Әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар факультеті Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасы «Бастауыш сыныптарда қазақ (орыс) тілін оқыту әдістемесі»



бет1/8
Дата20.05.2024
өлшемі81 Kb.
#202525
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
каз принц
ҚР-НЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУЫНДАҒЫ ЭЛЕКТРОНДЫ ЖҮЙЕ, Кіріспе Негізгі бөлім-engime.org, 1 бақылау сурактары, 137658, Қазақ әдебиеті (1), 365159 (2), Талипова Дурдона бөж, уз узини, шыгар маз

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Әлеуметтік - гуманитарлық ғылымдар факультеті
Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасы



«Бастауыш сыныптарда қазақ (орыс) тілін оқыту әдістемесі » пәні бойынша
БӨЖ

Мамандығы: 6В01303 «Бастауыш білім беру педагогикасы» Тақырыбы: Қазақ тілін оқытуда басшылыққа алынатын принциптер Оқытушы: Қожагельдиева Сәуле Орындаған: Талипова Дурдона Тобы:ППМ-111

Түркістан-2024

Жоспар:
І.КІРІСПЕ
1.1 Қазақ тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттері
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1.Қазақ тілін оқытудың принциптері.
2.2.Қазақ тілін оқытудың ғылымилық принципі.
2.3.Жүйелілік принципі.
2.4.Көрнекілік принципі.
2.5.Саналылық пен белсенділік принципі.
2.6.Теорияны практикамен байланыстыру принципі.
2.7.Түсінуге жеңіл қолайлылық принципі.
2.8. Оқушылардың психологиялық ерекшелігін ескеру принципі.
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
IV.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


КІРІСПЕ
Тіл- адамдар арасындағы қарым-қатынастың аса маңызды құралы ғана емес, ойлаудың, дүниетанымның, рухани мәдениетті жасаудың, ұлттық ұжымдық тәжірибесін жинақтаудың, сақтаудың құралы. Жас ұрпақты тәрбиелеу, оларға ғылым мен білімді үйрету тіл арқылы жүзеге асады. Тіл-қысқасы, өмірдің ұлы қаруы.
Қарым-қатынас майданына түскен сайын тілдің икемділігі артып, қызметі шыңдала береді. Бірақ тілдің мұндай қасиеті оның қызмет етуіне, жетілуі мен дамуына айырықша көңіл бөліп, мемлекет шынайы қамқорлыққа алғанда ғана ерекше жандана түседі. Тіл саясаты тілдің қоғамдық қызметінің дамуына оң әсер етуге тиіс. Ал, кері әсер етсе, ондай саясат керітартпа саясат болып шығады.
Балабақшадан бастап жоғары оқу орындарына дейін қазақ тілі сабақтары жүргізіледі, оларға бөлінген сағат саны да біртіндеп өсіп келеді. Бірақ қазақ тілінің бүгінгі жағдайы әлі де болса тіл үйрету мәселесіне жаңаша көзқарастың қажет екенін аңғартады. Қазақ тілін мектепте, жоғары оқу орындарында оқыту жеткіліксіз болғандықтан еліміздің әрбір облыс орталықтарында, қала берді аудандарында Тіл үйрету орталықтары жұмыс жасап жатыр
Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде үйрету деген мәселе барша жұртқа түсінікті және қазақ тілін оқытудың мақсат-мүддесін айқындайды. Қазақстанда тұратын кез келген азаматқа қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде үйрету болашағымыздың сенімді кепілі болмақ. Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқыту керек. Мемлекеттік тілді оқыта отырып, жастардың бойына елдік сана сіңіріліп, мемлекеттік рәміз, ұлттық діл, ұлттық болмыс туралы ақпараттар толық беріледі.
Қазақ тілін оқытудың бірізділігі мен жүйелілігін арттыру үшін, әлеуметтік тапсырыстарға жауап беруде, атқарылатын істер көп. Қолданыс құралы ретінде әлемдік мәнге ие болып отырған ағылшын, неміс, француз, орыс т.б. тілдерінің оқыту жүйесінің әдіс-тәсілінен үйренеріміздің мол екені де жасырын емес. Өсіресе шет тілдерін оқыту өдістемесін қазақ тілін оқыту барысында тиімді пайдалану бүгінгі күннің өзекті мәселесі екенін атап айтқымыз келеді
Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде отандық және шетелдік тіл үйрету әдістемелерінің озық үлгілерін тиімді пайдалана отырып, үздіксіз оқыту бүгінгі күннің басты талабы.
Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үрдісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субьектінің алған білімінің түпкі нәтижесі құзіреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мәселесін негізге алудың өзектілігін арттырып отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет