5 зертханалық ЖҰмысының Әдістемелік нұСҚауы



бет3/5
Дата24.12.2021
өлшемі35,96 Kb.
#128583
1   2   3   4   5
Байланысты:
ЗЕРТХАНА-5
catalog rice, Ашық сабақььгулжазира, Мониторинг ҚА дұрыс, тест №2, жас сәулетші, e125ac95-36f5-11e3-a987-f6d299da70eeАСУ 3, мобильді қосымша интерфейсі, Диплом ТОКА, Диплом ТОКА, Модульдің сипаттамасы, Мұғ.арн.тренг
Жұмысты орындау тəртібі.

Жұмысты бастар алдында бастапқы судың сипаттамаларын анықтау керек: рН, ОБҚ, ОХҚ, жүзгін заттардың мөлшері жəне т.б.берілген тапсырмаға сəйкес.

Одан соң суды тазартуға дайындайды: қажетті рН жасау, қоректік заттардың қажетті мөлшерін енгізу, ротаметрдің көмегімен ауаның қажетті шығынын тағайындау қажет. Қондырғы жұмысының басталған уақытын белгілеп алу керек.

Бастапқы суды ОБҚ жəне ОХҚ бойынша анализ жасайды.



Анализ төмендегі əдістеме бойынша жасалады.

Бірінші анализге пробаны, қондырғы жұмысы басталғаннан кейін бір сағаттан соң алады, ОБҚ,ОХҚ, активті илдің (АИ) концентрациясы жəне илдік индексі бойынша анализ жасайды.

Одан əрі əрбір жарты сағат сайын (оқытушымен келісіліп) анализге проба алынып отырады.

Анализдердің нəтижесін төмендегі 1-кестеге толтырыңыздар.



Алынған нəтижелердің негізінде ОБҚ, ОХҚ, рН, илдік индекстің уақытқа байланысты өзгеруінің графигін сызыңыздар.

Активті илдің концентрациясын анықтау əдістемесі.

Алдын ала өлшенген жəне кептірілген фильтрді, су ағыны насосымен жалғастырылған,Бюхнер май құйғышы (воронка) кигізілген, Бунзен колбасына салады. Фильтрді сумен дымқылдайды, тығыздап насоспен сорады жəне оған 50 мл зерттелетін сұйықты құяды. Сұйық фильтрленіп болған соң, тұнбаны дистелденген сумен жуады.

Фильтрді тұнбасымен бірге, алдын ала өлшенген бюкске салып, 105 С-температурада кептіргіш шкафта кептіреді. Бюксті фильтрмен бірге эксикаторда 30 минут бойы салқындатады, одан соң өлшейді.

Ил қоспасындағы активті илдің құрғақ массасын (а, г/л) анықтайды:


мұндағы, В – фильтрмен жəне тұнбамен бірге бюкстің массасы, г;

с – бюкстің фильтрмен массасы, г.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет