6-тақырып. (2 сабақ) Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу



бет5/26
Дата11.03.2023
өлшемі369,5 Kb.
#171918
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
6-та ырып. (2 саба ) К сіпкерлік ызметті мемлекеттік реттеу (1)
Са , н, йсін, а лы тайпалары тарихыны зерттелуі. Т ркі а а
Кадастырлық әдіс. Бұл жағдайда салықты есептеу мен алу, салық салу обьектілерінің нақты табыстылығын есепке алмай табыстық (жер салығы, мүлік салығы) нормасын көрсете отырып, олардың тізімдемесі негізінде жүзеге асырылады. Мағлұмдамада салық төлеушілер табыстың көлемін, қажетті жеңілдіктерді, шегерімдерді көрсетеді және салық сомасын есептеп төлейді. Олар салықтардың түрлері бойынша салық мағлұмдамасын есепті салық кезеңіне сәйкес тапсырып отырады. Мәселен, корпороциялық табыс салығын, жеке табыс салығын, көлік құралдарына салынатын салықты және жер салығын төлеушілер салық органына олар бойынша мағлұмдаманы есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31- ші наурызына дейін береді.
Жеке табыс салығы бойынша мағлұмдаманы мынадай салық төлеушілер:

  • Төлем көзінен салық салынбайтын табыстары барлар;

  • Тұрғын үй салу мен осындай құрылыс материалдарын сатып алуды қоспағанда жылында 2000 айлық есептік көрсеткіштен жоғары сомасы бір жолғы ірі сатып алуды іске асырғандар;

  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден табыстар алатын жеке тұлғалар;

  • Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі шетел банктеріндегі шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар;

  • Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамалық актілеріне сәйкес мағлұмдама беру жөнінде міндеттеме жүктелген адамдар;

  • Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялар табыс етеді. Салық төлеушіден салық мағлұмдамасын табыс етудің белгіленген мерзіміне дейін жазбаша өтініш алған жағдайда уәкілетті мемлекеттік орган салық мағлұмдамасын табыс ету мерзімін екі айдан аспайтын мерзімге ұзарту салық төлеу мерзімін ұзартпайды. Үшінші әдіс бойынша салық төлеуші жұмыс істейтін ұйымның, мекеменің бухгалтериясы одан салықты табыс алынған жерде есептеп, ұстайды.

Төртінші әдіспен салық кәсіпкерлік қызметтің сан алуан түрлеріне берілетін патент негізінде төленеді. Патент-арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын және салық сомасының бюджетке төленгендігін растайтын құжат.
Салық есебінің екі әдісі қолданылады:

  1. кассалық;

  2. есептеу әдісі;

Кассалық әдіске сәйкес табыстар мен шегерімдер жұмысты орындау, қызмет көрсету, мүлікті жөнелту мен кірістеу және ол бойынша жасалынған ақы төлеу мезетінен бастап есепке алынады.
Есептеу әдісі бойынша табыстар мен шегерімдер ақы төлеудің уақытына қарамастан жұмысты орындау, қызмет көрсету, тауарларды өткізу және кіріске алу мақсаты мен тиеп жіберу мезетінен бастап еске алынады. Бұл әдіс салық қызметтері үшін қолайлы.
Қазақстан Республикасының салық жүйесі салықтардың, алымдардың және баждардың түрлерін, салық қатынастарын реттейтін құқықтық нормаларды және салық қызметі органдарын қамтиды.
Қазақстан Республикасындағы салықтардың, салық сипатындағы алымдардың тізбесі мыналарды қамтиы:
Салықтар:

  1. Корпорациялық табыс салығы.

  2. Жеке табыс салығы.

  3. Қосылған құнға салынатын салық.

  4. Акциздер.

  5. Жер қойнауынан пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері.

  6. Әлеуметтік салық.

  7. Жер салығы.

  8. Көлік құралдарына салынатын салық.

  9. Мүлікке салынатын салық



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет