44. Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың өмірі,қызметі және мемлекеттілігінің қазақстандық қазіргі моделін құрудағы рөлі



бет8/38
Дата07.02.2022
өлшемі83,94 Kb.
#84293
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38
Байланысты:
шпор

50.Қазіргі Қазақстанның денсаулық сақтау,спорт және дене тәрбиесі.Қазақстандық спортшылардың жетістіктері.Салауатты өмір салты ұлт болашағын қалыптастырудың негізі ретінде.
Спорт және дене тәрбиесi. Қазақ халқының дене тәрбиесiне, оны шынықтыруға, ептiлiкке, денсаулықты, көңiл-күйдi көтеруге арналған осы кездегi дене тәрбиесi мен спорт нышаны ерте заманда-ақ халық кәдесiне жарағандығын кейбiр археол. деректер дәлелдейдi. 1970 ж. Оңт. Қазақстан обл-нда б.з.б. 4 — 3 ғ-ларда тоғызқұмалақ тастары табылды.Қазақ халқы арасында спорттың дамуына әр ұлт өкiлдерiмен арадағы қарым-қатынастың нығаюы көп әсер еттi. Мұндай жағдай, әсiресе, Қазан төңкерiсiнен кейiн берiк қалыптасты. Алғашқы кезеңде спорт пен дене тәрбиесi еңбекшiлердiң денсаулығын нығайту, жалпы гигиеналық мәселелер, әскери шынықтыру даярлығын жақсарту мақсатында жүргiзiлдi. Қазақстанда дене тәрбиесi мен спортты дамытуда 1931 ж. енгiзiлген “КСРО-ны қорғауға, еңбек етуге дайын бол” (ГТО) деп аталған бәсекелердiң маңызы зор болды. Бұл жастардың спортқа тұрақты түрде қатысуына мүмкiндiк бердi. Дене тәрбиесiнен ұлттық кадрлар даярлауға көңiл бөлiне бастады. Елiмiзде қысқы спорттың дамуына 1951 ж. ашылған әйгiлi Медеу мұз айдыны (қ. Медеу спорт кешенi) үлкен ықпал еттi. Мұнда көптеген дүниежүз. және құрлықтық рекордтар жаңарды. 1960 жылдардың басында Қазақстанда спорт клубтары (АДК “Шахтер”, “Болат”, “Динамо”, т.б.) құрыла бастады.Қазақстандықтар 1994 ж. бастап Азия ойындарына қатысып келедi. Хиросима (Жапония) қ-нда өткен 12 ойындарында қазақстандықтар жалпыкомандалық төртiншi орынды иелендi. Олар 77 медальға (оның 25-i алтын) ие болды. Атап айтқанда Қ.Шағатаев, Н.Сманов (бокс), М.Мамыров (еркiн күрес), Ю.Мельниченко, Д.Тұрлыханов (грек-рим күресi), О.Шишигина (жеңiл атлетика) сынды спортшылар алтын медаль иегерлерi атанды. 2002 жылы Корея Республикасының Пусан қаласында өткен 14-Азия ойындарында жерлестерiмiз 76 медаль алды. Командалық есепте бесiншi орында болды. 20 спортшы алтыннан алқа тақты. Олардың арасында А.Тетерюк (велоспорт), Ә.Иманбаев, Г.Цурцумия (грек-рим күресi), Б.Ахметов, С.Филимонов (ауыр атлетика), Н.Торшина, Г.Егоров, В.Борисов (жеңiл атлетика), Н.Кәрiмжанов, Г.Головкин (бокс). Қазақстан кәсiпорындары мен мекемелерiнде 11,3 мың дене шынықтыру ұжымдары бар (2001). Онда 1,4 млн-ға жуық адамдар әр түрлi секцияларда дене шынықтыру және спорттың әр түрлi салаларымен айналысады. Жылдан жылға спорт базалары көбейiп келедi. 2002 жылғы мәлiмет бойынша республикада 26019 спорт құрылыстары тiркелген. Оның iшiнде 242 стадион, 20 спорт сарайы, 124 спорт кешенi, 13 оқу-жаттығу орт., 150 бассейн, 6123 спорт залы, 34 спорт манежi, 143 шаңғы базасы, 8 ескекшiлер жүзетiн каналы, 1448 тир, 3 велотрек, 9 эллинг, 3 желкен клубы, 2 шаңғымен секiретiн тұғыр, 13 спорттық мұз айдыны және 142 теннис корты бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет