3 I тарау. Жаңа тұрпатты мұҒалімді қалыптастыруда ақпараттық технологияларды қолданудың мазмұны мен жүйесі


-ТАРАУ. ЖАҢА ТҰРПАТТЫ МҰҒАЛІМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ЖҮЙЕСІ



бет5/8
Дата13.12.2021
өлшемі128 Kb.
#125459
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Қазіргі ақпараттандыру заманы жағдайында мұғалімнің кәсіби және тұлғалық ерекшеліктері
ҚР Конституция, 11-сын 2-т қазақ т БЖБ, ХІТ-21-05 Турсин Жақсыгүл тарих 10 апта үй жұмысы
1-ТАРАУ. ЖАҢА ТҰРПАТТЫ МҰҒАЛІМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ЖҮЙЕСІ

1.1 Педагогикалық іс-әрекетті басқаруда жаңа тұрпатты мұғалімнің кәсіби және тұлғалық сапаларының мәні мен мазмұны
Қазіргі заманғы білім беру жүйесі оқытушылардың педагогикалық іс-әрекетін басқару мәселесін күрделілендіріп отыр. Өйткені, дәл қазіргі таңда оқушылардың мәдениетін және рухани мәдениетін мұғалім анықтайды.

Педагогикалық мамандықтың ерекшеліктері – деп педагогтың ізденімпаздығын, білуге деген құмарлығын, артық білуге ұмтылуын айтады. Басқа мамандық иелерінен мұғалімнің айырмашылығы – ең алдымен оның жұмысында да, үйде де білімін ұлғайтып, тереңдетуге айрықша қабілетті болуы талап етіледі. Ғылыми материалмен жұмыс істей отырып, мұғалім әрдайым оны педагогикалық ой елегінен өткізуге тырысып, оқушылардың өз пәніне деген ынта-ықыласын қалай туғызып, тереңдету жағын ойлайды.

Мұғалім – мектептегі басты тұлға дегенде, оның жеке басындағы баланы оқытып білімдар етерлік түрлі қасиеттерді айтады. Солардың бірі – оның балаға деген сүйіспеншілігі.

Мұғалім жұмысының табысты болуы, белгілі жағдайда балаға деген сүйіспеншілікке байланысты. Ол балаға деген тілектестік, қамқорлық және оны құрметтей білуді педагогикалық жағынан талап етушілікпен ұштастыра білгені жөн. Мұғалім болу үшін балаға деген сүйіспеншілік жеткіліксіз, мұғалімдік мамандықты игеру ісі жеке адамның ынтасына, бейімділігіне және қабілетіне байланысты. Ол әрине жеке адамның ерекшеліктері мен оның дербес іс-әрекетіне де байланысты.

Балаға деген сүйіспеншілікті бір жақты түсінуге болмайды. Ы.Алтынсарин «Мұғалім балалармен істес болады, егер олар бір-нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кінәламай, олардың көкейіне қондыра алмағаны үшін өзін-өзі кінәлауға тиіс» - деп жазды. Біздің пікірімізше, балаға сүйіспеншілік – ең алдымен өз мамандығын жақсы көріп, өз пәнінен көбірек мәлімет беруге ұмтылуы. Ғылым негіздерін баланың зердесіне көбірек сіңіріп, оның ғылым мен білімді игеруге ішкі қажеттігін туғызып, балаға әсер ету қабілеті. Бұл жеке адамның дара ерекшеліктерінің бірі – бейімділікке байланысты. Адамдағы белгілі бір бейімділік оның қабілеттілігіне байланысты. Жеке адамның белгілі іс-әрекетінің нәтижесін танытатын психикалық қасиетті қабілет деп атайды. Қабілеттің дамуы нышанға, іс-әрекетке байланысты. Іс-әрекеттің нәтижелі болуы, өзара байланысты бірнеше қабілетке байланысты.

Психология-педагогикалық зерттеу мәліметтеріне қарағанда Ф.Н.Гоноболин, Н.В.Кузьмина, А.Сластенин, А.Н.Щербаков, т.б. педагогикалық қабілеттің бірнеше түрі кездеседі.



Дидактикалық қабілет – мұғалімнің оқушыға оқу материалын жеткізу –қабілеті, оқушының білім дәрежесін, іскерлігін, дағдысын дұрыс анықтай білу, өз пәніне қызығушылығын арттыру, таным белсенділігі мен ойын дамыту.

Академиялық қабілет – мұғалім қабілетінің пән саласына (математика, физика, химия, биология, тарих, т.б.) сәйкестігі, өз пәнін ғылым дамуына сай біліп, өз бетімен қарапайым зерттеу жұмыстарын жүргізуі.

Перцептивті қабілет – оқушының ішкі дүниесін, сабақ үстіндегі психикалық жағдайын тани білу.

Сөйлеу (экспрессивті) қабілетітіл арқылы өз ойын, ішкі сезімін нақты, түсінікті етіп жеткізе білуі.

Ұйымдастырушылық қабілеті – сабақты тыңдауға, білімді қабылдауға оқушыларды әзірлей білуі, ұжымды дұрыс басқарып ұйымдастыра білуі, оқу-тәрбие процесін дұрыс ұштастыру, оқушыларға бағыт беріп рухтандыру ісіне басшылық беру, ата-аналармен жұмыс істей білу, сынып ұжымын оқушыларға педагогикалық ықпалды құралға айналдыруы, мұғалімнің өз жұмысын ұйымдастыра білуі.

Коммуникативті қабілет – оқушылармен қалыпты дұрыс қарым-қатынас жасай білу, педагогикалық әдептілікті жетілдіру.

Конструктивті қабілет – оқу және тәрбие міндеттерін шешудің тиімді жолдарын іздестіру, оқу және тәрбие жұмысының түрлері мен әдістерінің мазмұнын анықтау, өз ісіне саналылық, жауапкершілікпен қарап педагогикалық тапқырлық таныту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет