21. Өлiмiнiң табиғи, зорлық-зомбылық және аурға байланысты түрлерi. Клиникалық және биологиялық өлiм. өлiмнен кейiнгi өзгерiстер, олардың морфологиялық өзгерістері


Иммунопатологиялық процесстер. Иммуногенез процестерiнiң бұзылуының морфологиясы. Иммундық жауаптың морфологиясы



бет5/5
Дата13.02.2023
өлшемі24,95 Kb.
#168543
1   2   3   4   5
Байланысты:
3 денг 21-30
сабақты талдау парағы
29 . Иммунопатологиялық процесстер. Иммуногенез процестерiнiң бұзылуының морфологиясы. Иммундық жауаптың морфологиясы.

Иммунпатологиялың үдерістер деп иммункомпетентті (иммунитетке жауапты — лимфоидтық) тіндердің қызметі бүзылуынан дамитын үдерістерді атайды. Иммунопатологиялық үдерістер иммунологиялық конфликт (шиеленіс) пен иммунологиялық гомеостаздың бүзылуы салдарынан дамитын аурулар мен үдерістерді зерттейтін медицина ғылымының бір тарауы — иммунпатология ілімінің негізін құрайды.
Иммунпатологиялық үдерістерге аутоиммундану мен аутоаллергия, яғни аутоагрессия да жатады. Иммунпатологиялық үдерістердің морфологиялық бейнесін иммунморфопогия зерттейді; ол морфологиялық жэне иммунологиялық тэсілдермен қоса, иммунгистохимиялық тэсілді де кең қолданады. Бұл тэсілмен иммундық жауаптың тіндердегі компоненттерін (антиген, антидене, комплемент) анықтауға жэне ол жауаптың морфологиялық бейнесіне сэйкестігін айқындауға болады.
Иммунгистологиялық тэсілдің эртүрлі модификациясы антиденелермен немесе радиоактивті затпен белгіленген антигендермен, электрон-микроскоптық маркерлермен (ферритин, сынап, йод) жэне гистохимиялық реакциялармен бірге жиі қолданылады.
Иммунпатологиялық үдерістердің морфологиялық бейнесі иммунгенездік өзгерістерді (антигенмен жандандыру немесе иммунитет тапшылығы) жэне сенсибилизациялы организмдегі жергілікті иммунды жауап, яғни гиперсезімталдық жауапты қамтиды.
ИММУНГЕНЕЗ БҮЗЫЛУЫНЫҢ МОРФОЛОГИЯСЫ Иммунгенездің (иммунологиялық гомеостаздың) бүзылуына айыршық без де (тимус), шеткі лимфалық тіндер де қатысты болып, оның даму барысы иммундық жауаптың екі типіне де, яғни гуморальдық пен жасушалық типіне негізделеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет