5В050400 «Журналистика» мамандығына арналған



бет6/7
Дата25.08.2017
өлшемі1,33 Mb.
#25909
1   2   3   4   5   6   7

Дәрісті бекіту сұрақтары:

  1. Мәтін құрылымының редакторлық талдауға түсетін үш басты элементі.

  2. Редакторлық талдау – шығармашылық процесс.

  1. Редакторлық талдаудың екі міндеті.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Накорякова К.М. Литературное редактирование материалов массовой ниформаций. М., 1994.

  2. Сихорский Н.М. Теория и практика редактирования. М., 1972.

  3. Лазутина Г. В. Основы творческой деятельности журналиста. М., 2001.

  4. Справочная книга редактора и корректора. М., 1985.


15-дәріс

тақырыбы: Редакторлық талдаудың ерекшелігі
Дәріс мақсаты: Редакторлық талдау ерекшелігі туралы талдап, түсіндіру.

Дәрістің жоспары:

  1. Редакторлық талдаудың бастапқы кезеңі.

  2. Редакторлық талдау ерекшелігі.

Редакторлық талдау – шығармашылық процесс. Ал әр процестің өзіне ғана тән ерекшелігі бар екенін бәрі бірдей біледі.

Редакторлық талдауды неден бастаған абзал дегенде, бұл редактордың өзіне ғана тән кәсіби ерекшелігімен анықталады. Ең алдымен редактор мәтіндегі тілдік қателерді таңдай бастайды, оларды түзеп, өзінің дұрыс деп тапқан түзетулерін ұсынады.

Алайда, бұл тек жұмыстың бастапқы кезеңі. Мәтінге толыққанды үңілген сайын онда күрделі құрылымдық қателер қылаң бере бастайды. Осыған орай редактордың жұмысы күрделеніп алдында жасалған түзетулерді қайтадан бірнеше мәрте қарастырып, қайта түзетіп шығуға тура келеді.

Редакторлық талдау ерекшелігі осындай күрмеулі мәселелердің күрделілігімен анықталады. Әдеби шығарманың құрылымына қатысты Цицерон ең алдымен өз ойын қағаз бетіне дөп түсіре білуді, яғни мәтіннің құрылымын бірінші орынға қойған.

Яғни мәтін бүтіндігі ежелден –ақ жоғары бағаланған. Құрылымның құрылымы сюжеттен тұрады. Сюжеттің негізінде негізгі ой, образ жатады. Редактор тек сюжетті ғана қарастырумен шектеліп қалмау керек.

Материал құрылымына жасалған талдауда бірнеше бөліктерге бөліп қарастыру туралы жоғарыда айтқан болатынбыз. Газет тәжірибесінде әдеби шығармаларды ықшамдап алу жиі кездеседі. Осындай жағдайда редактор мәтіннің айтар ойын сол күйінде сақтап қалу керек.

Баспасөз беттерінде жекелеген құрылымдық бірліктерді айдарлар, шапкалар, бағаналар әйгілейді. Ал кейбір үлкен мақалалар бірнеше тақырыпшалармен белгіленіп, бірнеше бағаналарға бөлшектенуі мүмкін.

Мәтін жоспарын талдауда редактор екі тапсырманы орындайды. Қолжазбадағы жоспар бойынша құру және редактор өзі ұсынған екінші жоспары.

Дәстүрлі журналистік жанрлар да кей-кейде түзетуді қажетсінеді. Мысалы, репортаж жанры ақпараттан сараптамаға көшеді. Яғни біріншіден, ақпаратты, болып жатқан оқиғаны сол күйінде жеткізсе де, бұл жанрда талдамалы сарын да байқалады.

Редактор сондай-ақ, автор мәтінге қойған атауға да назар аударады. Аты айғайлап тұрса да, ішіндегі мәтін заты атына сай болмай шықса, ондай мәтін өз құндылығын жоғалтады.

Сонымен қоса автор кіріспесімен де жете танысуы керек. Тақырып пен кіріспедегі байланыс басты назарда екені даусыз. Мәтін кіріспесі көп жағдайда табиғатты суреттеуден, белгілі бір уақытты атаудан басталады. Кіріспеде көбіне-көп автор ойы тұрады. Оқырман оқуды кіріспеден бастағандықтан ол оқырман үшін қызықты, көңілін бірден арбап алатын деңгейде болу керек.

Мазмұнына қарай мәтіннің үш түрі бар. Олар баяндау, суреттеу және талдау. Редакторлық талдау осы түрлерді анықтаудан басталады.

Баяндау дегенде, оқиғалар рет-ретімен баяндалады. Бір оқиғадан екінші оқиға өріледі.

Суреттеу – мұнда оқиғаларды суреттеу басым келеді.

Талдау- мәтіннің бұл түрінде түрлі пайымдаулар, түсініктемелер, анықтамалар , талдаулар орын алады.

Ежелгі көсемдердің айтуынша, баяндау қозғалысты, суреттеу құбылысты, талдау құбылыс пен қозғалыс арасындағы байланысты анықтайды.

Баяндауда адамның есте қалған оқиғалары қағаз бетінде көрініс тапса, суретеуде ішкі қөзқарасы көрініс табады. Ал талдауда ойы мен білімі, сезім түйсігі суреттеледі.

Бұл түрлер жеке күйінде сирек кездеседі. Мәтінде олар үшеуі де көрініс табады. Үшеуі де бір-бірімен тығыз байланысты. Баяндай отыра, автор оқиғаны суреттейді, суреттегенде, автор ойлау мен пайымдауларға көңіл бөледі.

Редакторлық талдаудың ерекшелігі – редактордың кәсіби ерекшелігімен, оның өзіндік тәжірибесімен өлшенеді.

Жалпы сөз өнерінде редакциялау қызметінің ерекше маңыздылығын атап өту шарт. Қандай шығарма болмасын ол редакциялауды қажет етеді.

Тіпті ұлы жазушы ғұламалардың еңбектері де сондай редакциялаудан сан мәрте өткен. Осы орайда жазушы апамыз Фариза Оңғарсынованың естеліктерін айтып өтуге болар еді. Оның алғашқы шығармалары редакциялау атты түзетуден өтіп, қызыл түске боялғанын ақын апамыз жасырмайды. Қызыл түске боялды деп отырғанымыз редактор түзетулерді осылайша қызыл түсті қаламмен белгілеген екен.

Сондай-ақ, танымал ақын-жазушыларымыз өз еңбектерін бірнеше мәрте түзеткендігі жайлы да кітап, баспасөз беттерінен оқып жататынымыз шындық. Айтпағымыз – қандай да шығарма болмасын, ол сырт көздің сынынан өтуі қажет. Сонда ғана шығарма ерекше құндылыққа ие болады.

Осы орайда бұқаралық ақпарат құралдарындағы редактор - маңызды мамандық иесі екендігі шүбәсіз. Өйткені бүгінде 4 билік өкілдері саналатын бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдық пікір қалыптастыруға айтарлықтай әсер етеді. Бұқаралық ақпарат құралдары арқалаған функциялар да шаш етектен.

Оқырман, көрермен, тыңдарман – бір сөзбен айтқанда тұтынушы мен ақпарат арасындағы байланысты жасауда редактордың елеулі еңбегі бар.

Редактор жұмысы кадр сыртында қалғанымен де, тұтынушылар қабылдаған өнімнің жарыққа шығуына да редактор барынша үлес қосады.

Ешқандай да мәтін редактордың сүзгісінен өтпейінше көрерменнің назарына ұсыныла алмайды. Өйткені ол «дайындалмаған» материал. Сондықтан да, мәтінді дүниеге әкелуде барынша үлес қосатын редактор шығармашылық процеске толықтай жауапты болады.

Редакциялау ол тікелей редактордың қызметі, бұл дегеніміз – материалдың мазмұны мен жазылуына талдау жасау арқылы материалды түзету, тәртіпке келтіру.

Редакторға тән қасиеттерді тізіп шықсақ, редактор білімді, логикалық ойлауы зор, тілдік нормаларды жетік меңгерген, ұйымшыл, өндірістік-техникалық процесті жетік білген болуы тиіс.
Дәрісті бекіту сұрақтары:


  1. Редакторлық талдаудың ерекшелігі.

  2. Редакциялау – тікелей редактордың қызметі

  1. Редакторлық талдау – шығармашылық процесс.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Накорякова К.М. Литературное редактирование материалов массовой ниформаций. М., 1994.

  2. Сихорский Н.М. Теория и практика редактирования. М., 1972.

  3. Лазутина Г. В. Основы творческой деятельности журналиста. М., 2001.


3 ПРАКТИКАЛЫҚ (СЕМИНАР) САБАҚТАР
Практикалық (семинар) сабақтарына арналған әдістемелік нұсқаулық: Семинарлар, олардың жоспарларында көрсетілген тақырыптың қамтитын мәселелері пәннің оқу бағдарламасындағы теориялық және практикалық материалдарды студенттердің ғылыми тұрғыда өз бетімен іздене отырып, терең де жан-жақты игерулерін мақсат етеді. Ол үшін студент ең алдымен семинар тақырыбы бойынша көрсетілген пайдаланатын әдебиеттерді алып, мұқият оқып шығып, тақырып жоспарындағы әр сұрақтың мәнін ашатындай конспекті жазу қажет. Одан соң сол сұрақтардың айналасындағы айтылған әр түрлі авторлардың пікірлеріне іштей салыстырулар жасап, дәріс материалдарын басшылыққа ала отырып, түйінді ой тұжырымдарды қағаз бетіне түсіріп, осы мәселе төңірегіндегі әдеби-ғылыми материалдар, дәрісте оқылған және баспасөздерде жарияланған тың деректерге сүйеніп, өз тұжырымын дәйектеу керек. Әрбір семинарда алдынғы өткен сабақтарда қарастырылған материалдарды репродуктивтік, зерттеушілік сипатта жаңа тақырыппен байланыстыру талап етіледі.
Практикалық (семинар) сабақтардың мақсаты:

1. Студенттердiң шығармашылық және редакторлық қабiлеттерiн тексеру. Студенттер өз қалаған тақырыптарына бiр-екi бет көлемiнде шығарма жазып, бiр-бiрiнiң жазғандарын тексередi. Шамалары жеткенше редакциялап көредi. Содан соң аудиторияда өзара пiкiр алысу болады. Оқытушы сабақтың қорытындысын шығарып, студенттердiң туындыгерлiк-редакторлық мүмкiндiктерiне баға бередi.

2. Әдеби редакциялаудың теориясы мен тәжiрбиесi. Студенттер мәтiн және оның сипаттары жөнiнде оқығандарын ортаға салады. Ауызша және жазбаша шығармашылықтың айырмашылықтары жайында сөз қозғап, оны журналистiк тәжiрбиемен байланыстырады. Газет-журнал беттерiнен мысалдар келтiредi.

3. Автор мен редактор проблемасының психологиялық қырлары. Студенттер бұл сабақтың үстiнде автор мен редактор арасындағы психологиялық қарым-қатынастың этикалық қырларын iс жүзiнде бiлетiндiгiн көрсетуге тырысады. Бұл үшiн автор мен редактор ретiнде екiге бөлiнiп, өзара пiкiр таластырады. Осы орайда теория мен тәжiрбиенiң ара салмағын айқындауға ұмтылады.

4. Әдеби редакциялау және компьютерлiк технология. Бұл тәжірибелік сабақ компьютерлiк сыныпта немесе басқа редакцияның басқа бөлiмiнде өткiзiледi. Әдеби редакциялау iсiне компьютерлiк техниканың тигiзетiн жәрдемi студенттердiң талқысына түседi.

5. Редакциялық талдау мен мәтiндi түзетудiң әдiстемесi. Студенттер алдын ала жазылған қолжазбаларға қатысты лингвистикалық және стилистикалық тәжiрибе жүргiзедi. Осы орайда редакторлық оқу мен мәтiндi түзетудiң түрлерi туралы түсiнiктерiн кәдеге жаратады.

6. Логика заңдары және мәтiндi редакциялау. Студенттер бұл жолы газеттердiң жарық көрген сандарындағы материалдарды талдаумен айналысады да олардың логикалық құрылымына ден қояды. Байқаған кемшiлiктерi мен қайшылықтарын тiлге тиек етедi. Осы арқылы газет журналистерiнiң редакторлық қызметiне баға бередi.

7. Редактор және корректор. Бұл сабақ қазiргi заманғы басшылардың нақты проблемасын көрсетуге арналған. Көп газет-журналда редактор мен корректордың жұмысын бiр-ақ адам атқаратын болғандықтан, мәтiндi мiнсiз етуге көмектесетiн "сырт көздiң" жоқтығы бiлiнiп тұрады. Басылым беттерiнде қателердiң жиi басылуының себебi осында. Студенттер бұл туралы нақты мысалдардың негiзiнде әңгiмелейдi.

8. Мәтiндi түзетудiң бiр түрi: қайта жазу. Студенттердiң назарына жазылуы талапқа сай келе бермейтiн бiрақ өзегiнде жатқан қызықты идеясы бар авторлық шығарма ұсынылады. Шәкiрттер осы дүниенiң ойын ала отырып, пiшiндiк, стильдiк т.б. жағынан қайта жаңғырта жазып шығуы керек. Таңдап жазылған туындыларға түпнұсқамен салыстыру арқылы баға берiледi.

9. Сараптама сабақ. Студенттер осы уақытқа дейiнгi алған теориялық бiлiмдерi мен үйренген тәжiрбиелерiн оқытушы дайындаған тест сұрақтарына жауап беру арқылы тексерiстен өткередi. Тиiстi қорытындылар қолма-қол шығарылады.


3 Практикалық (семинар) сабақтар
1-2-семинарлар

тақырыбы: Әдеби редакциялау пәні туралы түсінік
Сабақтың мақсаты: Журналистикаға қатысты тұжырымдардағы әдеби редакциялау туралы студенттердің білім деңгейлерін саралап, бағалау.

Семинар мазмұны:

  1. Журналистикаға қатысты тұжырымдар әдеби редакцияға жалпы түсініктеме.

  2. Мәтінді түзетудің әдістері.

Бақылау сұрақтары:

  1. Журналистикаға қатысты тұжырымдар әдеби редакцияға жалпы түсініктеме.

  2. Редактордың басты міндеттері.

Әдістемелік нұсқаулықтар:

1. Журналистикаға қатысты тұжырымдардағы әдеби редакциялаудың зерттелу тарихы, оның маңызы.

2. Редакторлық жұмыстың маңыздылығы мен жариялануы, зерттелуі.

Ұсынылатын әдебиеттер:


  1. Накорякова К.М. Литературное редактирование материалов массовой ниформаций. М., 1994.

  2. Сихорский Н.М. Теория и практика редактирования. М., 1972.


3-4 - семинарлар

тақырыбы: Редакциялаудың жалпы әдістемесі
Сабақтың мақсаты: Редакциялаудың жалпы әдістемесі туралы студенттердің білім деңгейлерін саралап, бағалау.

Семинар мазмұны:

  1. Редакциялау ұғымы.

  2. Редакциялаудың міндеті.

  3. Редактордың басты міндеттері.

Бақылау сұрақтары:

  1. Редакторлық іс-әрекеттің басы – дайындық кезеңі.

  2. Түзету түрлері.

  3. Мәтінді түзету процесі.

Әдістемелік нұсқаулықтар:

1. Редакторлық іс-әрекеттің басы – дайындық кезеңінен бастау алатындығы.

2. Редакторлық жұмыстың маңыздылығы мен жариялануы, зерттелуі.

Ұсынылатын әдебиеттер:


  1. Накорякова К.М. Литературное редактирование материалов массовой ниформаций. М., 1994.

  2. Лазутина Г. В. Основы творческой деятельности журналиста. М., 2001.

  3. Справочная книга редактора и корректора. М., 1985.


5-6 - семинарлар

тақырыбы: Ұйымдастырушылық – шығармашылық кезең
Сабақтың мақсаты: Ұйымдастырушылық – шығармашылық кезең туралы студенттердің білім деңгейлерін саралап, бағалау.

Семинар мазмұны:

  1. Жанрлық беттеу.

  2. Бағдарлама блогын дайындау.

Бақылау сұрақтары:

  1. Теледидар аудиториясының тұрақтылығы.

  2. Жанрлық беттеу дегеніміз не?

  3. Ырғақтық (ритмдік) беттеу дегеніміз не?

Әдістемелік нұсқаулықтар:

1. Шығармашылық кезең туралы теориялық тұрғыдан саралап, журналистика ғылымындағы көзқарастар мен ой-тұжырымдар.

2. Өңдеу арқылы түзету – авторлық тексті сақтай отырып, шығарманың композициялық құрылысындағы олқылықты жою, деректік және логикалық қателерін түзетіп, тілі мен стиліндегі кемшіліктерін жөндеу мен зерттелуі.

Ұсынылатын әдебиеттер:


  1. Лазутина Г. В. Основы творческой деятельности журналиста. М., 2001.

  2. Справочная книга редактора и корректора. М., 1985.


7-семинар

тақырыбы: Әдеби редакция ұғымы және редакторлық қызмет
Сабақтың мақсаты: Әдеби редакция ұғымы және редакторлық қызмет туралы студенттердің білім деңгейлерін саралап, бағалау.

Семинар мазмұны:

  1. Әдеби редакция түсінігі.

  2. Редакторға қойылатын басты талаптар.

Бақылау сұрақтары:

  1. Аудиторияның сана-сезіміне әсер ету.

  2. Редактордың ұйымдастырушылық қызмет-міндеттері.

Әдістемелік нұсқаулықтар:

1. Әдеби редакция түсінігі,оның маңызы.

2. Әдеби редакциялау туралы теориялық тұрғыдан саралап, журналистика ғылымындағы көзқарастар мен ой-тұжырымдар.

Ұсынылатын әдебиеттер:


  1. Лазутина Г. В. Основы творческой деятельности журналиста. М., 2001.

  2. Справочная книга редактора и корректора. М., 1985.


8-семинар

тақырыбы: Редактордың маман ретінде пайда болуы
Сабақтың мақсаты: БАҚ-та қызмет ететін редактордың жұмысы туралы студенттердің білім деңгейлерін саралап, бағалау.

Семинар мазмұны:

  1. Редактордың негізгі шарттары.

  2. Редактордың маман ретінде пайда болуы.

Бақылау сұрақтары:

  1. Редакторға қойылатын басты талаптар.

  2. Редакторға қойылатын басты шарттарды конспектілеу.

Әдістемелік нұсқаулықтар:

1. Редактордың маман ретінде пайда болуы, журналистикадағы дәстүр жалғастығы және тың редакциялауға қатысты жаңашылдық үлгілердің тууы.

2. Редакторлық жұмыстың зерттелуі, ғылыми бағалануы.

Ұсынылатын әдебиеттер:


  1. Накорякова К.М. Литературное редактирование материалов массовой ниформаций. М., 1994.

  2. Сихорский Н.М. Теория и практика редактирования. М., 1972.

  3. Справочная книга редактора и корректора. М., 1985.


9-10 - семинарлар

тақырыбы: Редакторлық талдау және әдеби редакциялау. Редакторлық талдаудың обьектісі


  1. Сабақтың мақсаты: Редакторлық талдау және әдеби редакциялау

туралы студенттердің білім деңгейлерін саралап, бағалау.

Семинар мазмұны:

  1. Редакторлық талдау және әдеби редакциялау.

  2. Редакторлық талдау және оның обьектісі.

Бақылау сұрақтары:

  1. «Анализ» сөзі ғылымда кең мағынада зерттеу деген нені білдіреді?

  2. Редактордың ұйымдастырушылық қызмет-міндеттері.

  3. Редакторлық талдаудың объектісі.

Әдістемелік нұсқаулықтар:

1. Редакторлық талдау және әдеби редакциялау туралы бүгінгі күнгі жаңаша көзқарастар мен тұжырымдар.

2. Редакторлық талдау және оның обьектісі туралы зерттеулер, ғылыми тұрғыдан бағалау.

Ұсынылатын әдебиеттер:


  1. Накорякова К.М. Литературное редактирование материалов массовой ниформаций. М., 1994.

  2. Сихорский Н.М. Теория и практика редактирования. М., 1972.

  3. Лазутина Г. В. Основы творческой деятельности журналиста. М., 2001.

  4. Справочная книга редактора и корректора. М., 1985.


11-семинар

тақырыбы: Редактордың әдеби еңбегінің ерекшелігі және редактор мен автор арасындағы шығармашылық процесс
Сабақтың мақсаты: Редактордың әдеби еңбегінің ерекшелігі және редактор мен автор арасындағы шығармашылық процесс туралы студенттердің білім деңгейлерін саралап, бағалау.

Семинар мазмұны:

  1. Оқып-түзету редакторлық қызметтің ажырамас міндеттерінің бірі.

  2. Әдеби редакциялаудың дәстүрлі әдіс-тәсілдері.

Бақылау сұрақтары:

  1. Қысқартып-түзету деген не?

  2. Өңдеп-түзету қалай орындалады?

  3. Журналист алынатын ақпараттың дұрыстығын тексерудің кезеңдері.

Әдістемелік нұсқаулықтар:

1. Редактордың әдеби еңбегінің ерекшелігі туралы бүгінгі күнгі жаңаша көзқарастар мен тұжырымдар.

2. Журналистикадағы редактор мен автор арасындағы шығармашылық процесстегі дәстүр жалғастығы және тың жаңашылдық үлгілердің тууы.

Ұсынылатын әдебиеттер:


  1. Лазутина Г. В. Основы творческой деятельности журналиста. М., 2001.

  2. Справочная книга редактора и корректора. М., 1985.


12-семинар

тақырыбы: Редактор және мазмұн мен пішіннің бірлік мәселесі
Сабақтың мақсаты: Редактор және мазмұн мен пішіннің бірлік мәселесі туралы студенттердің білім деңгейлерін саралап, бағалау.

Семинар мазмұны:

  1. Редактордың ұйымдастырушылық қызмет-міндеттері.

  2. Азаматтар мен ұйымдар туралы жалған мәліметтерді таратудағы жауапкершілік.

Бақылау сұрақтары:

  1. Оқып отырып түзету деген не?

  2. Ақпараттың дұрыстығын тексеру.

Әдістемелік нұсқаулықтар:

1. Редактордың ұйымдастырушылық қызметі туралы дәстүр жалғастығы және тың жаңашылдық үлгілердің тууы.

2. Ақпараттың дұрыстығын тексеру туралы ой-пікірлерді ғылыми тұрғыдан саралау.

Ұсынылатын әдебиеттер:


  1. Накорякова К.М. Литературное редактирование материалов массовой ниформаций. М., 1994.

  2. Сихорский Н.М. Теория и практика редактирования. М., 1972.


13-14 - семинарлар

тақырыбы: Телерадио бағдарламаларын дайындаудағы автор мен редактор қызметі
Сабақтың мақсаты: Телерадио бағдарламаларын дайындаудағы автор мен редактор қызметі туралы студенттердің білім деңгейлерін саралап, бағалау.

Семинар мазмұны:

  1. Теледидар немесе радиодағы автор қызметі.

  2. Телерадио бағдарлама дайындаудағы автор мен редактор қызметі.

Бақылау сұрақтары:

  1. Теледидар немесе радиодағы автор қызметінің баспа қызметінен айырмашылығы.

  2. Модератордың басты ережесі.

Әдістемелік нұсқаулықтар:

1. Телерадио бағдарлама дайындаудағы автор мен редактор қызметінің зерттелу тарихы.

2. Модератордың басты міндеті туралы зерттеп танудағы, жүйелеп оқудағы бүгінгі күнгі жаңаша көзқарастар мен тұжырымдар.

Ұсынылатын әдебиеттер:


  1. Накорякова К.М. Литературное редактирование материалов массовой ниформаций. М., 1994.

  2. Лазутина Г. В. Основы творческой деятельности журналиста. М., 2001.

  3. Справочная книга редактора и корректора. М., 1985.



15-семинар

тақырыбы: Телерадиобағдарламаларды редакциялау
Сабақтың мақсаты: Телерадиобағдарламаларды редакциялау туралы студенттердің білім деңгейлерін саралап, бағалау.

Семинар мазмұны:

  1. Телерадиожурналистиканың табиғи қасиеті.

  2. Телерадиобағдарламалар функциялары.

Бақылау сұрақтары:

  1. Телерадиобағдарламалар функциялары?

  2. Модератордың басты ережесі.

  3. Телебағдарламаларды редакциялау?

Әдістемелік нұсқаулықтар:

1. Телерадиобағдарламалар функциялары туралы бүгінгі күнгі жаңаша көзқарастар мен тұжырымдар.

2. Телерадиожурналистиканың табиғи қасиетіндегі дәстүр жалғастығы және тың жаңашылдық үлгілердің тууы.

Ұсынылатын әдебиеттер:


  1. Накорякова К.М. Литературное редактирование материалов массовой ниформаций. М., 1994.

  2. Сихорский Н.М. Теория и практика редактирования. М., 1972.

  3. Лазутина Г. В. Основы творческой деятельности журналиста. М., 2001.

  4. Справочная книга редактора и корректора. М., 1985.


16-семинар

тақырыбы: Аралық бақылау жұмысы
Сабақтың мақсаты: Аралық бақылау жұмыстарын орындату арқылы студенттердің білім деңгейлерін саралап, бағалау.

Семинар мазмұны:

  1. Өткен материалдарды қайталау.

  2. Тест сұрақтарымен жұмыс.

  3. Аралық тапсырмаларды бағалау.

Бақылау сұрақтары:

  1. Тест сұрақтарын алу және бағалау.

Әдістемелік нұсқаулықтар:

1. Өткен материалдарды тиянақтау, қорытынды сұрақтарға толық әрі нақты жауап беру, тест сұрақтарына жауап беру.



Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Накорякова К.М. Литературное редактирование материалов массовой ниформаций. М., 1994.

  2. Сихорский Н.М. Теория и практика редактирования. М., 1972.

  3. Лазутина Г. В. Основы творческой деятельности журналиста. М., 2001.

  4. Справочная книга редактора и корректора. М., 1985.



17-семинар

тақырыбы: Теледидар бағдарламасындағы әдеби сценарийді редакциялау ерекшеліктері
Сабақтың мақсаты: Теледидар бағдарламасындағы әдеби сценарийді редакциялау ерекшеліктері туралы студенттердің білім деңгейлерін саралап, бағалау.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет