5-Дәріс: ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен зардаптары


Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946 – 1953 жж.)



бет2/5
Дата20.01.2022
өлшемі28,6 Kb.
#129571
түріСынақтар
1   2   3   4   5
Байланысты:
Лекция № 5
5th form, психология 3, «Жақсымен жолдас болсаңыз, айырылмасқа серт етер» (Бұқар жырау)
Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946 – 1953 жж.). Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін Қазақстан еңбекшілері бейбіт құрылысқа оралды.

Соғыстан кейінгі жылдарда елдегі қоғамдық-саяси өмірде жұрттың ой-пікіріне қатаң бақылау орнату, коммунистік идеологияның ықпалын күшейтіп, басқаша орнату, коммунистік идеологияның ықпалын күшейтіп, басқаша ойлаумен күрес жүргізу, демократияны барынша шектеумен сиппатталды.

Елде Сталиннің жеке басына табыну күшейді. 1937 жылдардағы репрессия жалғасып, Ленинград пен Мәскеуде «Ленинградтық іс», «Дәрігерлер ісі» қолдан жасалып, Қазақстанда «Бекмахановтың ісі» ұйымдастырылды. 1947 жылы шыққан Ермұхан Бекмахановтың «ХІХ ғасырдың 20-40 жж. Қазақстан» деген еңбегі буржуазияшыл ұлтшыл еңбек деп жарияланды.

1950 ж. «Правда» газеті «Қазақстан тарихының мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан жазу үшін» деген мақаласында Бекмахановтың кітабын айыптады. Осы мақаладан кейін Бекмаханов Ғылым академиясынан шығарылды. 1952 жылы 25 жылға соттады.

Сондай-ақ республиканың көрнекті ғалымдары А. Жұбанов, Жұмалиев, Б. Сүлейменов, жалған саяси айыптармен жазаланды. Әбішев, Аманжолов, Бекхожин, Бегалин және басқа жазушылар буржуазиялық ұлтшылдық қателіктер жіберді деп дәлелсіз айыпталды. Осындай қуғындаудан кейін ғалым Қ. Сәтбаев пен жазушы М. Әуезов Қазақстаннан Мәскеуге кетуге мәжбүр болды. 1953 жылы наурызда Сталин қайтыс болғаннан кейін бұл ғалымдар мен жазушылар қуғындаудан құтылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет