43-билет. Қола дәуіріндегі Қазақстан. Андронов және Бегазы-Дәндібай мәдениет ерекшеліктері



бет1/4
Дата12.05.2023
өлшемі31,52 Kb.
#176583
  1   2   3   4
Байланысты:
43 билет
Химиялық тіл, Адам анатомиясы тәжіриб.сабақ, 679, 11 лекц

43-билет.
1.Қола дәуіріндегі Қазақстан.Андронов және Бегазы-Дәндібай мәдениет ерекшеліктері

Біздің жерімізде Қола дәуірі б.з.б. екінші мыңжылдықта басталған.


Қазақстанның Қола дәуірі, шамамен б.з.б. XVIII-VIII ғасырлар: алдыңғы (б.з.б. XVIII-XVI ғғ. ), орта (б.з.б. XV-XII ғғ.) соңғы кезеңдер (б.з.б. XII-VIII ғғ.) аралығын қамтиды.
Қола дәуірін жоспарлы зерттеу 1946 жылы басталды.
Ә.Х. Марғұлан және оның шәкірттерінің зерттеулері нәтижесінде Қазақстан жеріндегі Қола дәуірі ескерткіштерінің сыры ашылды.
Қола дәуірінде Қазақстан жерінде бірінен соң бірі жалғасып келетін екі мәдениет болған.
Андронов мәдениеті (б.з.б. ХVІІІ-ХІІ ғғ.) және б.з.б. ХІІ-VІІІ ғғ. яғни соңғы Қола дәуірінде Беғазы-Дәндібай мәдениеті қалыптасты.
Андронов мәдениеті екі кезеңге бөлінеді: алдыңғысы – Нұра кезеңі; кейінгісі – Атасу кезеңі. Бұл кезеңдер Нұра, Атасу өзендері атымен аталады.
Андронов мәдениетінің алғашқы ескерткіші Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласының маңындағы Андроново селосынан табылған, сондықтан осы селоның атымен аталады.
Қола дәуірінде өмір сүрген тайпаларды шартты түрде андрондықтар деп атаймыз.
Беғазы-Дәндібай мәдениеті атауы Орталық Қазақстандағы Беғазы және Дәндібай мекеніндегі обаларға байланысты қойылған.
Нұра кезеңінің жерлеу орындары кішігірім қазандай жалпақ тастарды жерге жартылай батырып орнатқан қоршау түрінде болып келеді. Қоршау пішімдері әртүрлі – дөңгелек, тік төртбұрышты, шаршы түрінде кездеседі.
Қабір қабырғалары кішігірім жалпақ тастардан қаланған тас сандық сияқты, тас сандықты циста деп атайды.
Атасу кезеңінің жерлеу орындары да Нұранікіндей дөңгелек, төрт бұрышты қоршаулар болып келеді. Қабірлері үлкен қақпатастардан салынған, тас сандықтар жоқ. Кейде жер қабір, кейде ағаш қоршау түрінде де кездеседі. Бұл кезеңде қос қабір (бір қоршау ішіне) немесе көп адамды бір зиратқа жерлеу кездеседі
Андронов мәдениетіндегі адамды жерлеу ғұрпы: а) Нұра кезеңінде көбінесе адамның сүйегін жартылай өртеп қойған, кейбір зираттарда адамды өртемей қою ғұрпы да кездеседі. ә) Атасу кезеңінде адамды сол күйінде жерлеген, өртеу ғұрпы сирек кездеседі.
Беғазы-Дәндібай мәдениетінің адамды жерлеу ғұрпында үлкен патриархалды отбасыларға арналған, көп адам жерленген зираттардың орнына бір-ақ адам жерленген үлкен жерлеу құрылыстары кездеседі. Бұл – осы кезеңдегі ру, тайпа көсемдерінің, беделді бай адамдардың зираты.
Беғазы-Дәндібай мәдениетінің жерлеу орындары ірілігімен, тас қашау, тас қалау өнерінің жетілгендігімен ерекшеленеді. Қабырғаларына екі қатар болып қаланған тастар бір-бірімен иленген балшық арқылы байланыстырылып, ішкі, сыртқы жақтарына тастың тегіс беттері қаратылып қаланған.
Ыдыс жасау ерекшеліктері: Андронов мәдениетінің Нұра кезеңінде қыш ыдыстарының иіні дөңгеленіп келсе, Атасу кезеңі ыдыстарының мойнынан бүйіріне ауысар тұсы тіктеу болып келеді. Нұра кезеңі ыдыстарындағы өрнек мойнынан бүйіріне дейін біртұтас, Атасу кезеңі ыдыстарында өрнек мойнында, ортан белінде, кейде түп жағына да салынған.
Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ыдыс жасау ерекшеліктері: ернеуі тік, бүйірі шар тәріздес болып томпайып келген, түбі тегіс. Құмыра өрнектері – тарақ жүзді, үзік сызықты үш бұрышты, ұштаған таяқшамен салынған және батырып салынған таға сияқты, моншақ, түйін өрнектер кездеседі.
Қола дәуірінде Шығыс Қазақстан жерінде тау-кен өнеркәсібі және металлургия жақсы дамыды.
Солтүстік пен Батыс Қазақстан жерінде Қола дәуірінің 150-ден аса қонысы, 200-ге тарта қорымы зерттелген.
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы Қола дәуірі ескерткіштері аздау зерттелген.
Аралдың шығыс жағында орналасқан Түгіскен кесенелері Беғазы-Дәндібай ескерткіштеріне қатты ұқсайды.
Айырмашылығы: Беғазы-Дәндібай кесенелері ірі гранит тастан салынса, Түгіскен кесенелері шикі кірпіштен қаланған



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет