«№3 Қабанбай орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Дата22.03.2017
өлшемі78,85 Kb.
#12203

Мектебі

«№3 Қабанбай орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Сыныбы

7 сынып

Пәні

Биология

Мұғалімі

Шолпанбекова Жанна Бакбактиевна

Сабақтың тақырыбы:

Қосмекенділердің жалпы сипаттамасы. Бақаның сыртқы және ішкі құрылысы. Оның қосмекенді тіршілігі. Жылдық тіршілік циклы. Қоректенуі. Көбейуі және дамуы. Қосмекенділердің түрөзгерістері, дернәсілдерінің балықтарға ұқсастығы.


Жалпы мақсаты:



Қосмекенділерге сипаттама беру. Бақаның ішкі және сыртқы құрылысына тоқталу. Көбею және даму үдерістеріне түсінік беру. Қосмекенділер мен балықтар кластарының өкілдерін салыстыру.


Тілдік мақсат

Оқушыларды қазақ, орыс, ағылшын тілінде қосмекенділердің мүшелер жүйелерінің аттарын айта білуге үйрету. Өз ойларын еркін жеткізе білуге баулу.

Сілтеме

Биология Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық, слайдтар, суреттер, сабақ жоспары. Электронды оқулық. СТО технологиясы.

 

Әдіс-тәсілдері

Топтық жұмыс, жеке жұмыс, диологтік әдіс, постермен жұмыс.

 

Оқыту нәтижелері


Қосмекенділердің негізгі ерекшеліктерін, сыртқы және ішкі құрылысын, дене мүшелерін, тіршілік әрекеттерін сипаттай алады. Мүшелер жүйесінің қызметтері мен сезім мүшелерінің бақа тіршілігіндегі маңызын түсінеді.

 

Көрнекілігі

Электронды оқулық,постер мен маркерлер, жапсырма қағаздар, ылғалды препараттар, муляждар, кесте, слайдтар.

 

Сабақтың барысы

Сындарлы оқыту бағдарламасы бойынша 7 модулді ықпалдастыру.

 

Тапсырма 

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Модуль

1. Ағашты әрлеу

1 мин.

 

 



2.Топқа бөлу

1 мин.

Ынтымақтастық атмосфера орнату үшін «Көңіл күй» ойынын ойнауды ұсыну және ойын тәртібімен таныстыру. (Балалар, бүгінгі сабақтағы көңіл-күйлерің қалай? Олай болса бәріміз мына ағашқа назар аударайықшы. Ағаш қандай? Ағаш көркі жапырақ дегендей, өз көңіл-күйлеріңді осы ағашпен бөлісейікші.

2. Сыныпты эмблема арқылы 3-топқа бөлу

1-топ. Құйрықты қосмекенділер

2-топ. Құйрықсыз қосмекенділер.

3-топ. Аяқсыз қосмекенділер 


Оқушылар ағашты әр түрлі стикерлермен әрлейді. Көңіл-күйлері көтеріліп, сабаққа қызығушылықтары артады.
Оқушылар топқа бөлініп отырады.


Оқуды басқару және көшбасшылық.

Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.



3. Электрон-

ды оқулықпен жұмыс


1 мин


Сабақтың тақырыбын анықтау. Қосмекенділер жайлы электронды оқулықты пайдаланып видеоролик көрсету.

  1. Жазбадағы қандай тірі ағза? (Бақа)

  2. Бақа қай жерлерде мекендейді?(Суда және құрлықта, қосмекенді.)

Электронды оқулықты тыңдап, тақырыпты ашады.
Оқушылар өз білетін ақпараттарын айтады

АКТ –ны пайдалану
 

4.Қосымша ізденіп келген деректер.

1 мин

Слайдтар көрсету.

Үйден дайындап келген қосымша деректерді оқушы оқиды.


5.Жаңа сабақ

1 мин.

 Сабақтың тақырыбы, мақсаттары айтылады.

Қосмекенділерді зерттейтін ғылым-батрохология деп аталады.

Қосмекенділер отрядтарына қысқаша тоқталу.






6.Постермен жұмыс.

 

10 мин

 

 

 



 

 


Оқулықтағы мәтінді пайдалана отырып

қосмекенділер туралы үйренген, білген білімдерін  постерге түсіріп, қорғауды  ұсынады.

 І топ . Қосмекенділердің жалпы сипаттамасы. Қаңқасы, бұлшықеті.

ІІ топ. Қосмекенділердің жеке мүшелер жүйесінің құрылыс ерекшеліктері.

ІІІ. Қосмекенділердің көбеюі, дамуы.

 

 



 Тақырыпты ашу мақсатында тақтадан топтарға байланысты суреттер көрсетіледі. (Power Point)

 

 



Мәтінді өз беттерімен оқиды. Топ болып ақылдасады,талқылайды, не білетіндері жөнінде постерге жазып, өз қабілеттерін танытуға тырысып,жұмысты өз ара бөліседі, бірі сурет салады,бірі баяндауға дайындалады,бірі ұйымдастырады.

Уақытты тиімді пайдаланып , қорғау.

Постер соңынан Екі жұлдыз, бір тілек айту.


Дарынды және талантты балаларды оқыту.

 

Кері байланыс



7.Терминдер кабинеті

Термин сөздер тақтаға жазылады

Дәптерлеріне жазып алады.




8.Қорытын-дылау

8 мин

Бүгінгі сабақта қосмекенділер туралы алған білімдерін қорытындылау   мақсатында сәйкестік тест жұмысын орындау.

І. Балықтар мен қосмекенділерге тән ерекшеліктерді

кестеге белгілеу

9.Терісінің сырты қабыршақтармен қапталған.

11.Жұп көкірек және жұп құрсақ жүзбеқанаттары бар.

10.Терісі кілегейлі безбен қапталған.

2.Бір ғана қанайналым шеңбері бар.

12.Аяқтарында жарғақшалары бар.

6.Торсылдағы бар.

7.Торсылдағы жоқ.

3.Екі қанайналым шеңбері бар.

8.Клоакасы бар.

1.Қанайналым жүйесі -тұйық.

4.Терісі арқылы тыныс алады.

13.Улы безі болады.

5.Су ағыстарының бағытын, күшін сезетін бүйір сызығы бар.


ІІ. Әр оқушы өздеріне берілген сәйкестік тестті толтырады

1

Құйрықты қосмекенді

5000

2

Итшабақ немен тыныс алады

Бақа

3

Қосмекенділерді зерттейтін ғылым

Құржылан

4

Қосмекенділердің қанша түрі бар

350

5

Аяқсыз қосмекенді

Итшабақ

6

Қазақстанда қосмекенділердің қанша түрі бар

Тритон

7

Қосмекендінің дернәсілі

12

8

Қосмекенділер ежелгі неден пайда болды

Желбезек

9

Құйрықсыз қосмекенді

Батрохология

10

Қосмекенділердегі бұлшық ет саны

Стегоцефаль



Тақтада берілген дұрыс жауаптар арқылы бір-бірлерімен дәптерлерін алмастырып тексеріп,бағалайды.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

9.Үйге тапсырма беру және қорытынды бағалау

1 мин

Қосмекенділердің жалпы сипаттамасы. Бақаның сыртқы және ішкі құрылысы. Қазақстанның Қызыл кітабына енген қосмекенділер жайлы мәліметтер жинап келу.

Жиынтық бағалары айтылып,қойылады.




Оқушылар үй тапсырмасын алады,топбасшысы бағаларды атап өтеді.

Оқыту үшін және оқу үшін бағалау

Рефлексия

«Инсерт» әдісі

 


 Рефлексия парақшасын толтырады.

  Кері байланыс

 

Каталог: uploads -> doc -> 0cf9
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0cf9 -> Сабақ жоспары тақырыбы: Терезелер Өткізген


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет