3. Суицид түрлері Суицид себептері



Дата21.11.2023
өлшемі19,85 Kb.
#192490
Байланысты:
-

Жоспар:
1.Кіріспе


2.Суицид
3.Суицид түрлері
4.Суицид себептері
5.Суицидті болдырмау жолдары
6.Қорытынды
Адам үшін ең қымбат,маңызды қазына өмірі. Өмірдің жақсы жамандығын тең дәрежеде ұстай алмағандықтан, өмірдің қадір-қасиетін білмегендіктен, жолдан тайып, өміріне балта шауып, өзін-өзі өлімге қиюда, адамның өзіне деген қастандығы.
Өзін-өзі өлтіру (суицид,латын тілінен аударғанда sui caedere «өзін өлтіру») - бұл саналы түрде өзін өмір сүруден айыру, адамның қатты жан-күйзелісі жағдайында немесе психикалық ауру ықпалымен жасалған өз-өзіне қол жұмсау әрекеті; жүйкесін қатты жарақаттайтын жағдайлар ықпалымен өмірден саналы түрде кету әрекеті, бұл жағдайда жеке емірдің жоғары құндылық ретінде мәні жоғалады; адамның өз өмірін тоқтатуда бағытталған қасақана әрекеті. Әдетте тәуелсіз жане ерікті куйде болады.
Дюркгейм өзінің «Суицид» атты еңбегін жазу барысында суицидтің себептері жайлы бірқатар балама тұжырымдарды өзара салыстырып, қатаң сараптаудан өткізді. Олардың арасында жеке психопатология, маскүнемдік, нәсіл, тұқымқуалаушылық бар. Яғни, бұл факторлар суицидке апаруға көмектеседі, бірақ та нағыз себепші емес деп тұжырым жасады. Кейін супцидтің төрт түрін шығарды:
1. Эгоистік суицид.
2. Альтруистік суицид.
3. Аномиялык суицид.
4. Фаталистік суицид.
Дюркгейм қатаң тәртіп пен шексіз еркіндік адамдардың өзін-өзі өлтіруіне себепкер болатынын айтады. Жазмыштық (фаталдық) суицид қоғамда еркіндік аз және тәртіп қатал болған жағдайда орын алады: әлеуметтік институттар мінез-құлыққа шектеу қойған кезде адам өзін торға түскендей сезінеді. Ал аномиялық суицид еркіндік тым көп, тәртіп тым аз болғанда өршіп кетеді: қоғамның ықпалы жеке адамның ынталылығын ескермейді. Мысалы,қазіргі уақытта ата-анасынан, діннен, мектеп пен сыныптастарынан аулақтау жүретін жас америкалықтар арасында өз-өзіне қол жұмсау көрсеткіші жоғары, себебі олар аталмыш тараптардан қандай да бір бақылауды сезінбейді.
Эгоистік суицидтердің жоғары қарқыны адамдар жеке қоғамның үлкен әлеуметтік бірліктеріне сәтсіз интеграцияланған қоғамдарда немесе топтарда кездеседі.Эгоистік суицид - әлеуметтік интеграцияның жетіспеушілігінен туындайды. Мысалы, Дюркгейм қоғамдық құлдыраудан кейін «депрессия мен уайымдарға алып келетінін» айтады. Саясат шарасыздық сезімін тудырады, ал мораль жеке таңдау ретінде қарастырылады. Сондай-ақ, танымал болған философиялық көзқарастар өмірдің мағынасыздығына назар аудартады.
Дюркгейм талқылаған суицидтің екінші түрі – альтруистік суицид. Әлеуметтік интеграция өте әлсіз болған жағдайда эгоистік суицид орын алса, альтруистік суицид «әлеуметтік интеграция тым күшті» болған жағдайда туындайды. Индивид суицидке баруға мәжбүр болады.Альтруистік суицидтің бір мысалы – 978 жылы Джонстоундағы Гайана қаласында Джим Джонс ізбасарларының жаппай өздерін өлтіруі.Тұтастай алғанда, альтруистік суицидке баратындар бұл әрекетті өздерінің міндеті деп сезінеді. Дюркгейм бұл әсіресе интеграция дәрежесі жоғары әскери салада болуы мүмкін құбылыс екенін айтады, индивид өз кесірінен бүкіл топты сәтсіздікке ұшыратып, жолдастары алдында жауапкершілігін ақтай алмай өкінгенде, осындай әрекетке баруы ғажап емес.Эгоистік суицидтің жоғары қарқыны «діңкелеп шаршаудан және қайғылы депрессиядан» басталса, альтруистік суицидтің ықтималдығы «үмітті ақтауға, бұл өмірден тыс керемет болашаққа деген сенімдерге» қатысты.Интеграция деңгейі төмен болған жағдайда индивидтер өздерін қоғамға пайдасыз сезініп, өз-өзіне қол жұмсайды. Ал егер интеграция жоғары болса, олар өз қабілеттерін одан да маңызды нәрсеге жұмсауға дайын.
Дюркгейм қарастыратын негізгі үшінші суицидтің түрі – аномиялық суицид – қоғамның реттеуші күштері бұзылған жағдайда пайда болады. Мұндай жағдайда адамдарда қанағаттанбаушылық сезімі тууы мүмкін. Себебі олардың толық бостандықта шексіз өрістей беретін құмарлықтары бақылаусыз болады. Аномиялық суицидтің көрсеткіштері қоғамдағы ауытқу сипаты оң (мысалы, экономикалық өсу) немесе теріс (экономикалық құлдырау) болған жағдайлар бірдей болуы мүмкін. Кез келген ауытқулар барысында ұжым өз өкілеттігін жеке тұлғаларға қолдануға уақытша қауқарсыз болады.Өзгерістер адамдарды ескі нормалардың енді қолданылмайтын, бірақ жаңа нормалар әлі әзірленбеген жаңа жағдайға әкеледі. Аномия – насихаттық пен нормадан тыс көңіл күй толқынын бұзатын кезең ағымы және бұл ағымдар аномиялық суицид мөлшерінің артуына алып келеді. Әлеуметтік өмір мемлекеттік реттеуден босатылған кезеңдерде аномиялық суицидтің өсуі Дюркгеймнің индивидтердің сыртқы шектеуден толық босаты- лып, жеке құмарлыққа берілудің зиянды әсері туралы көзқарасына сәйкес келеді. Осылайша, реттеуден босатылған адамдар өз құмарлығының құлы болып, нәтижесінде, Дюркгеймнің пікірі бойынша, көптеген жойқын әрекеттерге, тіпті өздерін өлтіруге дейін барады.
Суицидтің соңғы фаталистік суицид атты төртінші түрі Дюркгеймнің «Суицид» еңбегінің сілтемесінде ғана қарастырылады. Аномиялық суицид реттеу тым әлсіз болған жағдайларда туындауы мүмкін екенін ескерсек, фаталистік суицид осы реттеудің шамадан тыс артық болуымен байланысты. Дюркгейм фаталистік суицидке баратындарды «қатал қысым жасау арқылы құмарлықтары мен әрекеттері толық басқарылатындар» деп сипаттайды. Үмітсіздіктен және әрбір әрекеті бақыланатындықтан, суицидке баратын құлдардың жағдайы бұған классикалық мысал бола алады. Тым қатал реттеу мен қысымшылық меланхолия ағымын дамытады, бұл, өз кезегінде, фаталистік суицидтің өсуіне әкеледі.
Дюркгейм әлеуметтік бағыттар суицид көрсеткіштерінің деңгейіне әсер етеді деп санайды. Жеке суицидтерге осы негізгі эгоизм, альтруизм, аномия және фатализм бағыттары әсер етеді. Дюркгеймнің пайымдауынша, бұл бағыттар тек жеке индивидтердің жиынтығы ғана емес, сонымен бірге оларды sui generis (бірегей, өзіндік) күштер деп мойындау қажет, өйткені олар жеке тұлғалардың шешімдеріне ықпал жасай алады. Осы болжамсыз кез келген нақты қоғам үшін суицид көрсеткішінің тұрақтылығын түсіндіруге болмайды.
Суицидтің себептері төмендегідей келеді:
1. Жеке отбасылық конфликттер (ұрыс жанжал, туыстар мен ортаның адамға дұрыс қарамауы, теріс көзқарас, қызғану, ерлі-зайыптылардың бір-бірінің көзіне шөп салуы, айырлысу, қимас досыңды жоғалту, өзіне керек затты ала алмау немесе бір істі істей алмау, өзі жоғары тұтқан адамдардан көңілі қалуы, жалғыздық, бақытсыз махаббат, сырттағылардан көңілі қалуы, жыныстық қатынасқа бара алмау,белсіздік);
2. Психкалық саулық жағдайлары (дені сау адамның күйзелуі, кембағал адам болуы);
3. Соматикалық аурулар (қатты күйзелу), паталогиялық жағдайлар (психикалық күйзеліспен ауруы);
4. Өз-өзіне қол жұмсаушының қоғамға қарсы шығуынан туындаған жағдайлар (сот шешімімен келіспеу немесе сот шешімінен қорқу, жауап беруден немесе масқара болудан қорқу);
5. Мамандығына байланысты немесе оқу кезіндегі жағдай (жұмыстағы қиындықтар, жұмысты істей алмау немесе жоғарғы оқу орнында оқи алмау);
6. Тұрмыстық күнделікті қиындықтар;
7. Идеологиялық, діни фанатизм;
8.Сыртқы тараптардың итермелеуі;
9. Еліктеушілік;
10. Теледидардан көрсетілген қарақшылық, жауыздық туралы фильмдер, арнайы суицидке итермелейтін ойындардың көбеюі.
Дюркгейм суицидті зерттеуін аяқтамас бұрын оны болдырмау үшін қандай реформалар жүргізілуі қажет екеніне тоқталады. Өз-өзіне қол жұмсауды болдырмау әрекеттерінің көпшілігі сәтсіздікке ұшырауының себебі – оның жеке мәселе ретінде қарастырылуында. Дюркгейм үшін адамдарды өзін-өзі өлтіруге бармауға тікелей сендіру жарамсыз, өйткені бұл мәселенің нақты себептері қоғамда екенін айтады.
Әлеуметтанушылардың пікірінше, бұл себептен құтылудың басты жолы
әділеттілік жане әлеуметтік теңсіздікті болдырмау және т.б. себептерді атап көрсетеді.
Э.Дюркгейм өзін-өзі өлтіруді әлеуметтік құбылыс ретінде қарастыра отырып, мынадай қорытындыға келді:
- әрбір ұрпақ келер ұрпақты өзі түзеуі тиіс;
- адамдардың өзін-өзі өлтіруі мынадай: олар өздерінің заңды талап-тілектері қай жерге келіп тоқтайтыны және біздің әрекетіміздің мақсаты неде екенін жақсы білуінен келіп туындайды.
Мұндай қадамға көбінесе тұйық, жаны жараланғыш, жалғыздық сезімінен стреске берілгіш және өмірден түнілген жасөспірімдер барады екен. Жастармен жасөспірімдер арасындағы суицидттің алдын алу үшін ата-аналар, мұғалімдер, психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер, салауатты өмір салтын қалыптастырушы мамандар, бұқаралық ақпарат құралдары бірлесе жұмыстар атқаруы тиіс. Жасөспірімдер мен жастар арасында осы тақырыптарда дәрістер, әңгімелесулер мен сұқпаттасулар, кеңес беру, сұрақ-жауап секілді жұмыстардың кеңінен жүргізілгені дұрыс.
Жалпы қорытындылай келе қандайда болмасын үрдіске өз себептері әсер етеді. Жасөспірімдік кезеңнің өзі өте күрделі кезең болып келеді. Жалпы жасөспірімдік кезең әрбір индивид үшін қиындықтар мен сындарға толы кезең.Бұл уақыт ересек өмір мен балалық шақ арасындағы өтпелі көпір. Үнемі құрбы-құрдас, сыныптас және мұғалімдер тарапынан болатын жазықсыз ескертулер мен төмендетулер, мейірім түсінігі жоқ ата-ананың әсері жасөспірімнің өмірге деген көзқарасы солғандай бола бастады, мұндай жолдан шығудың бірден-бір жолы ол өз-өзін өлтіру деп түсінеді.
Ал әрбір баланың бақыты бұл отбасындағы әлеуметтік-психологиялық ахуалдың оңтайлылығы, ата-аталар жағынан көңіл бөлушілік,түсінушілік болып табылады деп ойлаймыз.
Адамгершілікті, күнделікті дамуды, жақсылықты ойлап, әлеуметтік тұрғыдан белсенділік танытып, жаны жайсаң, жақсылыққа көңілі құштар жандар өз-өзіне қол жұмсауды мүлдем ойламайды, керсінше оның азаюына үлес қосады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет