5В020300 «Тарих» мамандығы бойынша


Б.з.д. V-ІV ғғ. классикалық Грекия



Pdf көрінісі
бет75/536
Дата02.05.2022
өлшемі2,18 Mb.
#141676
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   536
Байланысты:
бакалавриат История
XXI-ғасырдың қауiптi аурулары, Әлеуметтану, Кәсіпкерлік жоба Альфа ворд, 118359 (1), Анализаторлар, ҰБТге дайындық кітабы, 1-нұсқа пиза, Данные по классу, Image to PDF 20221107 16.20.36, модерация Улболсын, Қосымша 13-14 01140400, 9с Құқық БЖБ 4т, 9с Құқық БЖБ 4т
Б.з.д. V-ІV ғғ. классикалық Грекия 
Грек-парсы соғыстары және Афина теңіз одағы. Марафон шайқасы. Б.з.д. 
481 жылғы Коринфтегі конгресс және гректердің әскери бірігуі. Саламин 
түбіндегі шайқас. Парсыларды Платея және Микале түбінде талқандау. 
Парсылардың Эвримедонт түбінде жеңілуі. Каллий бітімі. Грекияның б.з.д. V–IV 
ғғ. әлеуметтік-экономикалық дамуы. Грек экономикасының екі негізгі типі: 
афиналық және спарталық типтер. (Классикалық құлдық түсінігі және оның 
негізгі ерекшеліктері. Классикалық Грекиядағы қоғамның құрылымы. Спарта 
қоғамының таптық-сословиелік құрылымы: спартиаттар мен периэктер. Илоттар, 
олардың мүліктік және қоғамдық жағдайы.
Афиналық демократия мен спарталық олигархия б.з.д. V ғ. саяси жүйелер 
ретінде. Пелопоннес соғысы. Бірінші Афиналық теңіз одағы және оның Афины 
архэсіне айналуы. Эфиальт пен Перикл реформалары. Периклдың ішкі және 
сыртқы саясаты.
Спартаның саяси құрылымы. Б.з.д. V ғ. Пелопоннес одағы. Соғыстың 
себептері мен сылтауы. Кезеңдері. Архидам соғысы. Никий бітім шарты.
Афинаның басқыншылық саясаты. Декелей соғысы. Алкивиадтың қызметі. 
Б.з.д. 411 ж. олигархиялық төңкеріс. Парсылардың грек істеріне араласуы. 
Афина архэсін реформалау. Афинаның жеңілісі. 
 
Б.з.д. VШ–IV ғғ. ежелгі грек мәдениеті. Грек діні. Дін мен діни рәсімдердің 
сәулет және мүсін өнерлерінің дамуына ықпалы. Грек әдебиеті мен театры. 
Мифология, ежелгі грек эпосы және олардың әдебиеттің дамуына ықпалы. Грек 
театры. Б.з.д. VП–VI ғғ. грек лирикасы. Грек философиясы. Ғылыми білімдер. 
Ежелгі грек мәдениетінің әлемдік тарихи маңызы.
Б.з.д.V–ІV ғғ. Македония. Парсы мемлекетіне қарсы жорыққа дайындық. 
Филипп ІІ (б.з.д. 359-336 жж.), оның ішкі және сыртқы саясаты. Грекиядағы 
македондық және антимакедондық топтар. Б.з.д. 337
 
ж. Коринф конгресі және 
Парсы державасына қарсы күрес үшін жалпыгректік одақтың құрылуы. 
Персияға қарсы жорыққа дайындық. Филиптің өлімі. Александрдың 
Грекиядағы Македон үстемдігін қалпына келтіруі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   536




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет