55. Қазақстандағы президенттік басқару формасының ерекшеліктері Қазақстан Республикасы президенттік басқару формасы бар демократиялық, құқықтық, унитарлы, зайырлы мемлекет



Дата20.12.2023
өлшемі13,04 Kb.
#198188
Байланысты:
Document
order-187735426-1

54. Қазақстандық қоғамды демократияландыру: жетістіктері мен болашағы Қазақстандық қоғамның әлеуметтік-саяси және экономикалық дамуын демократияландыру үрдісінде, мемлекеттік ұлттық мекемелер мен қатар, жетекші рөл азаматтық қоғам институттарына тиесілі. Азаматтардың еркі және бастамалары бойынша құрылған ұйымдардан тұратын азаматтық қоғамдағы көппартиялық жүйені қызметі – демократияның жарқын көрінісі болып табылады.
Билік және қоғам арасындағы жүйелі байланыстың орнауы әрбір мемлекеттің дамуының маңызды шартына жатады. Егее де мемлекет азаматтары өз талаптары мен мұқтаждықтарын мемлекет басшылығына жеткізе алуға мүмкіндігі болмаса, саясат халық мүддесі үшін жүргізіле алмайды. Қазақстан Республикасының болашақ дамуы азаматтық қоғаммен, атап айтқанда саяси партиялармен тығыз және жүйелі байланысынан туындайды.

55. Қазақстандағы президенттік басқару формасының ерекшеліктері Қазақстан Республикасы — президенттік басқару формасы бар демократиялық, құқықтық, унитарлы, зайырлы мемлекет. Алғашқы конституция 1993 жылы қаңтарда қабылданды. 1995 жылы тамыз айында жаңа конституция қабылданды; 1998 жылы, 2007 жылы, 2011 жылы, 2019 жылы және 2022 жылы түзетулер енгізілді. Жаңа конституция бойынша Қазақстан — демократиялық құқықтық унитарлы мемлекет, оның тәуелсіз үш билік тармағы бар: атқарушы, заң шығарушы жән сот биліктері. Атқарушы билікті президент басқарады, ол 40 жастан асқан, Республика аумағында соңғы 15 жыл тұрған және мемлекеттік тілде (қазақ тілінде) еркін сөйлей алатын азаматтыры арасынан 7 жылға сайланады. Заң шығарушы билікті қос палаталы парламент атқарады (Сенат - 47 депутат және Мәжіліс - 107 депутат). Сот билігін Конституциялық сот пен жергілікті соттар жүйесі атқарады; сот төрелері қызметіне Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Конституциялық заңдарға сәйкес тағайындалады және тұрақыты түрде толық өкілетілікке ие болады.[1][2]

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет