Қ65 д м г ш м л а у ш й л р р іж т щ І > — ііч іг п Ж. Қоңыратбаева тіл білімі



Pdf көрінісі
бет7/50
Дата06.02.2023
өлшемі17,16 Mb.
#167653
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   50
Байланысты:
b1938
-9786012473209
қогамдыц дифференциациялануы
деп атала- 
ды. Оның негізгілері:
1. 
Әлеуметтік дифференция әдеттегі кэсіби сөздерді
терминдерді, жаргондарды береді. Яғни тілде адамдардың 
элеуметтік топтарына, мамандығына, шаруашылық кэсібіне байла- 
нысты жіктелулер бар. Терминдер, арнайы сөздер белгілі бір сала 
бойынша қолданылады. Оларды әдетте гылыми терминдер, өнер 
терминдері жэне спорттық терминдер деп бөледі. Кэсіби сөздер 
элеуметтік диалект деген атаумен де белгілі. Олар адамдардың
өлкенің шаруашылык кэсібіне байланысты, соған тэн сөздер. Мы- 
салы балық, егін, бақша өнімдері, мал шаруашылығы, құсбегілік, 
аншылық немесе өндірістік аймақтардың сол шаруашылыққа 
байланысты ғана қолданылатын сөздері жатады. Ал жаргондар 
адамдардың әлеуметтік топтарына байланысты қолданылатын 
сөздер, бул мағынасында эскерилердің жаргоны, студенттік жаргон,
қылмыскерлердің жаргоны, компьютерлік жаргон деген ыңғаимен 
қолданыла береді, бул ачызекі тілде молынан ұшырасады, эдеби 
тілге енбейді. Жасөспірімдердің тіліндегі сөйлеу ерекшеліктері 
сленг деп аталады. Бұлар тілдік «модаға, сәнге» байланысты өзгеріп 
отырады. Лингвистикада булардың бэрін жинақтап, элеуметтік 
дифференция бойынша сөздердің түрлерін 
социолект
деп атайды.
Бұл атаулар эдеби тілге енбейтіні бол маса, жағымсыз мағынада 
қолданылмайды. Шындығында, қазіргі эдеби тілде бір кездегі жар- 
гондар сөздің ауыспалы магынасы немесе, лексико-семантикалық 
варианты, тұрақты сөз тіркесі түрінде молынан үшырасады.
2. 
Территориялық 
(аймақгық) дифференция тілдегі 
диалектілерді, говорларды тілдің варианттарын береді. Мысалы, 
ағылшын тілінің диалектілерімен қатар, америкалық, австралиялық,
британиялық,жаңазеландиялық,оңтүстікафрикалык, канадалықдеп
аталатын нүсқалары бар. Ал диалектілер — жергілікті аймақтардың 
тілдік ерекшеліктері. Ол фонетикалық (сөздің айтылуындағы
21


дыбыстық айырмалар), лексикалық (сол аймақта ғана қолданылатын 
сөздер) жэне грамматикалық (аймақтар бойынша сөз тұлғаларының 
айырмасы) диалектілер болып бөлінеді. Говорлар, сөйленістер — 
аймақтың ішіндеғі сөйлеу ерешелігі бар шағын аудандар. Картаға 
түсіргенде диалект аймақтарының шекарасын изогластар бөліп 
түрады. Бүл - диалектология ғылымының зерттеу нысаны. Кейде 
диалект мен тілдердің айырмасын белгілеу йИын болады: бір тілдің 
екі диалектісі бір-бірін түсінбеуі де мүмкін, керісінше екі басқа 
тілде сөйлеушілер толық түсініседі. Бүл жағдайларда халықтың тілі
деген түсінікке ғана қарайды.
Тіл өзініңбағытгалуы бойынша монологті, диалогті, полилогті 
түрлерде жарық көреді. Монологті тіл кейінгі деп есептеледі. Себебі, 
тіл қарым-қатынас қажеттілігінен пайда болған.
Тіл жэне қоғам мәселелеріне тілдің мәртебелері, қолданылу 
аясы, мемлекеттік жэне ресми тіл, халықаралық қагынас тілі стату- 
стары, тіпді дамыту мәселелері де жатады. Қазір әлемде шамамен 
6000-ға жуық тірі тіл бар деп есептеледі. Олардың 70 пайызының 
жазба тілі жоқ жэне жойылып кетудің алдында түр.
Тіл және сөйлеу
Тіл қызметіндегі қүбылыстардың барлық жиынтығындағы 
тілге лайықты саланы анықтау үшін сөйлеу қарым-қатынасының 
жеке эрекетін зерттеу қажет. Толық қарым-қатынас жағдайы болу 
үшін, мүндай әрекетке екі адамның қатысуы керек. Бір-бірімен 
сөйлесіп түрған екі адамды: А-ны жэне В-ны көреміз.
Сөйлеу 
қарым-қатынасы 
әрекетінің 
бастапқы 
нүктесі 
сөйлеушінің біреуінің, мысалы, А-ның миында орналасады, 
мүнда сана қүбылыстары, үғымдарды жеткізіп түратын тілдік 
таңбалардың түсініктерімен немесе акустикалық бейнелерімен 
ассоциация қүрайды. Мысалы: белгілі бір үғым мида өзіне сай 
акустикалық бейне туғызады - бүл таза психикалық қүбылыс, одан 
соң физиологиялық үдеріс басталады: ми сөйлеу мүшелеріне бейне- 
ге сэйкес келетін импульс жібереді, кейін дыбыс толқындары А-ның 
аузынан В-ның қүлағына жетеді. Бүл - таза физикалық үдеріс. Әрі 
қарай қарым-қатынас үдерісі В-да жалғасады, бірақ ол кері бағытта 
жүреді: қүлақтан миға қарай жүреді. Яғни, В-ның миынан А-ның 
миына қарай сөйлеу аталған фазалардан өтеді.
22


Жоғарыда көрсетілген сөйлеу эрекетін мынадай бөліктерге 
бөлшектеуге болады:
а) сыртқы бөлік (ауыздан құлаққа баратын дыбыстардың 
тербелісі) жэне басқалардың бэрін қамтитын ішкі бөлік;
э) 
психикалық жэне психикалық емес бөл ік, бұлардың екіншісі 
сөйлеу мүшелерінде өтіп жаткан физиологиялық қүбыльгстарды 
жэне адамнан тыс болатын физикалық қүбылыстарды қамтиды;
б) актив жэне пассив бөлік: сөйлеушінің ассоциация туғызатын 
орталығынан тындаушының қүлағына жететіннің барлығы - ак- 
тив, ал тыңдаушының құлағынан оның ассоциация туғызушы 
орталығына баратындардың барлығы пассив болады.
Сонымен, тіл мен сөйлеу деген үғымдар бірлікте, бірақ бір 
қүбылыс емес. Сөйдеу дегеніміз, психологтардың тілімен айтқанда, 
эрекет. Ал әрекетдегеніміз-белгілі бір нэтижегежету үшін,бағыты, 
мақсаты бірлігі арқылы топтасқан процестердің күрделі жиынтыгы. 
Сөйлеу тілдік материалдар арқылы іске асады. Ол белгілі бір нормага 
багынады. Сөйлеу әрекеті сөйлеу мүшелерінің артикуляциялары 
арқылы пайда болып, ауа толқыны арқылы қүлаққа естіледі. Сөйлеу 
эрекеті сөйлеу, есту, үғыну деген үш бөлімнен түрады. Бүлар өзара 
үқсамайтын үш бөлек дүние. Мысалы, сөйлеуші ми орталығынан 
хабар алады да, сөйлеу мүшелерін қозғалысқа келтіреді, артик>'- 
ляция жасайды. Соның нәтижесінде дыбыс пайда болады, ол ауа 
толқыны арқылы тыңдаушының қүлағына жетеді. Тыңдаушы есту 
мүшелерінің тітіркенуі арқылы сезінгенін есту талшыктарымен ми 
орталығына жеткізеді.
Біз тіл дегеннен ондағы бүкіл дыбыстардың, сөздердің, 
грамматикалық формалардың жиынтығын түсінсек, сойлеу деген- 
нен сол тілдік элементтердің өзара қатынасқа келуін, яғни тілдің 
кимыл үстіндегі күйін түсінеміз. Бүл жағынан алғанда, тіл сөйлеуге 
қажетті материапдардың жиынтығы болып саналады. Тілді Ф.де 
Соссюр акустикалық бейненің қоймасы деп атайды. Ал сөйлеу - сол 
қоймадағы материалдардың жанданып іске қосылуы, адамдардың 
қатынас айналымына түсуі.
Тіл мен сөйлеудің арақатысын айтқанда мына нэрсені 
ескеруіміз қажет: 
тілде бар нәрсенің бэрі сөйлеуде бола беруі 
мүмкін, бірақ сөйлеуде болғанның бәрі тілде бола бермейді. Сөйлеу
23


кезінде сөздер кейде тілде қалыптасқан, үиреншікті мағынасында 
қолданылмай, тек контекст арқылы гана түсінуге болатын конно- 
тацияда келе береді. Мысалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   50




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет