2021 жыл Қышқылдар мен негіздер туралы негізгі



Дата15.12.2022
өлшемі48,01 Kb.
#162859
Байланысты:
реферат2
айдарұлы архат ТМО 21-11, 458680

Алматы технологиялық университеті


Тақырыбы:
Қышқылдар мен негіздердің теориялары.

Орындаған: Айдарұлы.А
Тексерген: Шаихова.Ж

2021 жыл



Қышқылдар мен негіздер туралы негізгі
Қышқылдар мен негіздердің тепе-теңдіктерін толық түсіндіріп сипаттайтын жалпы теория жоқ. Қазіргі кезде қышқылдық-негіздік қасиеттер
әртүрлі теориялық концепциялар көзқарасынан түсіндіріледі. Осы теориялық
концепциялардың өздеріне тән кемшіліктері мен артықшылықтары бар.
Ең бірінші қышкылдар мен негіздердің қасиеттерін түсіндірген классикалық электролиттік диссоциациялану теориясы. Оны 1887 жылы Сванте Аррениус ұсынған. Бұл ұғым бойынша: қышқылдар диссоциацияланғанда сутек-иондары мен аниондарға ыдырайды, ал негіздер – гидроксид-иондары мен катиондарға ыдырайды.
1916 жылы Льюис ұсынған теория бойынша: қышқылдарға электрондар
жұбын қосып алатын заттар , ал негіздерге – электрондар жұбын бере алатын
заттар жатады деп айтылған.
1923 жылы Бренстед және Лоури қышқылдар мен негіздердің
протолиттік теориясын ұсынды. Бұл теория барлық қосылыстардың ( соның
ішінде органикалық қосылыстардың да) қышқылдық-негіздік қасиеттерін
түсіндіріп, осы қасиеттерге еріткіштердің әсерін бағалады теориялар. Қышқылдармен негіздер ретінде бейтарап молекулалар оң және теріс иондар кездеседі. Кейбір заттар бір реакцияда протон доноры ретінде протонға ынтықтылығы жоғры заттарға протондар берсе, ал басқа реакцияда протонға ынтықтылығы төмен заттан протонды алып, протон аксептор қызметін атқарады. Мұндай заттар алифолиттер деп аталады.
Суда ерігенде немесе балқытқанда электр тогы өткізетін заттарды электролиттер деп атайды. Электролиттер күшті және әлсіз болып бөлінеді. Электролиттер зарядталған бөлшектерге иондарға ыдырай үдерісі иондық химиялық реакциялармен өрнектейді. Зарядталған иондар - катиондар, теріс зарядталған - аниондар деп аталады. Электролиттердің иондарға ыдырауға үрдісін электролиттік диссоцация деп аталады. Тірі ағзада протолиттік үрдістер заттар алмасуында, қанның қышқылдығын сақтауда т.б. физиология сұйықтарда маңызды қызмет атқарады. Физиологиялық сұйықтарда электролиттер болуы осмос кысымының шамасына, амин қышқылдарының, ақсылдардың ерігіштігіне әсер етеді.
Усанович теориясы – қышқылдық-негіздік әрекеттесудің жалпылама теориясы. Оны академик М.И.Усанович ұсынған (1938). Теорияның басты ерекшелігі – 20 ғ-дан бері химиялық ғылымында қалыптасқан қышқылдық қасиеттің әмбебап иесі саналған сутекті жоққа шығару болды. Усанович қышқылдарға негізбен әрекеттесіп тұз түзуге қабілетті болатын бөлшектерді жатқызды. Солардың қатарында барлық катиондар, соның ішінде протондар бар. Негіздер қатарына табиғаттағы қышқылдарға қарама-қарсы заттар жатқызылады, өйткені олар қышқылдармен әрекеттескенде тұз түзеді. Демек, барлық аниондарда негіздік қабілетті бөлшек бар, себебі оларқышқылдық табиғаты бар катиондармен тікелей қосылып тұз түзеді.
Усановичтің қышқылдар мен негіздерге берген анықтамасы бұдан бұрынғы әйгілі болған иондық, сольвожүйелер және протондық, электрондық теориялардың анықтамаларын қамтиды.
Сутек көрсеткіш биохимиялық зерттеулерде клиникалык және фармакологиялық жұмыстарда әртүрлі физиологиялық ертінділер мен дәрілі препараттарды қышқылдық - негіздік қасиеттерді анықтау үшін қолданылады.

Тірі ағзадағы гидролиттік үрдістер заттар алмасуында, қанның қышқылдығын қажетті деңгейде сақтауға маңызды қызмет атқарады. Дәрілік заттардың қышқылдың негіздік қасиеттеріне байланысты олардың еру кезіндегі гидролизге ұшырауы қабілетін еске алу керек. Бұл құбылыспен ауру адамға әртүрлі дәрілерді бір мезгілде қабылдау және оларды бірге сақтау кезінде санасу қажет. Қышқылдың не сілтінің өз мөлшерін қосқанда санымен қатар сұйытылғанда, сутек иондардың консентрациясы өзгермейтін ертінділерді буферлі ертінділер деп аталады.


Адам ағзасы өзінде өтетін физилогиялық, биохимиялық процестердегі және ішкі ортадағы рН тұрақтылығын реттеп отырады. Ондай реттеуді гомеостозис дейді. рН деңгейін сақтап тұру буферлер жүйелердің көмегімен жүзеге асырылады. Биологиялық сұйықтар рН тұрақты шамасымен сипатталады. Оның бұл шамадан ауытқуы шектелген. Сұйық ортаның қышқылдығын тұрақты сақтап тұру адам ағзасының қызметі үшін маңызы зор. Қышқылдық - негіздік буферлі ертінділер деп қышқылдың немесе сілтінің аз мөлшері қосқанда, сонымен қатар сұйтылғанда сутек иондары концентрациясы өзгермейтін ертінділерді айтады.
а) күшті қышқыл қосқанда Н30+ +MeOH→2H2 О +Ме+
б) күшті негіз қосқанда ОН +Ме+→ МеОН
* Әрекеттесуші массалар заңы бойынша әлсіз қышқылдың электролиттік диссоцация тұрақтысын былай жазамыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет