2019 ж диссертациялық кеңестің жұмысы туралы есеп



Pdf көрінісі
бет6/11
Дата25.02.2022
өлшемі1,67 Mb.
#133383
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Математика ДК есебі 2019
P7.04 - kk - 10100602474786, 11-ДЖТ, äåáèåò òåîðèÿñû. Íñàëû. «Ôîëèàíò» áàñïàñû, 2003. 344 áåò. « 2, Тема Законы, закономерности и принципы менеджмента-melimde.com
Машеева Р.У.
Диссертацияның тақырыбы: «Сыртқы магнит өрісінде 
тозаңды плазманы компьютерлік модельдеу». Көптеген жылдар бойы микрон 
өлшемді бөлшектерден тұратын иондалған газ, яғни тозаңды плазма зерттеу 
объектісі болып келеді. Алайда соңғы жылдары осы салаға қызығушылықтың 
артуы плазмалық өңдеу, басқармалы термоядролық синтез секілді әр түрлі 
техникалық қосымшалардың дамуымен байланысты. Сонымен қатар, тозаңды 
бөлшектер мен тозаңды плазма планеталық сақина, жұлдызаралық бұлттар
тұмандықтар, кометаның құйрығы секілді астрофизикалық объектілерде яғни 
ғаламда кең таралған.
Келесідей нәтижелер алынды: 
-
фондық плазманың нәтижесінде пайда болатын үйкеіс күші ескерілген, 
магнитті белсенді плазманың математикалық моделі құрастырылды және 
ланжевендік динамика әдісінің көмегімен компьютерлік модельдеу жасалды; 
-
тозаңды бөлшектердің қозғалыс теңдеулерінде магнит өрісі мен үйкеліс 
күшін бір уақытта ескеру кейгендік корреляциялық функция өзін басқаша 
көрсететіндігі анықталды; 
-
үш өлшемді тозаңды плазмада бағытталған корреляциялық функцияларды 
есептеу үшін теңдеулер ұсынылды; 
-
тозаңды плазманың қасиеттерін модельдеу және зерттеуге арналған 
компьютерлік программалардың автоматтандырылған комплексі ұсынылды.
Магнитті белсенді тозаңды плазманы компьютерлік модельдеу негізінде 
алынған 
алынған 
нәтижелер 
басқармалы 
термоядролық 
синтез 
қондырғыларын жобалау және құрастыру барысында пайдалы. Магнитті 
белсенді тозаңды плазма бұл қондырғыларда плазманың қондырғы 
қабырғаларымен әсерлесуі нәтижесінде пайда болады. Қозғалыс теңдеуін 


интегралдауға арналған алынған схема бөлшектерге әсер ететін күштер 
бөлшектердің жылдамдықтарынан анық түрде тәуелді болған кезде көп 
бөлшекті жүйелерді модельдеуге мүмкіндік береді. Автоматталған қосымша 
тозаңды плазманың қасиеттерін программаның кодына жүгінбей, ыңғайлы 
интерфейсте зерттеуге мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет