4-соөЖ тапсырмасы



бет2/2
Дата07.02.2022
өлшемі21,51 Kb.
#82304
1   2
Байланысты:
4-СРСП тапсырмалары

2. Ырғақ
Сөйлеудің жылдам, жай болуы - дауыс ырғағына байланысты. Эксперименттік тәжірибелерге қарағанда үлкен адамдар бір минутта 120-150 сөз айтуға болады. 5-6 сыныптар үшін "60" сөзден, 9-11 сыныптар үшін 75-100 сөзден аспағаны дұрыс. Материалдың қиындау жерін жай айту, одан жеңілдеу материалды тез айту, белгілі дауыс ырғағын дұрыс қолдануға байланысты. Дауыстың мәнерлі болуы үшін логи-калық, психологиялық паузаны пайдалану керек. Өзіңнің дауысыңды бағалағаннан кейін: тыныс алу, дикцияны жөндеу, дауыс байланысын жөндеу, оймен байланыстыру қажет.
Пауза, темп және әдістеме интонация жасайды. Мұғалімнің сөзі - өзінің табиғилығымен мәнерлі болуы керек. Интонациялық байлығымен арнайы жаттыққан дұрыс.
Мұғалім өз даусын дұрыс аңғарып, бағалап тұрақты түрде жаттықтыру керек. Демалуын, дикциясын дұрыстау, дауыс байланысын жасау керек. Мұғалім дауысы, сөзі анық оқушының зейінін аударарлық және ойландырарлық іс-әрекетке жаттығушылық сипатта болу керек. Сонда ғана мұғалімнің сөйлеу техникасы бір қалыпқа келіп, оның негізгі функциясын жүзеге асырады. Педагогтың барлық ішкі тәртібінің дұрыстығын байқатып тұрады.
Мәнерлеп оқу, сөйлеу дағдысына жаттығу, метафора, эпитет, теңеу - сияқты көркемдегіш сөздерді қолдана білу, сөйлеу интонациясын дұрыс жүргізу, өзінің көпшілік алдына сөйлеген сөзіпе бақылау жасау, аудиторияға қалай ұнайма соған бақылау бағдар жасау керек.
Коммуникативті білгірлікті, бейімділікті, әлеуметтік қарым-қатынас құралдарын пайдалануды бақылау, дамыту, әлеуметтік қиял өзін-өзі реттеу, өз еркіне әсер ету сенімін арттыру сияқты сапаларды дамыту.
Сөйлеу психофизикалық ерекшеліктер, әдет-дағдысын жүзеге асыру.
Жоғарыда көрсетілгендей мұғалім сөзіне байланысты қолданылатын құрал-әдістерді жүзеге асыру, педагогикалық шеберлікті дамыту процесіне жатады.
3. Сөйлеу техникасы (мәнері)
Оқушылардың оқу материалын дұрыс және тез қабылдап алуына мұғалімнің сөйлеу техникасының дүрыс анық айқын болуының үлкен мәні бар.
Сөйлеу техникасының талабы бойынша мұғалімнің сөйлеу тілі жатық, оқушылардың ұғым деңгейіне сай, аудитория көлеміне шақталған, дауыс темпі не жоғары, не төмен болуы керек.
Кейбір адамдардың дауыс тембірінің не көтеріңкі, не баяу болуы табиғатынан деушілік бар, оған келісуге болмайды.
Тарихта оратырлыққа жаттығуда өзінің дауыс тембірін, тонын өзімен-өзі жаттығу нәтижесінде дұрыс жолға қойған талай ораторларды айтуға болады. Мысалы, Демосфен (ескі гректің саяси ораторы) өзінің тіл жөнінде физикалық кемістігін жаттығу арқылы жоя білген. Сол сияқты В. Маяковский 20 жасында дауысын бір ырғаққа жаттықтыру үшін, ағынды өзен жағасына барып аузына тас салып, сөйлеп жаттығады.
Қазір театр педагогикалық өнеріне жаттығудың айтарлықтай қалыптасқан тәжірибесі бар соған жаттығуымыз керек.
4. Тыныс, тыныстау
Сөйлеу техникасында тыныс, тыныстау организмнің физиологиялық өмір сүруінің функциясын жүзеге асырумен бірге сөйлеудің энергиялық базасы да бола алады. Мұғалім сабақ үстінде материалды ұзақ баяндаса, не ұзақ лекция оқыса, тыныс алуға жаттықпаса, мұғалімнің шаршағаны бет-пішінінен бірден біліне бастайды. Бет-пішіні қызарып тынысы тарылып, ентіге бастайды. Осыдан мұғалімнің сөйлеу мәнері бұзыла бастап тыныс алуды қажет етеді.
Бұлшық еттің қатысуына байланысты тыныс алу, демалу техникасының төрт түрі бар:
1 - жоғарғы тыныс алу - бұлшық ет арқылы орындалады.
Иығың көтеріліп сонан соң төмен басылады. Кеуде клеткасының алдыңғы жағы жоғары көтеріледі. Өкпенің жоғарғы жағы белсенді қызмет атқарады.
2 - кеуде тынысы - қабырға бұлшық еттері арқылы жүзеге асырылады. Кеуде клетка тынысы өзгереді, тыныс жолы жіңішкереді.
3 - диафрагмалық тыныс - кеуде тынысының ұзыннан бойлай тыныстау арқылы. Тыныс азаяды.
4 - қабырғалық демалу - қабырға арқылы тыныс жолдарының, бұлшық еттерінің созылуы арқылы жүзеге асырылады, бұл тыныстау сөйлеу тілінде дұрыс пайдалануға ыңғайлы келеді.
Сөйлеу тіліне қатысты демалу, тыныстау ауыз, мұрын арқылы жүзеге асырылады.
Тыныс алу— \ дем шығару пауза
осы тәртіппен жүзеге асырылады.
Сөйлеу тынысты, ауаны сыртқа шығаруға байланысты жүзеге асырылады.
Қабырғалық бұлшық еттің жұмыс істеуі - дем алыстың жүзеге асырылуына байланысты. Мысалы, жатып демді мұрын арқылы ішке тартса, өкпенің төменгі жағына ауа толады. Осылай жаттығу арқылы ауаның өкпенің төменгі жағына толатындығын ескеру керек (практикалық сабақта осыған жаттығу керек).
Дем тарту, дем шығару, тыныс алу сөйлегенде үлкен көлемді ауа қажет етеді. Оны экономикалық түрде шығарып, экономикалық жолмен пайдаланған жөн. Әуелі ауаны ішке тартады, сонсоң пауза жасайды, содан кейін сыртқа шығарады.
Қабырғалы демалу үшін, арнаулы жаттығулар жүргізу керек. Шалқаңнан жатып, ауаны мұрынмен тартсаң, өкпенің төменгі жағы кішірейеді, ал түрегеп түрып, мұрынмен дем алу, қабырға арқылы жүзеге асады.
5. Дауыс, дикция.
Адам дауысы өзінің табиғатынан алуан түрлі болады. Жақсы дауыс жаттығу арқылы тез қалыпқа келеді. Әрбір адам өз даусын басқарып, жоғары, төмен бір қалыпқа келтіріп айта алады.
Дауыс аппараты үш бөліктен түрады: генераторлық, энергетикалық, резонаторлық.
Дауыстың генераторлық функциясы - ауыздың ашылуы, жабылуы арқылы тоналды, дабырлы дыбыстар шығады. Дауыстың энергетикалық функциясы - сырттан ішке ауа тартады.
Дауыстың резонаторлық функциясы - дыбысты ішке тарту, одан шығарғанда көмей арқылы шығару.
Дауыстың күшті шығуы - сөйлеу органдарының, дыбыстың күшіне байланысты. Дауысты қалаған жерге жеткізу -дауыс кернеуі арқылы орындалады. Дауыстың жай және қозғалмалы түрі болады. Оны төменгі диапазонмен айтуға болады.
Дауыс тембрі - дауысты түрлендіреді. Ол мүмкін жұмсақ - майда адамның жеке ерекшелік сипатын байқатады. Адамда қосымша болатын дауыс тоны адамның резонаторлық дауыс құбылысын сипатайды.
Дауысты тәртіпке келтіру үшін жаттықтырып тәрбиелеу керек. Соның нәтижесі дауыс тоны өзгеріп, оқушыға ұнамды болады.
Дауысты дұрыс сақтай білу үшін оған гигиеналық талап қажет. Дауыс қарлықпай, біркелкі сақталуы үшін әрбір 2-3 сағат сайын көлемді мерзімді дем алу, тыныстау, нервтік жүйені бір қалыпта ұстау керек. Аса ыстық, аса суық тағамдардан сақтану, ішімдіктен, темекіден сақтану керек. Оның бәрі гигиеналық режиммен пайдалануы керек. Дауысты, тыныс жолдарын шаң-тозаңнан, мелден, суыққа бірден шығудан сақтандыру керек.
Дикция. Буын, сөз, дыбыстарды дұрыс айту - мұғалімнің дұрыс дикциясына байланысты. Егер мұғалімнің дикциясы дүрыс болса, оқушы оның сөзін дұрыс, ықыласпен тыңдайды.
Дикция дұрыс болу үшін ерін, езу, тіс, көмекей, жақ, таңдай сияқты сөйлеу аппараттары дұрыс жұмыс істеуі керек. Ол үшін мектепте, үйде жаттығу жұмыстарын көп жүргізу керек. Ондай жаттығулар - дыбыстардың айтылу ар-тикуляцияларын жаттықтыру, мәнерлеп оқуды жүзеге асыру, дауысты, дауыссыз дабыстардың айтылу, қолдану дағдыларына жаттықтыру керек. Айтылған сөйлеу мәнері оқушының талаптарына үйлессе, мұғалім мен оқушы арасы жақындаса түседі. Мұғалімнің бағыттылығы өзінің монологтық сөзін іштей диалог ретінде құрады. Сондықтанда мұғалім сөзі балага бірден әсер етеді. Оларды бірлесіп жұмыс істеуге шақырады. Мұғалім сөзі оқушыға екі канал арқылы беріледі: дыбыс, визуалдық (келбет-пішін, қозғалыс, эмоция түрінде) түрде беріледі. Мұғалімнің ешбір қағаз деректерге сүйенбей тез арада шығармашылық кейіпте балалар алдында сөз тауып айтып әсер ете білуі бала үшін таңданып үлгі аларлық әсері болады. Осы сияқты мұғалімнің сөйлеу ерекшелігіндегі - сөз моделін жасау, сөз тонын сақтау сияқты қасиеттері мұғалімнің сөз өнері шеберлігін көрсетеді. Сонымен бірге мұғалім мен оқушы арасындағы сөз өнері арқылы жасалған қатынасты оқушылардың адам-гершілік тәжірибесін байыта түскендігінін, айғағы болады. Келешек мұғалімдердің сөйлеу тілін дамыту жолдары:
Дұрыс әдеби тілмен сөйлеуге дағдылану. Өзінің сөйлеу тілінің дамуына бақылау, басшылық жасау, қарым-қатынасы ситуацияларында бағдар таба білу. Сөз қолдану, сөз буындарын дұрыс айта білу, сөздіктерді пайданалу, жаңа сөздерді қолдана білу сияқты міндеттерді жүзеге асыру.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет