6-тақырып. (2 сабақ) Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу



бет11/26
Дата11.03.2023
өлшемі369,5 Kb.
#171918
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26
Байланысты:
6-та ырып. (2 саба ) К сіпкерлік ызметті мемлекеттік реттеу (1)
Са , н, йсін, а лы тайпалары тарихыны зерттелуі. Т ркі а а
Тексеруді тағайындау туралы бір актінің негізінде бір ғана тексеру жүргізіледі.
Тексеруді тағайындау туралы акті тек бір ғана жеке кәсіпкерлік субъектісіне рәсімделеді.
Зерттеулер (сынақтар), сараптамалар жүргізу үшін өнімнің (сынамалардың) үлгілерін іріктеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі.
Тексерудің нәтижелері бойынша тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік органның лауазымды адамы екі данада тексеру нәтижелері туралы акті жасайды.
Тексеру нәтижелері туралы актіде:
1) актінің жасалған күні, уақыты және орны;
2) тексеруді жүргізген мемлекеттік органның атауы;
3) соның негізінде тексеру жүргізілген тексеруді тағайындау туралы актінің күні мен нөмірі;
4) тексеру жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы;
5) тексерілетін жеке кәсіпкерлік субъектісінің атауы немесе дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты, тексеруді жүргізу кезінде қатысқан заңды тұлға өкілінің немесе дара кәсіпкер өкілінің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы;
6) тексерудің жүргізілген күні, орны және кезеңі;
7) тексерудің нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар туралы, олардың сипаты туралы мәліметтер;
8) заңды тұлға немесе дара кәсіпкер өкілінің, сондай-ақ тексеруді жүргізу кезінде қатысқан адамның актімен танысуы туралы немесе танысудан бас тартуы туралы мәліметтер, олардың қолы немесе қол қоюдан бас тартуы туралы;
9) тексеруді жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолы көрсетіледі.
Тексерудің нәтижелері туралы актіге олар болған жағдайда өнімнің үлгілерін (сынамаларын) іріктеу, қоршаған орта объектілерін зерттеу туралы актілер, жүргізілген зерттеулердің (сынақтардың) және сараптамалардың хаттамалары (қорытындылары) және тексеру нәтижелерімен байланысты басқа да құжаттар немесе олардың көшірмелері қоса беріледі.
Тексерудің нәтижелері бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда, жеке кәсіпкерлік субъектісінің басшысы немесе дара кәсіпкер немесе олардың өкілдері оларды жазбаша түрде белгілейді.
Ескертулер және (немесе) қарсылықтар тексеру жүргізудің нәтижелері туралы актіге қоса беріледі, ол туралы тиісті белгі жасалады.
Жеке кәсіпкерлік субъектісінде түпнұсқа ретінде болатын құжаттардың көшірмелерін қоспағанда, қосымшаларының көшірмелері бар тексерудің нәтижелері туралы актінің бір данасы танысу және анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі шараларды және басқа да іс-қимылдарды қабылдау үшін жеке кәсіпкерлік субъектісінің басшысына немесе дара кәсіпкерге немесе олардың өкілдеріне тапсырылады.
Тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша жеке кәсіпкерлік субъектісі үш күндік мерзімде қарсылықтар болмағанда тексеруді жүргізген мемлекеттік органның басшысымен келісілген мерзімдерді көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде қабылданатын шаралар туралы ақпарат беруге міндетті.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің келушілер мен тексерулерді есепке алу кітабын жүргізуге құқығы бар. Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары жеке кәсіпкерлік субъектілерінің келушілер мен тексерулерді есепке алу кітабында тегін, лауазымдарын және актіде баяндалған деректерді көрсете отырып, жүргізілген іс-қимылдар туралы жазба жасауға міндетті.
Тексерулер жүргізуге байланысты мынадай:
1) азаматтық-құқықтық қатынастардан туындайтын міндеттемелерді орындау жөніндегі;
2) жедел-іздестіру іс-шаралары, анықтау, алдын ала тергеу, прокурорлық қадағалау және атқарушылық іс жүргізу шеңберінде;
3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезіндегі;
4) жеке кәсіпкерлік субъектісінің бастамасы бойынша;
5) Қазақстан Республикасының салық, кеден және қаржы заңнамасын сақтау жөніндегі;
6) білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау жөніндегі қатынастарға қолданылмайды.
Өнімнің адамдар өмірі мен денсаулығына қауіпсіздігі және мүлікті сақтау саласындағы бақылау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тексеруді тағайындау туралы актісіз жүзеге асырылады.
Жеке кәсіпкерлік субъектісіне бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның қызметкерлерін бекіту жеке кәсіпкерлік субъектісіне бірінші барған кезде табыс етілетін жазбаша хабарламаның негізінде жүргізіледі.
Түпнұсқалық бухгалтерлік және өзге де құжаттарды алып қоюға және алуға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда жол беріледі.
Тексеру жүргізілген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық болмаған жағдайда актіге тексеру нәтижелері жөнінде тиісті жазба жасалады.
Тексерілетін жеке кәсіпкерлік субъектісіне тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген тексеруді аяқтау мерзімінен кешіктірілмей тексеру нәтижелері туралы актінің тапсырылған күні тексеру мерзімінің аяқталуы деп есептеледі.
Иесі бүркемеленген өтініштер жоспардан тыс тексеру жүргізуге негіз бола алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет