6-дәріс тапсырмасы «Отбасы әлеуметтануы» эссе жұмысы



Дата07.02.2022
өлшемі340,3 Kb.
#86478
Байланысты:
Туленбаева молдир шетел филологиясы 1курс әлеуметтану 6 шы дарис эссе


6-дәріс тапсырмасы «Отбасы әлеуметтануы» эссе жұмысы


Отбасы – бірлесіп күн көретін, туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді қажеттіліктерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы.


Отбасы және неке әлеуметтануның адамның тіршілік әрекетінің формасы ретінде отбасының өмір сүруі, дамуы мен өзгеруінің ішкі және сыртқы факторларының жүйесін, сонымен қатар оның құрылымын және қоғамдағы әлеуметтік функцияларын қарастыруды қамтиды. Отбасы және неке әлеуметтануында әлеуметтік қатынас ретінде неке және осы қатынастың негізі болып саналатын әрі тарихи белгілі бір ұйымдасқан ерекшелікті әлеуметтік жүйе ретіндегі отбасы арасында қайсыбір айырмашылықтар қалыптасқан. Осыдан келіп, неке әдетте әйел мен еркектін арасындағы тарихи өзгеріске түсетін қатынастардың әлеуметтік формасы ретінде пайымдалады. Ал отбасын тарихи белгілі бір ұйымдықты меңгерген шағын әлеуметтік топ ретінде және бір мезетте ерекше әлеуметтік институт ретінде қарастыру анықталған.
Отбасындағы билікті бөлу, яғни билікке, лидерлікке ие болу және ондағы міндеттерді бөлу сипатына қарай отбасының екі типі сақталған. Оның біріншісі —дәстүрлі немесе авторитарлық отбасы. Дәстүрлі отбасында мынандай сипаттар тән:

  • Ер адам негізгі мәселелер бойынша шешім қабылдаушы болып саналады, оның қожайындығы басым;

    • әйелдің ер адамға экономикалық жағынан тәуелділігі;

    • отбасындағы міндеттерді бөліп, ер адамның және әйелдің міндеттерінің бекітілуі.

Отбасындағы билікті бөлуге орай қалыптасқан отбасының екінші түрі - згалитарлық немесе демократиялық отбасы. Бұл отбасында:

  • ұй шаруасына қатысты міндеттердің отбасы мүшелері арасында тең, әділ бөлінуі;

  • ерлі - зайыптылардың тұрмыстық мәселелер бойынша бірлесіп шешім қабылдауы;

  • демалыстарын бірге өткізуі, балалар тәрбиесіне бірдей қатысуы тән.



Отбасына деген әлеуметтік қажеттілік ең алдымен қоғамның халықты физикалық және рухани жағынан ұдайы өңдіру мұқтаждығынан туындаған. Отбасындағы көшбасшылық, оны анықтаудың өлшем-бірліктері, отбасының қоғам алдында атқаратын міндеттері, некеге отыру мен ажырасудың уәждері үлкен зерттеуді тудырып келе жатқан мәселелердің қатарына жатады.


Отбасы социологиясы - отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттейтін социологиядағы негізгі бағыттардың бірі. Негізгі мәселелері отбасылардың өз қызметін орындау сипатын, әр түрлі типтегі отбасылардың өмірін, ажырасу себептері мен салдарын және т.б зерттеу болып табылады. Отбасы сияқты әлеуметтік институттардың табысты қызмет өтуін тарихтың қозғаушы күшіне жатқызуға болады. Отбасының дүниеге келу сәті бізге белгісіз, бірақ оның пайда болуы отбасылық үй шаруасы, отбасының бірлескен әлеуметтік және өндірістік әрекеттері негізінде отбасын нығайтудағы әр түрлі қызметке байланысты.

Некенің маңызды принциптері бар. Олардың қатарына жар таңдау еркіндігі, сұйіспеншілік , өзара сыйластық жатады. Ал оның негiзгi белгiлерi:


а) некелiк немесе оның барлық мүшелерiнiң қандық туыстық байланысы;
б) бiр жердегi бiрге өмiр сүруi;
в) ортақ отбасылық бюджет (қазына).
Отбасы әлеуметтануы екі бағытта дамып келеді. Оның бірінші бағыты бойынша отбасының тарихы зерттеледі, екінші бағыт әлеуметтік институт ретіндегі қазіргі отбасының қалпын және шағын әлеуметтік топ ретіндегі жағдайын зерттейді .
Қорыта келе, қоғамның отбасына қатысты, отбасының тұлғаға қатысты және тұлғаның отбасына қатысты қызметтерін анықтауға болады. Осыған байланысты отбасының қызметін әлеуметтік (қоғамға қатысты) және жеке (тұлғаға қатысты) деп бөлуге болады. Отбасы қызметі отбасы институтындағы қоғам қажеттіліктері мен отбасы тобына жоятын жеке тұлғаның қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Отбасы қызметінің тарихы тереңде жатыр, қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайымен тығыз байланысты, сондықтан уақыт өте келе қызмет сипаты қалай өзгерсе, иерархия да солай өзгереді.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет