61. Организм функцияларының нерв арқылы реттелуі. Соматикалық және вегетативті функциялар туралы түсінік және олардың реттелуі


Шартты рефлекстік тежелуінің қызметі. Шартты тежелу түрлері



бет25/31
Дата10.05.2020
өлшемі90,11 Kb.
#66870
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31
Байланысты:
61-90

85. Шартты рефлекстік тежелуінің қызметі. Шартты тежелу түрлері.

Шартты рефлекстер – жеке тіршілік кезінде қалыптасатын жүйке жүйесінің даралық әсерленісі. Ол лайықты қабылдағыш аппараты арқылы, кез келген сигналдық тітіркендірудің әсеріне жауап ретінде, тұрақсыз және өзгергіш рефлекстік жолмен жүзеге асырылады.

Шартты рефлекстер әр уақытта өзгеріп отырады және олар тежелуге де ұшырайды. Туа біткен (сыртқы немесе шартсыз) тежелу және жүре пайда болған (ішкі немесе шартты) тежелу деп ажыратылады.

Шартсыз тежелу – жүйке жүйесінің туа біткен қасиеті. Ол сыртқы бөтен тітіркендіру әсер еткенде бірден пайда болады, себебі әртүрлі жаңа тітіркендіргіш бағдарлау рефлексін тудырады. Сондықтан қалыптасқан шартты рефлекс кенеттен әлсірейді немесе басылып қалады. Шартсыз тежелудің екі түрі бар: сыртқы және шектен тыс тежелу.

Сыртқы тежелу – қалыптасқан шартты рефлекс кезінде қандай да болсын бір бөтен тітіркендіру әсер еткенде, осы рефлекстің кенеттен әлсіреуі немесе жойылуы. Мысалы, жүріп жатқан шартты рефлекс кезінде бөтен тітіркендіргіш (жарық, қоңырау дыбысы) қосылса, ол бағдарлау әсерленісін тудырады да, шартты рефлекс тоқталады. Осындай орта жағдайының өзгерісінен пайда болатын реакция И.П.Павловтың пікірінше, «Бұл не?» деген рефлекс. Сыртқы тежелудің механизмі: сыртқы ортаның бөтен сигналы ми қыртысында жаңа қозу ошағын тудырады да, жүріп жатқан шартты рефлексті басады (доминантық принципі бойынша). Тежелу сыртқы деп аталатын себебі – жаңа қозу ошағы қалыптасқан шартты рефлекстің доғасынан тыс орналасады.

Сыртқы тежелудің маңызы: сыртқы және ішкі орта өзгерістеріне организмнің жедел бейімделуін қамтамасыз етеді және қажет болса, жағдайға байланысты басқа әрекет жасауға мүмкіндік тудырады.

Шектен тыс тежелу – сырттан төтенше күшті сигнал әсер еткенде пайда болады. Бұл тежелу қорғаныштық роль атқарады, ми қыртысы нейрондарын шектен тыс қозудан сақтандырады. Өйткені ми қыртысы нейрондарының белгілі бір деңгейге дейін жұмыскерлік қабілеті бар. Егер сыртқы тітіркендіру шектен тыс жоғары болса, қалыптасқан шартты рефлекс жойылап кетеді. Шартты тежелу – жүйке жүйесінде жүре пайда болады және оны шартты рефлекс сияқты қалыптастыру керек. Бұл тежелуді кейде ішкі тежелу деп атайды, себебі ол жасалған шартты рефлекстің доғасы аймағында (ішінде) орналасады.

Шартты тежелудің негізгі төрт түрлері ажыратылады – өшіретін, кешіктіретін, ажырататын және шартты тежегіш.



    1. Өшіретін тежелу - шартты сигналды, шартсыз тітіркендірумен ұштастыру тоқталып, қайталағанда пайда болады. Яғни бұрынғы қалыптасқан шартты рефлекс әлсірейді, кейін қолданған сигнал бірнеше рет нықталмаса ол тіпті өшеді. Біраздан кейін шартты сигнал әсер ету кезінде ол шартсыз тітіркендірумен нығайтылса, өшкен шартты рефлекс қайтадан қалпына келеді. Бұл құбылысты тежелуден босау деп атайды. Өшіретін тежелудің маңызы – бейімділігі жойылған қажетсіз шартты рефлекстерді өшіру. Сөйтіп, организм тіршілігінің жаңа жағдайларына басқаша бейімделу әсерленістері қалыптасады, жаңа шартты рефлекстер пайда болады.

    2. Кешіктіретін тежелу - шартты сигналдың әсерін шартсыз тітіркендірумен ұштастыру (немесе нығайту) уақыты кешіккенде (1-3 мин) пайда болады. Бұл тәжірибені бірнеше рет қайталағанда шартты рефлекстің байқалуы, нығайту уақытына біртіндеп ығысады да, дер кезінде іске қосылады.

    3. Ажырататын тежелу – шартты рефлексті тудыратын сигналға оған жақын (немесе ұқсас) бөтен тітіркендірумен әсер етіп, бірақ ол шартсыз тітіркендіргішпен ұштастырылмаған (бекітілмеген) жағдайда пайда болады. Бастапқы кезде үйреншікті шартты сигналдан басқа, оған ұқсас немесе көптеген біррайлы тітіркендірулерге де шартты рефлекс пайда болады (бұл шартты рефлекстің жалпылама сатысы). Ал, егер тек шартты тітіркендіргіш ғана бекітіліп, басқалары елеусіз қалса, біраз уақыттан кейін ұқсас тітіркендіргіштерге рефлекс өшеді (шартты рефлекстің мамандалыс сатысы). Бұл тіршілік ортасындағы заттар мен құбылыстардың қасиеттерін, ұқсастығын жете ажыратуға мүмкіндік береді.

    4. Шартты тежегіш – шартты рефлекс қалыптастыратын шартты сигналға (жарық) басқа тітіркендіргішті (қоңырау дыбысы) қосып, бірақ бұл қиыстыру (жарық + қоңырау) бекітілмесе пайда болады. Мысалы, шартты сигнал «жарық» тамақ берумен бектіледі, ал «жарық+қоңырау» комбинациясы бекітілмейді. Осыдан кейін «қоңырау» кез келген шартты рефлекстің шартты тежегіші болады.

Сөйтіп шартты (ішкі) тежелу түрлері организмнің бейімделу әрекетін реттеп отырады. Егер шартты тежелу қалыптаспаса, организмде табиғи қажетсіз, қолайсыз әсерленістер көп болар еді. Шартты тежелу өте нәзік төзімсіз болады, сондықтан әртүрлі аурулар, қажу, зорлану бұл тежелуді әлсіретеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет