2.ҚАзақ тіліндегі жай сөйлемдердің онтологиялық моделі мәтіндік қҰжаттарды классификациялауда онтологияны қолдану қАзақ тіліндегі сөз тіркестерді өҢдеу


ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЖАЙ СӨЙЛЕМДЕРДІҢ ОНТОЛОГИЯЛЫҚ МОДЕЛІ



бет2/4
Дата21.12.2022
өлшемі199,17 Kb.
#163811
1   2   3   4
Байланысты:
13 апта
5-Дәріс-Лекция, 5-Дәріс-Лекция, Электив 1 тақырып, кырымтай н. икт, Силлабус (ЖМ каз) (копия), Силлабус (ЖМ каз) (копия), 4795444135852 Дәрістер 3-4
2.ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЖАЙ СӨЙЛЕМДЕРДІҢ ОНТОЛОГИЯЛЫҚ МОДЕЛІ

Қазақ тілінде мынадай сөйлем мүшелері бар: бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, пысықтауыш, анықтауыш.


Сөйлем құрамында сөйлем мүшелерінің белгілі бір орны бар. Қазақ тіліндегі сөйлемнің құрылымындағы басты ерекшелік – бастауыш сөйлемнің басында, баяндауыш көбінесе соңында қолданылады. Анықтауыш бастауыш пен толықтауыштың алдынан, ал толықтауыш көбінесе баяндауыштың алдынан; пысықтауыш - өзіне қатысты сөздің алдынан қолданылады. Бұл - сөйлемнің қазақ тіліне тән құрылымдық үлгісі. Лепті сөйлем мен өлең жолдарындағы сөздердің орын тәртібінде өзгеріс болуы мүмкін. Шындығында қазақ тілінде грамматикалық қатынастар сөз түрлендіруші формалар мен көмекші сөздер арқылы (оның ішінде әсіресе көмекші етістіктер арқылы) беріледі.
Қазақ тіліндегі жай сөйлемдердің синтаксистік ережелерінің формалды грамматика көмегімен математикалық моделдері [1] және семантикалық моделдері құрастырылған [2].
Бұл жұмыста жай сөйлемдердің жоғарыда келтірілген құрылымға сәйкес онтологиялық модель тұрғызылды.
Онтологиялық моделдің негізгі мәні белгілі бір білім облысы бойынша мәліметтер жиынының барлығын қамтитын және бөліктік формализацияны концептуальді сызбамен көрсетуі. Концептуальды сызбада түсініктер жиыны мен түсініктер жайлы мәліметтер (қасиет, қатынас, шектеу, аксиомалар және түсініктердің бекітілуі, бұл ақпараттардың барлығы таңдалынған пәндік облыс бойынша есептің шешілу процесін сипаттау үшін қажет) беріледі.
Онтологияның көптеген модельдері келесі компоненттерден тұрады:
• концепттер(түсінік, класстар),
• концепттердің қасиеттері (атрибуттары, ролдері),
• қатынастар концепттер арасында (тәуелсіздік, функциялар), • қосымша шектеулер,олар аксиомалармен анықталады, • қолданылу мысалдары.
Ұсынылатын онтологиялық модель сөйлем мүшелерінің семантикалық
сипаттамаларымен құрастырылады, ал сөйлем мүшелерінің семантикалық сипаттамасы сөз таптарымен анықталады. Қазақ тілінің грамматикасынан белгілі сөйлем мүшелерінің қандай сөз таптары болатындығын қарастырайық .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет