бағдарлама; ауылшаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөліміне – антивирустық бағдарлама; кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөліміне – антивирустық бағдарлама; ветеринария және ветеринарлық бақылау бөліміне – компьютер, 4 шкаф.

- Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 346 «ШҚО Курчатов қаласының ТҮКШ, кісі тасу көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ қаулысымен қала тұрғындарын және әлеуметтік маңызы бар нысандарды жылумен жабдықтауды қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды өткізуге жергілікті атқарушы органның резерві есебінен қала бюджетінен 16491,9 мың теңге бөлініп және «ККПК» МКК аударылды.

- Семей облыстық сотының 1990 жылғы 26 шілдесіндегі тұрақты сессиясының азаматтық істері бойынша сот алқасының шешімі жөнінде міндеттерді орындау және ШҚО Курчатов қалалық сотының 2007 жылғы 11 шілдесіндегі тағайындау бойынша ШҚО Курчатов қалалық сотының 2007 жылғы 11 шілдедегі, И.Н. Данько үшін, ШҚО Курчатов қаласы әкімінің 2015 жылғы 18 ақпандағы № 275 өкімімен, «ҚР ШҚО Курчатов қаласының әкім аппараты» ММ «Халық банкі» АҚ карточкалық шотына 89,1 мың теңге аударылған;

- Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 07 қазандағы № 315 қаулысын орындау барысында ШҚО Курчатов қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қазандағы № 639 қаулысымен Қазақстан Республикасы Үкіміетінің резервінен, «ШҚО Курчатов қаласының ТҮКШ, кісі тасу көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ қала қазандықтары үшін «Курчатов көп салалы пайдалану кәсіпорыны» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынға 2016 жылдың қазанынан желтоқсаны аралығында жылыту мерзімі кезінде 27826,2 мың теңге сомасында қаражат бөлінді.

- Жылжымайтын мүлік бойынша орталықпен ұсынылған, 403,0 мың теңге сомасында салық салу мақсатында мүлікті бағалау бойынша қызметтер төленді, төлем атқарылған жұмыстар актісі бойынша жүргізілді;



Қорғанысқа жоспардағы 4167,0 мың теңге 4166,4 мың теңге сомасына немесе 99,9 % орындалды.

Жалпы әскери міндеттемелерді орындау аясындағы іс шараларға 4167,0 мың теңге бөлініп, 4165,4 мың теңгеге немесе 99,9% игерілген, қалдық 0,6 мың теңге – үнемдеу, 2016 жыл кезінде техникалық жұмысшылардың бос орны болуына байланысты. Медициналық куәландыруға шақырушыларды тасымалдау жүргізілді, барлығы 280 адам: 110 адам – көктемгі шақыру, 170 адам – күзгі шақыру, соның ішінде: әскери есепке тіркелген адамдар – 45 адам, шақырылғандар -225 адам, Әскери жоғарғы оқу орынына үміткерлер -1 адам, әскери техникалық мектеп -9 адам. Әскери – патриоттық тақырыпта баннерлер жасалып, компьютер сатып алынды, қағаздарды жоятын, құрғақ ыстық ауалы шкаф, бланкелік өнімдер сатып алынды, кеңсе тауарлары, шаруашылық тауарлары, байланыс және көлік қызметтері төленді.



Елді мекендерде жол қозғалысының қоғамдық қауіпсіздігіне 562,0 мың теңге бөлініп, 100% игерілген. Ағымдағы жөндеу және жол белгілерін орнату жүргізілген.

Білімге 598078,8 мың теңге шығындалып жоспарда 597884,9 мың теңге, немесе 100%, соның ішінде:

- орта және екі орта жалпы білім беретін орта мектептерінің қызметтерін қамтамасыз ету үшін 382569,3 мың теңге шығындалды;

- «Күншуақ» балабақшасын және №3 орта мектепте және № 2 жалпы білім беретін орта мектеп ішінде екі шағын орталықтарды ұстауға республикалық бюджеттен («Балапан») трансферттер есебінен 52 608,6 мың теңге шығындалды;

- «Журавушка» балабақшасын ұстауға – 62525,9 мың теңге;

- балалар мен жасөспірімдер үшін қосымша білім беруге – 47558,1 мың теңге, соның ішінде балалар музыка мектебін, шығыармашылық үйін, екі балалар – жасөспірімдер клубтарын («Скала» және «Горизонт») ұстау;

- балалар –жасөспірімдер спорт мектептерінің қызметтерін қамтамасыз етуге – 27943,6 мың теңге;

- мектеп олимпиядаларын, мектептен тыс –іс-шараларды және конкурстарды өткізуге 1000,0 мың теңге, толық көлемде игерілген;

- қамқоршыларға (қорғаншыларға) айсайынғы ақшалай төлемдерге жетім баланы (жетім-балаларды) және ата-аналарының қамқорынсыз қалған баланы (балаларды) ұстауға 5578,3 мың теңге бөлініп, 5578,2 мың теңге немесе 100,0% игерілген, ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларды және жетім балаларды (23 адам) ұстауға 22 қамқоршыларына жәрдемақылар төлемі жүргізілді;

- білім берудің мемлекеттік мекемелеріне арналған оқулықтарды, оқу-әдістемелік жиынтықтарды сатып алуға және жеткізуге 17317,8 мың теңге бөлініп, 17312,7 мың теңге немесе 100,0% игерілген, олардан: республикалық бюджет трансферттері есебінен 4208,0 мың теңге бөлініп, 4205,4 мың теңге немесе 99,9% игерілген, облыстық бюджеттен трансферттер есебінен 2682,8 мың теңге бөлініп, толық көлемде игерілген, қалалық бюджет қаражаты есебінен 10427,0 мың теңге бөлініп, 10422,1 мың теңге немесе 100,0% игерілген;

- ведомствалық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығындарына 788,4 мың теңге шығындалып, сатып алынғандар: № 2 жалпы білім беретін мектепке арналған мемлекеттік символикалар, «Журавушка» балабақшасы; балалар музыка мектебіне арналған; «Скала» балалар- жасөспірімдер клубы; антивирустық бағдарлама, № 3 орта мектепке арналған жылусанауыш.



Әлеуметтік көмекке және әлеуметтік қамтамасыз етуге 114332,3 мың теңге шығындалған жоспарда 114323,0 мың теңге немесе 100,0%.

Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша жоспарланған қаражат 25457, мың теңге сомасында, игерілгені 25454,9 мың теңге сомасында немесе 100,0%.

Республикалық бюджеттен трансферттер есебінен әлеуметтік жұмыс орындарына, мамандарды қайта даярлауға және жастар тәжірибесіне 6936,0 мың теңге бөлініп, толық көлемде игерілген. Әлеуметтік жұмыс орындарына жалақы төлемін ішінара субсидиялаумен 22 адам жіберіліп, жұмысқа орналасқаны 14 адам. Мамандарды қайта даярлауға 10 адам жібіріліп, жұмысқа орналасқаны 10 адам. Жастар тәжірибесіне 17 адам жібіріліп, жұмысқа орналасқаны 12 адам. Қоғамдық жұмыстарға 5 адам жіберілді.

Қоғамдық жұмыстарға 12690,0 мың теңге бөлініп, толық көлемде игерілген, қоғамдық жұмыстарға 133 адам қатысып, шарт мерзімі аяқталғаннан соң 32 қатысушылар тұрақты жұмысқа орналасты.

Жұмыссыздарды кәсіби даярлауға және қайта даярлауға 1384,0 мың теңге бөлініп, толықтай игерілді. «Электромонтер», «Көпірлі кран машинисті», «Аспазшы» мамандықтары бойынша 16 жұмыссыз азаматтар оқуды аяқтады.

Халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шараларға 3416,0 мың теңге бөлініп, толықтай игерілді. ӘЖО 20 адам орналасып, жастар тәжірибесіне 15 адам қатысты, жұмысқа орналасқаны 5 адам.

Бірен-саран жұмыс істейтін жалданбалы жұмысшыларды қайта даярлау бойынша Ұлттық қордан нысаналы трансферттер есебінен, соның ішінде 18 ден 24 жастағы жастарға 1031,0 мың теңге бөлініп, толық көлемде игерілді.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 94,0 мың теңге бөлініп, толықтай игерілді. Аз қамтылғандар, халықтың әлсіз қатпарлары санынан 8 адамнан (2 отбасы) өтініштерді қабылау жүзеге асырылып, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып және төленді, сондай-ақ ол мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті аз қамтылған азаматтарға беру тәртібі туралы Ережеге сәйкес айсайын қатаң жүзеге асырылды.

Тұрғын үй көмегіне 866,0 мың теңге бөлініп, толықтай игерілді. Тұрғын үй көмегі 41 отбасыларына (123 адам) тағайындалып және төленді, 18 отбасыларына (34 адам) телефонға абоненттік төлемінің көтерілуіне өтемақы тағайындалып және төленді.

Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік көмекке 34225,0 мың теңге қаралып, толықтай игерілді. Көмек сұраған аз қамтылған азаматтар санына жергілікті бюджет қаражатынан 5150,0 мың теңге сомасына 186 адамға материалдық көмек көрсетілген. ҰОС қатысушылар мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға коммуналдық қызметтер шығындарына өтемақы үшін облыстық бюджет қаражатынан 478 адамға 23651,0 мың теңге сомасына материалдық көмек көрсетілді. Жоғары оқу орындарында аз қамтылған отбасыларынан 6 баланы оқыту үшін облыстық бюджет қаражатынан 3704,0 мың теңге сомасына (шәкіртақы, жатақханада тұрғаны үшін, оқуына төлем) материалдық көмек көрсетілді. 46 көп балалы, «Алтын алқа», «Күмiс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» дәрежесін алған, 1,2 дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған аналарға облыстық бюджет қаражатынан 460,0 мың теңге сомасына бір жолғы материалдық көмек көрсетілді, 56 көп балалы, 4 және одан да көп кәмілетке толмаған балаларымен бірге тұратын аналарға 560,0 мың теңге сомасына бір жолғы материалдық көмек көрсетілді. 700,0 мың теңге сомасында төртінші баланы туған 14 аналарға бір жолғы материалдық көмек көрсетілді.

Жәрдемалықарды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу және апарып беру бойынша қызметтерді төлеуге 164,0 мың теңге бөлініп, толық көлемде игерілді.

Мұқтаж азаматтарға үйден әлеуметтік көмек көрсетуге 4369,0 мың теңге бөлініп, 4368,9 мың теңге сомасында немесе 100,0% игерілген. Қаражат 4 мүгедек балаларға және жұмысқа жарамсыз жастағы 26 жалғыз тұратын қарт азаматтарға үйден көмек көрсетуді жасайтын, 5 әлеуметтік жұмыскерлерді ұстауға жіберілді.

18 жаса дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақыларға 1270,0 мың теңге бөлініп, толықтай игерілген. Төлем 159 адамға (50 отбасы) нақтыаудару бойынша жүргізілген.

Міндетті гигиеналық құралдармен мұқтаж мүгедектерді қамтамасыз етуге 573,0 мың теңге бөлініп, 572,0 мың теңге сомасында игерілген. Гигиеналық құралдармен 9 мүгедектер қамтамасыз етілген. Қаражат мем. сатып алуларға сәйкес сатып алынған.

Тұрғындарды жұмыспен қамту орталығын ұстауға республикалық бюджеттен 15 074,0 мың теңге бөлініп, 15073,3 мың теңге сомасында игерілген немесе 100,0%, төлем ұсынылған шоттар және нақты есептеу бойынша жүргізілген.

Өрлеу жобасы бойынша республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер 1922,0 мың теңге бөлініп, игерілгені 1922 мың теңге, толықтай игерілген, қала бюджеті қаражаты есебінен 1051,0мың теңге бөлініп, толықтай игерілген. Әлеуметтік жұмыс бойынша кеңес берушінің қызметтері төленіп, 4 отбасыларына шартталған акшалай көмек ұсынылған.

Мүгедектердің құқығын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен трансферттер есебінен 583,5 мың теңге бөлініп, толықтай игерілген. 9 мүгедектер гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілген.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін ұстауға 23790,0 мың теңге бөлініп, игерілгені 23784,8 мың теңге немесе 100,0 %, төлем ұсынылған шоттар және нақты есептеу бойынша жүргізілген.

Күрделі шығындарға 356,5 мың теңге бөлініп, толық көлемде игерілген, модем, кеңсе жиһазы (шкаф, үстел, кресло), кондиционер, монитор, мемлекеттік рәміздер, антивирустық бағдарлама.

Патронат тәрбиелеушілерге берілген, баланы (балаларды) ұстауға 4537,3 мың теңге бөлініп, толықтай игерілген. 4 патронат тәрбиелеушілердің еңбек төлемі және 4 патронат тәрбиелеушілерге берілген 6 баланы ұстауға 10 АЕК мөлшерінде жәрдемақыларды төлеу жүргізілген.



Тұрғын үй –коммуналдық шаруашылыққа 193 757,2 мың теңге бөлініп 193 700,3 мың теңге сомасында немесе 100,0% игерілген, соның ішінде:

Мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыруға 8 628,4 мың теңге бөлініп, толық көлемде игерілген. Шатырды ағымдағы жөндеу, мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтерлерге терезе және темір есіктер дайындау және орнату бойынша жұмыстар төленді.

Кондоминиумдар объектілеріне техникалық паспорттар даярлауға 524,2 мың теңге бөлініп, толық көлемде игерілген. Төмендегі мекенжай бойынша орналасқан, жылжымайтын мүлік объектілерін техникалық тексеру бойынша жұмыстар төленген:

- Курчатов қаласы, Олимпийская көшесі, 2 үй;

- Курчатов қаласы, Абай көшесі, 28 үй.

Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жұмыс істеуіне 20 629,0 мың теңге бөлініп, толық көлемде игерілген. Жүргізілді:

- 1375 м. кәріз құбырларын тазарту;

- нөсерлі кәріздер жұмыстары: 672 куб.м. су шаю және ағызу, 756 куб.м. лас сулардың бөлінуі және ағызу;

- кәріз құбыр жүйелерін төсеу;

- су құбырларының сыртқы жүйелерін жөндеу 3 ден 4 дейін су тартатын;

- акімдіктің жалғастыра салынған жайында өздігімен ағатын кәрізді монтаждау;

- Иртышская көшесі, №7 бойынша су жолдары жүйелерін СП УЧВ монтаждау;

- Молдары ауылында су құбыры жүйелерін ауыстыру.

«Курчатов қаласында сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғырту» жобасы бойынша мемлекеттік сараптауды алуға 2 092,9 мың теңге бөлініп, толық көлемде игеріліп, қорытынды алынды.

Көшелерді жарықтандыруға 11 633,3 мың теңге бөлініп, толық көлемде игерілген, электрэнергиясын тұтыну төленіп, көшелерді жарықтандыру жүйелерін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар:

- шамдарды бөлшектеу және монтаждау (264 дана), аспалы патрондар (132 дана), ИЗУ (132 дана), дроссель ПРА (132 дана), қосқыштар (5 дана), таймерлер (5 дана);

- салбыраған сымдарды қайта тартуға (6,6 км.);

- метал тіреуіштерді тазарту, төсеніш салу және бояу (31,8 кв.м.);

- жүйелерді ұстау.

Жерлеу және туысы жоқтарды жерлеу орындарын ұстауға 800,0 мың теңге бөлініп, 750,0 мың теңге сомасында игерілген. Жерлеу орындарының аумағын қоқыстан тазарту жүргізілген.

Қалада санитарияны қамтамасыз етуге 31 313,3 мың теңге сомасында қаражат бөлінген, қаражат толық көлемде игерілген немесе 100%, механизацияландырылған тазарту үшін қол жетпейтін жерлерді қолмен тазарту жүргізілген, қар және қоқысты тиеу және шығару, ағаштарды кесу, шөп шабыны және жинау (33 га). Төлем атқарылған жұыс актілері бойынша жүргізілген.

Абаттандыру мен көгалдандыруға 59 270,7 мың теңге бөлініп, 59 270,0 мың теңге сомасында игерілген. Жүргізілді:

- егілген шөптерді суару;

- көшелерді декаративтік жарықтандыруды безендіру;

- орталық алаңда фонтан орнату;

- балалар ойын алаңдарын орнату;

- «Work Out» спорттық- сауықтыру алаңдарын орнату.

Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020 бойынша қалалар мен ауылдық елді мекендерді дамыту шеңберінде нысандарды жөндеуге 58 865,4 мың теңге бөлініп, 58 859,3 мың теңге сомасында немесе 100,0% игерілген. Соның ішінде, республикалық бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттер 19 613,0 мың теңге сомасында, Ұлттық қордан нысаналы ағымдағы трансферттер 33 271,0 мың теңге сомасында, жергілікті бюджет қаражаты 5 981,4 мың теңге сомасында. Жүргізілді:

- «Журавушка» балабақшасы» МКҚК ғимаратының есік орындарын және терезе ойықтарын күрделі жөндеу;

- «Курчатов қаласының мектеп-гимназиясы» КММ ғимаратының акті залының ғимаратын және жылумен жабдықтау жүйелерін күрделі жөндеу;

- «Курчатов қаласы № 3 орта мектебі» КММ ғимаратының спорт залын күрделі жөндеу.

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке 131073,0 мың теңге бөлініп, 131057,9 мың теңге немесе 100% игерілді.

- мәдени – бос уақыт жұмыстарын қолдауға 62666,0 мың теңге бөлініп, толық көлемде игерілген, соның ішінде концерттік-көңіл көтеру қалалық мерекелік іс-шаралар өткізілді: Жауынгер интернационалист күні, ұлттық мереке "Масленица", 8 наурыз, "Наурыз-Мейрамы", Күлкі күні 1 сәуір, Халықтар бірлігі күні 1 мамыр, Жеңіс күні 9 мамыр, Балаларды қорғау күні, Қайтыс болғандарды еске алу күні 22 маусым, Мемлекеттік рәміздер күні, Астана күні, Қала күні, Конституция күні, Қарттар күні, Бірінші Президент күні, ҚР Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл;

- спорттық жарыстарды өткізуге 385,0 мың теңге бөлініп, 384,1 мың теңге сомасында игерілді немесе 99,8%, шаңғы, шағын-футбол, волейбол, армрестлинг, футбол, гір спорты, қазақша күрес, 8 наурызға орайластырылған іс-шараларға, Наурыз-Мейрамы, Астана күні, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы бойынша өткізілген жарыстардың жеңімпаздарына табыстау үшін грамоталарға арналған жиектемелер сатып алынды;

- шығатын спорттық іс-шараларға қатысуға 5320,0 мың теңге бөлініп, толық көлемде игерілген. Ұлттық ойындардың салтанатты шеруіне арналған қаланың құрама командасы үшін спорт костюмдері сатып алынды, Қазақша күрес жарыстарына (Аягөз қаласы) шығатын іс-шаралар өткізілді, хоккей бойынша жарыстар (Семей қаласы), ШҚО әкімінің жүлдесіне Ұлттық ойындарға командалардың қатысуы, футбол бойынша жарыстар, армреслинг бойынша чемпионат, гір бойынша чемпионаттар, Қазақша күрес және футбол бойынша турнир;

- қалалық кітапхананың жұмыс істеуіне 9664,0 мың теңге бөлініп, 9664,0 мың теңге сомасында немесе 100% игерілген;

- Қазақстан халықтарының мемлекеттік тілін және өзге де тілдерін дамытуға 8046,0 мың теңге бөлініп, 8046,0 мың теңге сомасында немесе 100% игерілген, осы қаражаттар есебінен тілдерді оқыту орталығы қызметтерін қамтамасыз ету жүргізіледі. Сонымен қатар: «Ой-сана», «Тіл шебер», «Тіл-парасат», «Абай оқулары», Оралхан Бөкей атындағы мәтінді мәнерлеп оқушылар конкурсы, «1001 мақал, 101 жұмбақ» қалалық олимпиадалар, «Тіл-тқндық ойдын кәусары» тіл саясаты бойынша қалалық конкурстарды өткізу қамтамасыз етіліп, шығатын облыстық іс-шаралар төленген;

- Газет және журналдар арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге қызметтерге 4684,0 мың теңге бөлініп, толық көлемде игерілген. «Спектр-резонанс», «Көкжиігі» газеті арқылы ақпараттық қызметтерге төлем жүргізілген;

- жастар саясаты саласында бағдарламаларды жүзеге асыруға 9718,0 мың теңге бөлініп, толық көлемде игерілген. Жастар іс-шараларын өткізуге арналған жүлделер сатып алынды, «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ ұстауға.

- «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ 89,0 мың теңге сомасына мемлекеттік рәміздер сатып алынды;

- ведомствалық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығындарына 836,5 мың теңге бөлініп, толық көлемде немесе 100,0 % игерілген. Сатып алынғандар: қалалық мәдениет үйіне арналған, жасанды көше шыршасы биіктігі 10 метр; тілдерді оқыту орталығына арналған мемлекеттік рәміздер; қалалық кітапханаға арналған кітаптар және антивирустық бағдарлама.

Қызметті қамтамасыз етуге:

- мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне 15252,0 мың теңге шығындалып, 15238,4 мың теңге немесе 99,9% игерілген;

- ішкі саясат бөліміне 15030,0 мың теңге шығындалып, толық көлемде игерілген.

Мемлекеттік органдардың күрделі шығыстарына 355,5 мың теңге бөлініп, толық көлемде игерілген, соның ішінде:

- мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне мемлекеттік рәміздер сатып алынды;

-ішкі саясат бөліміне мемлекеттік рәміздер, жүйелік блок, үздіксіз қуат көзі сатып алынды.



Ауыл шаруашылық, жер қатынастарына 27009,0 мың теңге сомада қаражат бөлінді, 27007,3 мың теңге сомада игерілді немесе 100,0 % соның ішінде:

- қаңғырған иттер мен мысықтарды жойып және оларды ұстауды ұйымдастыруға 780,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді. 12 иесіз иттер мен 115 мысықтар ұсталды;

- жануарлардың энзоотикалық аурулары бойынша ветеринарлық іс - шаралар өткізуге 18 30,2 мың теңге бөлінді, соның ішінде: республикалық бюджттен нысаналы трансферттер 1536,0 мың теңге, толық көлемде игерілді, қауіпті инфекциялық аурулардан вакцинация жүргізілді (жылқы -1310 бас, шошқа – 450 бас, ҰІМ – 1200, ІҚМ -3350 бас), вакцина сатып алынған, вакциналар сатып алуға қалалық бюджеттен 294,1 мың теңге сомасында, толықтай игерілген;

-ауылшаруашылық малдарды сәйкестендіру бойынша іс шаралар жүргізуге 150,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді. Өскемен қаласының «Казагромаркетинг» АҚ мамандары АШМС (ауылшаруашылық малдарды сәйкестендіру) бағдарламасын жаңарту, аппараттық қамтамасыз ету және бағдарламалық қызмет көрсету, жұмыс бекетін бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдануға келтіру бойынша жалпы алдын алу жұмыстарын жүргізді;

-эпизоотияға қарсы іс- шаралар өткізуге 1881,7 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді игерілді, аса қауіпті инфекциялық ауруға ауыл шаруашылық малдарына (ІҚМ-5300 бас, ҰІМ-10700 бас, шошқа-200 бас, жылқы-500 бас, түйе-45 бас, құс 600 бас, етқоректілер 900 бас), қауіпті ауруларды анықтау бойынша (4212 бастан - қан алып талдау жасауға) диагностика жүргізілді.

Қызметтерді қамтамасыз етуге:

-ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі 12034,6 мың теңге шығындаған, жоспарда 12036,0 мың теңге немесе 100,0%;

- ветеринария және ветеринарлық бақылау бөлімі 10009,5 мың теңге шығындаған, жоспарда 10009,6 мың теңге немесе 100,0%.

Мемлекеттік органдардың күрделі шығыстарына 321,5 мың теңге бөлінген, толық көлемде игерілген, соның ішінде:

-ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөліміне антивирустық бағдарлама;

- ветеринария және ветеринарлық бақылау бөлімі компьютер және 4 шкаф шығындалған.

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне 16644,8 мың теңге сомада қаражат бөлінді, 16631,5 мың теңге сомада игерілді немесе 99,9 %.

Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдерін ұстауға 15987,3 мың теңге бөлінген, игерілгені 15974,0 мың теңге немесе 99,9%.

Аудан аумағының қала құрылысының кестесін, аудан (облыстық) маңызы бар қалалардың, ауылдардың және өзге де ауылдық елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеуге 500,0 мың теңге бөлініп, толық көлемде игерілген.

Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне 131,5 мың теңге сомасына антивирустық бағдарлама сатып алынған.



Колік және коммуникацияларға 63678,0 мың теңге сомасында қаражат бөлінді толықтай игерілген немесе 100,0%. Қала көшелерінің жолдарын, қарларды автогрейдермен және қолмен жинау бойынша жұмыстар жүргізіліп, төлем атқарылған жұмыс актілері бойынша жүргізілді.

Борышқа қызмет көрсету 10,0 мың теңге сомада қаражат бөлінді, 10,0 мың теңге сомада игерілді немесе 100,0 %

6700,9 мың теңге сомада бюджетке 2015 жылы пайдаланылмаған трансферттер қайтарылды.



Бюджеттің атқарылуы бойынша

уәкілетті органның басшысының А. Аралов

Сектор меңгерушісі А. Қуандықов










Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет