5В010600 – «Музыкалық білім» мамандығының студенттеріне арналған біртұтас Практика бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет3/13
Дата11.05.2022
өлшемі197,95 Kb.
#142074
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Приложение 3. Программа практики по спец. МБ
107507
1.3
Өндірістік (педагогикалық) практиканың мақсаттары мен
міндеттері.
1.
Арнайы пәндерді оқытуды аяқтағаннан кейін өндірістік(педагогикалық)
практика ұйымдастырылады. Бітіруші курстарында өндірістік (педагогикалық)
практика теориялық оқыту толық аяқталғанан кейін ұйымдастырылады.
2. Өндірістік(педагогикалық) практиканың бағдарламасы шығарылатын
кафедрамен әзірленеді және бекітіледі.
3. Өндірістік(педагогикалық) практиканың мақсаты түйінді құзіреттілігін
бекіту, оқыту мамандығы бойынша практикалық дағды мен кәсіптік тәжірибе
қалыптастыру болып табылады.
4. Өндірістік(педагогикалық) практика жалпы білім беру мектептерде
музыкалық білім мамандығының профиліне байланысты мектепте музыка
мұғалімі маманы мен оқу топтарының сынып жетекшілеріне байланысты
өткізіледі.
5. Өндірістік(педагогикалық) практиканың ұзақтығы және оның мөлшері
мамандықтар бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандарттарына сәйкес белгіленеді.
Өндірістік(педагогикалық) іс-тәжірибе жоғары оқу
орындағы оқу-тәрбиелеу процесінің бір түрі. Педагогикалық іс-
тәжірибе болашақ музыка мұғалімін даярлауда маңызды орын
алып, студенттердің саяси-қоғамдық, психологиялы-
педагогикалық пәндерден және мамандық бойынша арнайы
алған білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын одан әрі қарай
іс жүзінде тереңдетіп, толықтыруына көмек береді. 
Өндірістік(педагогикалық) іс-тәжірибенің негізгі мақсаты –
музыка мұғалімінің және сынып жетекшісінің қызметтерін
орындауға, оқушылармен оқу-тәрбиелік жұмыстарды жүргізуге
студенттерді даярлау. 
Өндірістік(педагогикалық)
іс-тәжірибенің негізгі
міндеттері мыналар: 
-
студентердің ғылыми дүниетанымдарын қалыптастыру ;


-
қазіргі заман талабына сай болашақ музыка мұғаліміне
тиісті профессионалды жеке тұлғаны тәрбиелеу;
-
музыка мұғалімі мамандығына деген сүйіспеншілік пен
құрмет білдіруге тәрбиелеу;
-
студенттерді өндірістік(педагогикалық) іс-тәжірибе алуға
баулу;
-
олардың музыкалық оқу-тәрбие жұмыстарын жоғары
дәрежеде өткізуге қажетті профессионалды іскерліктері
мен дағдыларын қалыптастыру;
-
психологиялық, педагогикалық, саяси-қоғамдық және
арнайы музыкалық пәндерден алған теориялық білімдерін
іс-жүзінде тәжірибемен байланыстыру;
-
мектептегі оқу-тәрбиелік, музыкалық жұмыстардың қазіргі
жағдайларымен, педагогикалық тәжірибенің озық
үлгілерімен таныс болып, музыкалық-эстетикалық
тәрбиенің міндеттерін шешуде оқу-тәрбие мекемелеріне
көмек беру;
-
балалар және жас өспірімдермен қарым-қатынас жасауды,
тіл табыса білуді ұйымдастыру, олардың жас
ерекшеліктерімен музыкалық қабілеттерін зерттеу;
-
музыкалық-педагогикалық іс-әрекеттерін шығармашылық
пен ізденістік бағытта жүргізу;
-
оқушылардың рухани жан азығының бөлігі ретінде
саналатын музыкалық мәдениетін қалыптастыру;
-
оқушылар музыкалық өнердің шығармаларын түсініп,
жанрын және қай дәуірдің шығармалары екенін ажырата
білудегі көркемдік талғамын тәрбиелеу. 
Өндірістік практиканың қорытындысы бойынша білім алушылар сәйкес
кафедраларына есеп тапсырады, жетекшісі тексеріледі, кафедра меңгерушісінің
өкімімен құрылған комиссия алдында қорғалады. Есепті қорғау қорытындысы
тағайындалған балдық–рейтингтік әріпті жүйе бағасы бойынша
дифференциалды сынақпен бағаланады.
Өндірістік (педагогикалық) практиканың мақсаты болып студенттің жалпы
білім беретін мектептің мұғалімі қызметін атқаруға дағдылану болып саналады.
Педагогикалық практика кезінде практикант келесі дағдыларды қалыптастыруы
қажет:
- мектеп бағдарламасы бойынша музыкалық пәндерден сабақ жүргізуді
меңгеру;
- пән бойынша жылдық жоспарды түзуді үйрену;
- тақырыптық жоспарды түзу;
- сабақта көрнекіліктермен жұмыс істеуді үйрену;
- сынып жетекшісі рөлін атқаруды үйрену;
- сыныптағы тәрбие сағаттарын өткізуге машықтану;
- пән бойынша музыкалық үйірменің жұмысын басқаруды меңгеру;


- белгілі тақырыпқа диспут өткізуді меңгеру;
- пән тақырыбына ашық сабақ өткізу;
- сынып оқушыларына психологиялық мінездеме түзуді меңгеру;
- сыныптағы психологиялық климатты анықтау, 
- оқушылыардың білімін бағалаудағы педагогикалық қағидаларды
меңгеру;
- жалпы мектеп мұғаліміне қажетті педагогикалық ұстанымдарды
меңгеруге дағдылану.
1.4 Өндірістік(педагогикалық) практикасын өткізуге қойылатын
талаптар
Бағдарламаның талаптарына сабақтың материалының
сәйкестілігі, ғылымилығы,
материалдың жүйелігі,
ұғымдылығы. Мұғалімнің теориялық материалын білуі мен
сыныппен жұмыс жасауы. 
1. Оқытудың әдістері.
Қолданылған әдітердің мазмұны мен түріне, оқушылардың
жас ерекшеліктеріне сәйкестігі. Оқытудың принциптерін іс
жүзінде енгізу. Оқушылардың өз беттерінше жасаған
жұмыстарының түрлері, олардың әдістемелік құндылығы.
Оқушылардың білімдерінің сапалығы мен бағалаудың
тәсілдері. Үй тапсырмаларын тексеру, оларды орындаудың
тәсілдері. 
2. Оқушылардың тәртібі
Оқушылардың қызығушылығы, ұқыптылығы, назары,
тәртібі. Сабақтағы оқушылармен үй тапсырмасын
ұйымдастырудағы мұғалімнің ролі. Оқушылардың мұғаліммен
қарым-қатынасы. 
3. Мұғалімнің қызметі
Сыныптың жұмысын ұйымдастырудағы белсенділігін,
қызығушылығын, назарын аударуды ұйымдастыра білуі. Әрбір
оқушының жеке қабілеттерін ескеріп, олармен қарым-қатынас
жасауы. 
Жұмыс барысындағы дауыс мәнерлігі мен стилі,
педагогикалық тапқырлық; мұғалімнің сыртқы түрі; сөйлеудегі
дауысы мен мәдениеті.
4. Сабақтың нәтижесі 
Жоспарын орындау, мақсатқа жету. Оқушылардың алған
білімдерінің көлемі мен сапасы (саналылығы, тереңділігі,
беріктігі). Сабақтың тәрбиелік, білім берушілік, дамытушылық
міндеттері. 
5. Қорытынды жасау және шешімі. 
Сабақтың жақсы және қарама-қарсы жақтары. 
Студенттің өз сабағын талдаудағы сұрақтардың түрлері. 


1. Студент-іс-тәжірибеші сабаққа дайындалудағы өзінің
іскерлігі мен қабілеттерін жетілдірудегі алдына қандай
міндеттер қойды? Кемшіліктерін ерекше атап, оны жоюға
тырысуы.
2. Сабақты талдауда келесі сұрақтар нұсқауланады:
сабақтың оқулық және тәрбиелік мақсаты, сабақтың түрі
және сабақтар жүйесінің тақырыбындағы, мазмұнындағы,
құрылысындағы сабақтың орны; қолданылған әдістер,
оқушылардың тәртібі т.б. 
3. Студенттің өз сабағын талдап болғаннан соң, мына
жайларды анықтауы керек:
а) оқушылар бұл сабақта не меңгерді.
б) алдындағы сабақта студент тәжірибеші нені меңгерді.
в) алдағы сабақтарын өтуде өз алдына қандай талаптар
қояды. 
Тәрбиелік іс-шаралардың анализінің схемасы.

1.5 Диплом алды практикасын өткізуге қойылатын талаптар
1. Диплом жұмысын (жоба) жазу және қорғау үшін білімдік–кәсіптік
бағдарламада диплом алды практикасы қарастырылады. 
2. Диплом алды практикасының мазмұны – диплом жұмысының (жоба)
тақырыбымен анықталады.
3. Жеке мамандықтар бойынша диплом алды практикасының мақсаты,
талабы, мазмұны мен өтетін уақыты өндірістік(педагогикалық) практикамен
сәйкес келуі мүмкін.
4. Диплом алды практикасының ғылыми жетекшісі – негізінен диплом
жұмысының (жоба) ғылыми жетекшісі болып табылады.
5. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес
диплом жұмысын (жоба) жазуға, диплом алды практикасының ұзақтығы және
оның мөлшері академиялық сағат немесе берілген кредитпен анықталады. 
6. Диплом алды практикасының аралығында білім алушылар практика
базасында тиісті кәсіптік қызметі туралы нақты мағлұмат жиынын, диплом
жұмысы (жоба) тақырыбы бойынша практикалық мағлұматтарды іске асырады.
Диплом алды практиканың қорытындысы диплом жұмысы (жоба) жазуда
қолданылады және тиісті нұсқамен даярланады.
7. Диплом алды практикасының қорытындысы диплом жұмысын (жоба)
алдын ала қорғауда жүзеге асырылады, оның тәртібін оқу орны анықтайды.
8. Диплом алды практикасының қорытындысы бойынша білім алушылар
өз кафедраларына есеп тапсырады, ғылыми жетекшісімен және кеңесшісімен
тексеріледі. Кафедра меңгерушісінің өкімімен құрылған комиссия алдында
қорғалады. Есепті қорғау қорытындысы тағайындалған балдық-рейтингтік
әріптік жүйе бағасы бойынша дифференциалды сынақпен бағаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет