6. Дәрістер кешені Тақырып Банктердегі есептердің әдістері, мақсаттары. Сабақтың мақсаты


Коммерциялық банк қызметін реттеу әдістері



бет3/64
Дата07.02.2022
өлшемі0,61 Mb.
#96238
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Байланысты:
6 Лекция
Бухгалтер-аудитор, Бухгалтер-аудитор, 5081936802007 Қаржылық есеп У1Б 01.04.2020, 5081936802007 Қаржылық есеп У1Б 01.04.2020, 6 Лекция, 6 Лекция, 6 Лекция
1.3 Коммерциялық банк қызметін реттеу әдістері

Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу механизмінің тәртібі Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктердің қызметін ретеу және қадағалау бойынша нормативтік құқықтық актілермен анықталады.


1995 жыл жылы 31 тамызда қабылданған «Банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңының 41-бабына сәйкес, ҚР Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың мақсатында аталған банктердің қызметін реттеуді мынадай жолдармен жүзеге асырады:
● пруденциялық нормативтер белгілеу;
● банктердің орындауына міндетті нормативтік құқықтық актілер шығару;
● банктердің қызметін тексеру;
● банктің қаржылық жағдайын сауықтандыруға байланысты ұсыныстар беру;
● банктерге ықпал ететін шектеу шараларын қолдану;
● банктерге немесе олардың лауазымды тұлғаларына сакциялар беру.
Банк қызметін Ретеу шарларының ішіндегі ең маңыздысы пруденциялық нормативтер. 2002 жылы 3 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының № 213 қаулысымен бекітілген «Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциялық нормативтер туралы» ережеге сәйкес оларға мынлар жатады:

  1. жарғылық қордың ең төменгі мөлшері;

  2. меншікті қаражаттардың жеткілікті коэффициенті;

  3. бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері;

  4. өтімділік коэффициенті;

  5. ашық валюталық позиция лимиті;

  6. негзгі қорларға және басқа қаржылай емес активтерге жұмсалынған Банк инвестициясының ең жоғары мөлшерінің коэффициенті.

1.Банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері;
Бавнктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін Ұлттық банк Басқармасы бекітеді. Банк акционерлерден өзінің акцияларын номиналдық бағадан төменгі деңгейде ғана, сондай-ақ ондай сатып алу кез келген пруденциялық нормативтер мен орындауға міндетті басқа да нормалар және лимиттерді бұзбаған жағдайда ғана сатып ала алады.
2.Меншікті қаражаттардың жеткілікті коэффициенті.
Меншікті капитал (К)- бұл І деңгейлі капитал мен ІІ деңгейлі капитал (І деңгейлі капиталдан аспайтын мөлшерде қосындысынан банктің инвестицияларын шегеру арқылы есептеледі.
Банк инвестициясы-акцияның (жарғылық капиталда қатысу үлесі) және еншілес ұймдардың, сондай-ақ басқа заңды ұйымдардың субординирленген қарызына жұмсалымдар сомасы.
Екінші деңгейлі капитал мыналардан құрылады:

  • ағымдағы жылдағы табыстардан ағымдық жылдағы шығыстардың артық сомасы;

  • бағалы қағаздар мен негізгі құралдарды қайта бағалау мөлшері;

  • тәуекелді есепке алып өлшеген активтер сомасының 1,25 %-нан аспайтын сомадағы жалпы резервтер (провизиялар) мөлшері;

  • бірінші деңгейлі капитал сомасының 50%- нан аспайтын сомасдағы банктің субординарлық қарызы;

Банк активтері – пайда табу мақсатында банктік ресурстарды әр түрлі активтер бойынша орналастырылған қаражаттары болып табылады.
Банк активтерінің құрылымы баланстың актив жағында көрсетілген сапасына қарай бөлінген баптардың баланс нәтижесіне қтатынасын сипаттайды. Активтердің сапасы активтік операциялардың түрлендірілуіне, тәуекелді активтердің көлеміне, толық құны жоқ активтердің көлеміне және активтердің өзгеріске ұшырау белгілеріне қарай анықталады.
Активті операциялар көмегімен банктер өз қарамағындағы ресурстарды пайда табу үшін және де өздерінің өтемпаздығын қолдауды қамтамасыз ету үшін орналастырады. Оған келесілер жатады:

  • шаруашылық жүргізуші субъектілерге әр түрлі қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін қысқа, ортақ және ұзақ мерзімді несие беру;

  • халыққа тұтыну несиесін беру;

  • құнды қағаздар сатып алу үшін несие беру;

  • лизингтік операциялар;

  • факторингтік операцияларға несие беру;

  • басқа банктерге несие беру /банкаралық несие/.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет