37. Еббқ бар баланы психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасы: тұжырымдамасы, бағдарламаның бөлімдері, рәсімеу, қашан және кім бекітеді, қалай қолданылады, өзгеріс кезеңі



бет1/3
Дата11.05.2022
өлшемі25,85 Kb.
#142670
түріБағдарламасы
  1   2   3
Байланысты:
инклюзив37-40
инклюзив емтихан жауптары, Астана ИНКЛЮЗИВ ОБРАЗ каз Силлабус, Астана ИНКЛЮЗИВ ОБРАЗ каз Силлабус, Астана ИНКЛЮЗИВ ОБРАЗ каз Силлабус

37. ЕББҚ бар баланы психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасы: тұжырымдамасы, бағдарламаның бөлімдері, рәсімеу, қашан және кім бекітеді, қалай қолданылады, өзгеріс кезеңі.
психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету (көмек) – әр баланың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес табысты оқыту мен дамыту үшін әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық шарттар құру барысындағы педагогтар мен мамандардың ұйымдастырылған қызмет жүйесі.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға психологиялық- педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастырудың негізгі бағыттары:
- психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің жергілікті нор- мативтік негізін құру;
- білім беру процесіне қатысушылардың қызметін анықтау; - мектептің ағымдық жағдайын талдау және бағалау;
- мектептің педагогикалық ұжымын кәсіби дайындау;
- мектеп қауымдастығын дайындау;
- одақтастар мен әлеуметтік серіктестерді іздеу.
Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің жергілікті норматив- тік негізін құру мектеп құжаттамасына (мектеп жарғысы, мектепті да- мыту жоспары және т. б.) қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізуді, оқушыларға қолдау көрсету нәтижелерін тіркейтін ішкі нормативтік актілерді жасауды және үдерісті реттеуді болжайды.
Білім беру процесіне қатысушылардың қызметтік міндеттері:
Директор психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметін (ппҚҰ) құру туралы бұйрық шығарады, ппҚк қызметі, арнайы сыныптардың қызметі туралы ережені бекітеді, мамандардың тиісті міндеттерін бекітеді; мамандардың бағыну иерархиясын және олардың өзара әрекеттесу принциптерін қалыптастырады; басқарудың әрбір деңгейінде ақпаратты жинау және өңдеу тәртібін айқындайды; балалар ұжымының бөлінуіне жол бермейтін жағдайлар жасайды; пәнаралық негізде мұғалімдер мен мамандардың кәсіби өсуіне жағдай жасайды.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары оқушыларға психологиялық- педагогикалық қолдау көрсету процесіне басшылық жасайды, қолдау көрсету мамандары мен педагогтардың өзара әрекеттесуін реттейді; жеке психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету бағдарламасын құрастыруға, қолдау көрсету нәтижелері мен оқушының мектеп жетістігін талқылауға қатысады.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары білім беру үдерісіне қатысушылардың барлығында толерантты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру және қолдау бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді; барлық оқушыларды сыныптан тыс және бос уақыттағы іс-шараларға қатыстырады. бұл ретте оқушылардың біркелкі емес мүмкіндіктері ескеріледі және бала- лар арасындағы бәсекелестік жағдайы жеңілдетіледі.
Мектептің психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметі (пси- холог, логопед, арнайы педагог, әлеуметтік педагог, тәрбиеші, педагог- ассистент):
- оқыту қиындықтары бар оқушыларды анықтайды, қиындықтардың сипатын және олардың пайда болу себептерін бағалау мақсатында психологиялық-педагогикалық тексеру жүргізеді;
- тексеру нәтижелерін тиісті формаларда құжаттайды;
- зерттеу нәтижелері бойынша оқушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтайды;
- оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің жеке бағдарламаларын жасайды;
- оқушылармен жеке және топтық сабақтар жүргізеді;
- мұғалімдерге, ата-аналарға, мектеп әкімшілігіне кеңес береді;
- психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету бағдарламаларын іске
асыру нәтижелерінің мониторингін жүзеге асырады;
- әлеуметтік серіктестермен өзара қарым-қатынас жасайды.
ППҚПмамандары мектептің педагогикалық кеңесінің құрамына
енгізіледі. Олардың педагогикалық кеңестің жұмысына қатысуы оқушылардың үлгермеушілігінің және мінез-құлқының бұзылу себептерін анықтауға және оларды жеңу тәсілдерін талқылауға мүмкіндік береді.
Мектептің психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысы келесі принципте құрылады:
а) бағалаудың кешенді (пәнаралық) тәсілі:медициналық мәліметтер мен баланың әлеуметтік-психологиялық даму тарихының зерттелуі, әр түрлі мамандардың (психолог, логопед, арнайы және әлеуметтік педагогпен) тексеруі;
б) жүйелі және біртұтас тәсіл: оқыту қиындықтарының пайда болу себептері мен механизмдерін белгілеу, табысты оқытуға кедергі келтіретін бастапқы (жетекші) және қайталама қиындықтардың арақатынасын белгілеу;
в) оқушылардың өзгеріп отыратын қажеттіліктерін динамикалық зерт- теу: оқыту процесінде жаңа қажеттіліктерді қанағаттандырудың және олардың пайда болуының мониторингі;
г) командалық жұмыс негізінде:
- ебҚ мен мектепте оқытудың қиындықтарын анықтау мен бағалауға қойылатын бірыңғай амал мен талаптарды сақтау;
- бірыңғай құндылықтарын ұстану: оқушының жеке тұлғасына деген құрмет, оның ішінде отбасы берген бала туралы ақпараттың құпиялылығын сақтауды болжайды;
- білім беру үрдісінің қатысушылардың ынтымақтастығы өзара құрметті және сенім артуы: мұғалімнің, маманның, ата-ананың және баланың;
- қолдау көрсету мамандары арасындағы жауапкершілікті бөлу.
мектептің ағымдағы жағдайын талдау мен бағалауды мектеп әкімшілігі және ппҚк мамандары төмендегі көрсетілген мақсаттар үшін жүргізеді:
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға қолдау көрсетуге мектеп ұжымының дайындығын зерттеу. сауалнама, сұрақтар, әңгімелеуді қолдану
-ерекше білім беру қажеттілігі әлі айқындалмаған оқыту қиындықтары бар балаларды анықтау


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет